А. Т. Аширова поәк эксперименттік білім беру бағдарламасы мен Элективті пәндер каталогінің негізінде әзірленді



бет22/77
Дата23.05.2023
өлшемі275,1 Kb.
#177485
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   77
Байланысты:
Кешен каз.т.әдебиет Информатика каз.болими

Дәріс – 8
Тақырып 8. Азаматтық қарым- қатынастарды реттейтін құжаттар: Қолхат, сенімхат құрылымы, ерекшелігі


Лекцияның мақсаты: Азаматтық қарым- қатынастарды реттейтін құжаттар: Қолхат, сенімхат жазуды үйрену, сұрақтарға жауап беру.


Негізгі сұрақтар:
1. Қолхаттың негізгі құрылымдық ерекшелігі қандай?
2. Сенімхаттың өзге азаматтық қарым-қатынас құжаттарынан айырмашылығы неде?


ҚОЛХАТ
Құжат үлгісі мынадай түрде болады:

  • құжат атауы – ҚОЛХАТ;

  • мәтін;

  • мерзімі;

  • қолы;

  • мөрі.

Құжат мәтінінде қолхат берушінің қызметі (қажет жағдайда), аты-жөні, алған ақшаның мөлшері немесе басқа құнды дүниенің кімнен алынғаны (аты-жөні) толық көрсетіледі.
Қолхатта ақша көлемі алдымен санмен, сосын сөзбен жазылып көрсетіледі. Егер мәтінде қандай да бір жөндеулер, өңдеулер, өшірулер кездессе, құжат күшін жояды. Мәтін мен қойылған қолдың арасындағы бос кеңістік сызықпен толтырылады. Қолхат бір дана түрінде толтырылады және ақша түріндегі құжатпен бірдей дәрежеде сақталады.
Кейде қолхатта қатысушы куәлер көрсетіледі. Ол жағдайда куәлер қолхатқа өз қолдарын қойып растайды.
Ақшаны немесе құнды дүниені қайтарған жағдайда қолхат жойылады.

1. Қолхаттың негізгі құрылымдық ерекшелігі қандай?


2. Мазмұны мен құрылымдық жағынан қолхат қандай құжатқа ұқсас келеді?
3. Қолхатта ақша көлемі қалай көрсетіледі?
4. Құжат қандай себепті жағдайларда күшін жояды?
5. Қолхат неше дана етіп толтырылады?


СЕНІМХАТ
Сенімхат сенім көрсетілген адамға сенім білдірушінің үшінші адам алдында сенім тапсыру құжаты болып табылады.

СЕНІМХАТ екі түрде болады:



  • арнайы, мекемеден берілген;

  • жеке, азаматтан берілген.

Арнайы сенімхаттар мекеме қызметкеріне қандай да бір келісімді аяқтауға, ақша алуға, құндылықты қажетті заттарды өз атынан алуға беріледі.

Мұндай СЕНІМХАТТЫҢ мынадай деректемелері болуы тиіс:



  • мекеменің аты;

  • мекеме туралы анықтамалық мәлімет;

  • құжаттың аты;

  • құжаттың уақыты, күні;

  • құжаттың тіркеу нөмірі;

  • құжаттың мәтіні;

  • қызметкерлердің қолдары;

  • мекеменің мөрі.

СЕНІМХАТТЫҢ мәтінінде келесі мәліметтер болуы тиіс:



  • сенім берілген адамның қызметі, паспортының мәліметі;

  • сенімхат бойынша іс атқарылатын мекеме;

  • іс-әрекеттің түрі;

  • сенім алған адамның қолының үлгісі;

  • сенімхаттың уақытының мерзімі.

Сенімхат мекемнің бланкісінде жазылуы мүмкін.
Егер, сенімхат көрсетілген іс-әрекет ақшаға және материалдық құндылықтарға қажетті болса онда оған мекеме басшысы және бас есепші қол қояды. Көп жағдайда сенімхаттың типтік бланкілері қолданылады.
Жеке сенімхаттар жеке азаматтан айлығын, еңбек кітапшасына байланысты әртүрлі өнімдерін, зейнетақысын, жәрдемақысын, стипендиясын, банкідегі ақшасын (салымын), ақшалай және салымды алмасуларын алуға берілетін сенімі.
Аударылған сенімхаттарға нотариалдық куәландыру міндетті емес. Олар сенім берушінің жұмыс істейтін немесе оқитын жерінен куәландыруы мүмкін, тұратын тұрғылық мекен-жай мекемесінен және өзі емделіп жатқан әкімшілдік-стационарлық емдеу орталығынан беріледі.

Жеке СЕНІМХАТ келесі деректемелерден тұрады:



  • құжаттың аты;

  • құжаттың мерзімі (уақыты, күні);

  • мәтін (сенім білдірушінің сенімді адамы және іс-әрекет мерзімі көрсетіледі);

  • сенім білдірушінің қолы;

  • сенім білдірушінің жұмыс істейтін мекемесінің, тұрғылықты мекен-жай ұйымының (өзі тұратын), немесе оқитын жерінің мөрі.

Сенімхаттар өзінде көрсетілген мерзімдегі іс-әрекетке беріледі. Егер, сенімхатта мерзімі (қанша уақытқа берілгендігі) көрсетілмесе онда берілген уақыттан бастап 3 (үш) жылға жарамды болады.
Сенімхат егер, берілген мерзімі, уақыты көрсетілмесе жарамсыз болып саналады.
Сенім білдірушінің тілегімен сенімхат нотариалды куәландырылуы мүмкін. Нотариалдық түрдегі сенімхаттар екі жақтың келісімімен жасалынады.
Сенім білдірілген адамға жүктелетін өкілеттілік мейлінше дәл, өте нақты, қатесіз сауатты баяндалуға тиіс.

1. Сенімхаттың өзге азаматтық қарым-қатынас құжаттарынан айырмашылығы неде?


2. Сенімхаттың неше түрі бар?
3. Арнайы сенімхат қандай жағдайларда беріледі?
4. Құжат мәтінінде қандай мәліметтер болуы тиіс?
5. Сенімхаттар қанша мерзімге беріледі?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет