А. Т. Аязбаева имидж технологиясы монография


І ТАРАУ. ЗАМАНАУИ АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМДА



Pdf көрінісі
бет3/15
Дата09.12.2023
өлшемі1,43 Mb.
#196114
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
І ТАРАУ. ЗАМАНАУИ АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМДА 
ҚАЛЫПТАСАТЫН ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ИМИДЖДІК МОДЕЛЬ
1.1 
ҒАЛАМДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМ ИМИДЖІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ 
Қазіргі кездегі мемлекеттердің басым беталысы өркениетті қоғамның 
материалдық игіліктердің автоматты өндірісіне көшуіне және оларды 
пайдаланудың күннен-күнге өсуіне тығыз байланысты. Бұл мәселеге батыс 
әлемінің жаңа «тәңіріне» айналған «тұтыну қоғамының тұжырымдамасында» 
түсінік берілген. Нарықтың тауарлар мен қызмет көрсету түрлеріне бай болуы 
адамды тоқмейілсітеді, нарықтың әлеуметтік субъектісінің негізгі функциясы 
тек тұтына беру бола бастайды. Егер ол тұтынуды тоқтатса, құндылығы 
төмендеп, қызығушылығы азаяды. Тұтыну адамды пассивті, жансыз және 
сезімсіз хайуан етіп, тауарды өндіруші мен тұтынушы машинаға немесе сол 
машинаның бір тетігіне айналдыра бастайды.
Тұтынушы қоғам тұлғаны даралығынан айырылуға және оны жоюға 
жетелейді, жарнама мен тауар тұлғаны тұтынушыға айналдырады. Субъектіде 
күннен-күнге тұтынуға деген құштарлықтан басқа ынта қалмайды. Адам 
біртіндеп тауарлар мен қызметтердің әр түрін тұтынушыға айналады. 
Әлеуметтік жүйе одан басқа қасиеттерді талап етпейді. Тіпті саясат саласында 
биліктің өзі тауар ретінде ұсынылады. Ол бұл тауарды сатып алуы және 
тұтынуы қажет болды. Көптеген нұсқалар ішінен таңдау жасауда оның 
қателесуі де мүмкін еді, бірақ кінәлі тек өзі ғана болды.
Қоғам біртіндеп тығырыққа тірелді, өндіріс күші, тауар ағымы адамның
өмірін қысқарта бастады. Бұлар тек алкоголь, темекі және есірткі ғана емес, 
сонымен қатар қару-жарақтар, түрлі вирустар, өнеркәсіптік технологиялардың 
улы қалдықтары және т.б. еді. Осының нәтижесінде қоғам тауардан басқа еш 
нәрсені қажет етпейтін пассивті және жабырқаңқы, жан-жақтан жиналған 
қырық құрау әрі тоғышар тұрғындарға айналады. Бұндай қоғамның негізгі 
белгілері Джордж Оруэлл мен Олдос Хакслидің антиутопияларында жан-
жақты сипатталған болатын [2]. 
Э. Фроммның пікірінше, қазіргі кездегі батыс қоғамының басты белгісі 
адамдардың әлеуметтік жүйені басқара алу функциясынан айырылуы болып 
табылады [2]. Қоғамды басқару бұдан былай машиналар, компьютерлік 
жүйелер арқылы іске асады. Батыстың дамыған елдері тұрғындарының басым 
көпшілігі өткен ғасырдың соңғы жылдарында материалдық қажеттіліктерді 
қанағаттандыру сезімін толық деңгейде басынан өткерді. Алайда олар 
тұтынушыларға жасалған «жұмақтың» аңсаған қуаныш сезімін бермейтініне 
таңданыспен көз жеткізді.



Қазірге кезде қоғам бірнеше қағидаттарға сүйене отырып, өмір сүреді. 
Оның басты қағидасы қандай да бір нәрсе техникалық тұрғыдан мүмкін 
болмаса да, жасалуы керек деген ереже болып табылады. Егер теориялық және 
тәжірибелік тұрғыдан ядролық қару жасау керек болса, ол адамдардың өміріне 
туғызатын қауіпке қарамастан жасалынуы керек. Сондықтан үй шаруасындағы 
әйелдердің тұрмысын жеңілдетуге арналған тұрмыстық заттар ғана емес, бір 
сәтте жер бетінің күлін көкке ұшыратын ядролық қару да жасалатын болды.
Екінші қағида – техника және экономиканың өндірістік күшін барынша 
жоғарылату қажеттігі. Өндірістік күшті барынша жоғарылату талабы 
даралықтың барынша төмендету талабын туғызады, нәтижесінде субъект, адам, 
тұлға сандық бірлік ретінде ғана қарастырылатын болады. Мұндай бірліктерді 
бюрократтық ережелер басқарады, ол үшін адамдарды даралығынан айырып, 
оларды өздерін қандай да бір әлеуметтік топқа немесе корпорацияға жатқызуды 
үйрету керек. Тұтынушы қоғамның қатал құрылымына енбей қалған адамдар 
әлеуметтік байланыстардан шалғай кетіп, шетқақпай күй кешетін болады. 
Мұндай адамдардың бар-жоғы еленбей, мәнсіз өмір сүретін болады. Адамзат 
субъектісінің құндылығы тек төлемге қабілеттілігіне қарай, яғни қалталарының 
қалыңдығына қарай анықталады. Қазіргі заман талаптарына сай тұтынушы 
үздіксіз тұтына беруге дайын болуы керек. Ол үшін оны тек күн өткен сайын 
жаңа тауарларды сатып алуға ынталандыру ғана керек.
Өнеркәсіп тұтынушының сансыз тауарға ие болу ынтасына сүйенеді. Ол 
тауардың көнеру салдарын пайдалана отырып, ескісінің әлі талай қызмет етуі 
мүмкін болса да, тұтынушыны сол тауардың жаңасын сатып алуға 
мәжбүрлейді. Киімге, ұзақ мерзімді қоданыстағы тауарларға, тіпті азық-түлікке 
жаңа мода өзгерістерін енгізе отырып, психологиялық тұрғыдан оларды 
қажеттіліктен артық сатып алуға мәжбүрлейді.
Қазіргі кездегі социумның ерекшелігі еңбек операцияларын субъектінің 
ақыл-ой күшін жұмсау қажеттігін жоққа шығаратын деңгейге жеткізе отырып, 
бөлу және қарабайыр ету арқылы шығармашылық элементтерден үнемі айыру 
болып табылады. БАҚ өнімдерінің, тауарлар мен қызмет түрлерінің 
жарнамасының ықпал-әсері адамның психологиялық ахуалына зиянды әсер 
етеді. Адам оның ағымына, талаптарына бағына отырып, өндірістік жүйенің 
құрамдас бір бөлшегіне, қоғамдық механизмнің, өндіруші машинаның бір 
бөлігіне айналады. Ол адамды жалғыз мақсаты көп сатып алу және көп 
пайдалану болып табылатын мүлтіксіз тұтынушыға айналдырады. Бұл қоғам 
ешкімге қажеті жоқ заттарды өндіріп қана қоймай, ешкімге пайдасы жоқ 
адамдарды да туғызды. Адам баласы затқа айнала бастайды, сөйтіп адами 
құндылықтарынан айырыла бастайды. 
Адам өз барлық уақытын өзіне қызығушылық тудырмайтын істерге, өз 
көңілі толмайтын адамдарға жұмсайды, өзіне ұнамайтын істермен айналысады, 
егер ешқандай іспен айналыспаса, онда тек тұтынуды қажет етіп тұрады. Адам 
ешнәрсеге тырыспаса, іштей белсенділік танытпаса, онда ол жарнама 
индустриясы ұсынатын барлық ақпаратты, дүниені бойына жияды. 



Тек бір нәрсе ғана олардың іс-әрекетін шектейді, ол – төлем қабілеті; 
жарнама ұсынатын тауарлары мен жан-тән рақатын беретін қызметтер түрі 
соншалықты көп әрі қымбат, қол жетімді емес, бұл өз кезегінде олқылық 
сезімін тудырып, дамытады. Күндердің күнінде адам өзінің ұсынылған барлық 
молшылыққа ие бола алмайтынын түсінеді. Мүмкіндігінше өзінің бар ақшасын 
шығындаса да...
Индустриалды қоғамдағы адамның ішкі пассивтігі – бүгінгі күні көп 
байқалып жүрген патологиялық белгі. Ол барлығын өзіне жияды, 
тоғышарлығын баса алмайтын жағдайға тап болады, өз бетімен ынталанып, өзі 
бастама көтермейді, тіпті дайын «асты» өздігінен шайнағысы да келмейді. 
Аталарынан мұра болып қалған дүниені еселеп, оған ие болғанның орнына 
қаражат жинап, оны шашуын тоқтатпайды. Оған жүйелі түрде бірнәрсе 
жетіспей тұрады, мұны тойымсыздық десе де болады, мұның сарыуайымнан еш 
айырмашылығы жоқ.
Адамның ішкі пассивтігі – кешенді сырқаттың тек бір ғана белгісі, оны 
«жатырқау синдромы» деп атауға да болады.
Ұсынылатын тауарлар мен қызмет түрлерінің пассивті тұтынушысы 
болған адам өзін сыртқы ортамен арақатынаста белсенді сезіне алмайды. Ол 
социумда үстем мәртебеге ие жағдайларға бағынуға мәжбүр, олардың 
басымдығы әлсіздік, жалғыздық және үрей сезімін тудырады.
Заманауи техногенді өркениеттің тарапынан адам баласына жасалатын 
кері әсерлердің ішінен тағы екі факторды атап өтуге болады: өзіңмен-өзің қалу 
мүмкіндігінің іске аспайтындығы, сонымен қатар сырлы сұхбаттың, адами, 
жақын қарым-қатынастың жоғалуы. Өз-өзіңмен болу мүмкіндігі, өзіңнің ішкі 
жан дүниеңмен сырласа алу, тіпті кейде ішкі әлеміңмен болу тұлғаның 
нәтижелі өсуінің маңызды шарттарының бірі болып табылады. Өз-өзіңмен 
жалғыз қалу адам ойларының жинақталып, қазіргі өркениетті ортаның үздіксіз 
«шуылынан» оқшаулануына, өзінің жеке «әлеміне», рухани күйіне, сырларына 
жүрек қалауынсыз өзгелердің енуінен сақтануға мүмкіндік береді. 
Бүгінгі күнгі қоғамның басты саяси ерекшелігі – бұқара халықты 
басқаруды мейілінше күшейтуде. Солай бола тұра, бұл басқару тікелей емес, 
жанама болып келеді, яғни басқару бұқара өкілінің санасы мен соқыр сезіміне, 
қажеттіліктеріне, көзқарасына, әдеттеріне, талғамына әсер ету арқылы іске 
асады. Барлық жағдаяттардан үнемі хабардар БАҚ, арнайы технологиялар мен 
компьютерлік техника әлеуметтік байланыстар жүйесінде онсыз да үстемдік 
құрып жүрген дәулетті таптарды алдын-ала ізделінген және болжанатын 
нәтижелермен қамтамасыз етеді. 
Мегаполис тұрғындарының стреске, күйгелектікке бой алдырғыш 
келетіні, жүйке сырқаттарына жиі шалдығатыны бұрыннан да белгілі. Бұл – 
қалың көпшіліктің көп шоғырланғанынан болатын салдарлар. Қарапайым 
адамның өзімен өзі болып, бір өзі қалуға, үлкен қаланың қысымынан демалуға
мүмкіндігі жоқ, қаланың шуы оған маза бермейді. Адамды жалықтыратын көп 
жүріс, автокөліктердің күні-түні болатын толассыз жүрісі, жолдардағы 



кептеліс, ұсақ-түйек ұрсыстар қазіргі кездегі адамдардың психикасына кері 
әсер етеді және ойланбай шешім қабылдау тәуекелін тудырады. Бүгінгі
адамның маңызды қажеттіліктерінің бірі оның қоғамдағы орнының және тұлға 
ретіндегі бағасының қандай да бір мәнге ие болуы болып табылады, бүгінгі 
адам өзінің қоғамда, қоршаған ортада жеке тұлға ретінде маңызды орында 
болғанын қалайды. Адамда қайталанатын жағдаяттарда оның мінез-құлқын, 
тәртібін, іс-әрекетін реттейтін инстинкт жоқ. Сондықтан ол өзінің мінез-құлқы 
немесе қылығының жаңа модельдерін таңдауға мәжбүр болады, ал бұл таңдау 
қате жасалса, кейбір жауапты жағдайларда өмірмен қоштасу қаупін туғызуы 
мүмкін. Жауапты шешім қабылдау алдында адам басынан кешіретін толассыз 
күмәндер адамды тығырыққа тіреп, кейде тіпті оның тез шешім қабылдау 
қабілетіне нұқсан келтіруі де мүмкін. Осындай кездерде адам бойында өзі-өзіне 
деген сенімділіктің тууына деген үлкен қажеттілік туады, күмәндену қажеті 
жоқ екеніне, өзінің қабылдаған шешімінің ең сенімді дұрыс шешім екеніне 
сенгісі келеді.
Өз-өзіне деген сенімділікке деген қажеттілік ойда, сезімде және 
эстетикалық талғам саласында да болады. Сауаттылықтың өсуі және бұқаралық 
ақпарат құралдарының даму деңгейіне қарай бүгінгінің адамы ғылым мен 
білімге тез үйренеді, қандай ойдың дұрыстығын, қандай мінез-құлықтың 
лайықты екенін, қандай сезімдердің талапқа сай екенін, талғам қандай екенін 
тез айыра алады. Енді адамның алдындағы жалғыз міндет – бұқаралық ақпарат 
құралдарының ескерту белгілерін дұрыс қабылдай алу, бұл жағдайда ол енді 
өзінің ешқашан қателеспейтініне сенімді. Түрлі-түсті журналдар қай стильді 
таңдау керектігін, не кию, қайдан алу, қалай ойлау керектігін өзі-ақ айтып 
береді.
Технологиялық қоғамда адамзаттың маңызды мәселелерінің бірі – қазіргі 
өмір сүру жағдайларын ізгілендіру қажеттілігі. Адамдық элементті әлеуметтік 
жүйенің қызмет етуінің негізгі факторы ретінде қабылдау қажет болатын, яғни 
адам болу деген бұрынғы абстрактілі философиялық тұжырым толыққанды 
нақты тәжірибелік мәнге ие болды.
Адамды түсінудегі әдеттегі сананың типтік қатесі адам болмысының 
ерекше түрін оның мәні деп қабылдау болып табылады. Субъект өзінің 
адамилығын өзіне тең санайтын қандай да бір қоғамның түсінігіне сай 
анықтайды. Солай бола тұра, бұл пайымдаудан тыс жағдайлар да болады. Қай 
заманда болса да, өз ой-санасы өзі өмір сүріп отырған қоғам шегінен асып, 
болашақ деңгейіне жеткен адамдар болған. Тарих жылнамасында олардың 
есімдері алтын әріптермен жазылды, олардың ой-санасы терең де көреген еді, 
олардың ой-пікірлері өздерін қоршаған ортаның ой-пікірімен әркез сәйкес келе 
бермеді. Әр қоғамда батыл ойының, ғажайып қиялының арқасында өзінің жеке 
әлеуметтік тәжірибесінің шегінен шыға алатын адамдар болған.
Адам жақсы ма жаман ба, сүйкімді ме сотқар ма, тәуелді ме деген сияқты 
және т.б. сұрақтарға жауап іздеу бос әурешілік болады. Бұл және бұдан өзге де
қасиеттер адамды адамнан ажыратып, адами қаситтеріне қарай бөлуге 


10 
мүмкіндік береді. Адам табиғатының бізге белгілі сипаттары «Адам қандай 
болу керек?» деген сауалға жауап бермейді. Бұл сұрақтың жауабын көп 
қатпарлы адам мүмкіншіліктерінен емес, адам өмір сүріп отырған ортаның 
жағдайы шеңберінен іздеген дұрыс, ал адам мүмкіншіліктері өмір сүрудің 
баламасы ретінде ғана осы жағдайлардың салдары болып табылады. 
Біріншіден, иснтинкт мәні нөлге тең болатын адамның ең төменгі 
деңгейіне әрең жететін жануарлардың эволюциялану шамасына қарай 
инстинктерге тәуелді болудың төмендеуі. Екіншіден, дене салмағымен 
салыстырғанда ми мөлшерінің үлкеюі және күрделенуі. Үлкейген ми қабығы – 
сананың негізі, қиялдың және адамның өмір сүруін сипаттайтын сөйлеу, 
белгілер жасау сияқты қасиеттердің негізі. Инстинкт болмаған жағдайда
адамның өз шешімдерін өз бетінше қабылдауға тура келеді. Оның алдында
таңдау жасау қажеттіліктері туындайды, сонымен қатар әр қабылданған 
шешімде сәтсіздікке, күйзеліске ұшырау қаупі де бар. Адамда инстинктер 
орнына әрекет етуге негіз болатын, ең бастысы, саналы түрде шешім 
қабылдауға тірек болатын қағидаттар іздеу міндеті туындайды. Адамға өлім, 
аштық, сырқат сияқты физикалық қауіптермен ғана күресіп қоймай, 
психикалық ауру қаупінен сақтану керек болады. Тек өз өміріңді сақтап қана 
қоймай, өзіңнің пайым-парасатыңды да сақтау керек болады.
Адамзат баласы мыңдаған жылдар бойы тірі қалу, қауіптен сақтану және 
жан саулығын сақтаудың көптеген жолдарын ойлап тапты. Адамдарда басқа 
тіршілік иелері сияқты физикалық дененің болуына және бұл дененің 
қажеттіліктеріне байланысты оның физикалық тұрғыдан сау болуына деген
ұмтылыс туады. Физикалық дене адам бақытты-бақытсыз, құл немесе тәуелсіз 
болуына қарамастан өмір сүруін тоқтатпайды және өмір бойы сау болуға 
ұмтылады. Сондықтан индивидум жұмыс істеуі керек және өзгелерді өзіне 
жұмыс істеуге мәжбүрлеуі керек. Егер адам өз өмірін өмір үрдісін қамтамасыз 
етуге ғана жұмсауды қанағат етсе, онда ешқандай қиындаған мәселе тумаушы 
еді. Бірақ адамның ерекшелігі оның құмырсқа өмірді қанағат етпеуінде. 
Көбінесе азаматтарды өзінің өмірі қанағаттандырмайды, биологиялық жағынан 
өмір сүргеннен гөрі, адамды көбінесе жеке бастың дамуы, рухани даму 
мәселелесі алаңдатады. 
Ол күн өткен сайын өз өміріне қанағаттану сезімін жоғалта береді, 
бүгінгінің адамында биологиялық тұрғыдан аман-сау болу қажеттігінен басқа 
тұлғаның рухани даму қажеттігі туындап, бұл сала үлкен мәнге ие бола 
бастайды.
Бүгінгінің адамдарының санасы мен қиялында бүкіл адамзат баласының 
тарихы мен мәдениетінің ауыр салмағы жатыр, қайткенде де оларда кез-келген 
қажетті ақпаратты алу мүмкіндігі бар. Сондықтан қазіргі заманның адамы шын 
мәнінде еркін, ол іштей қандай да бір шектеулерге ықыласты емес, ол тек 
үздіксіз тұтына беруге ғана әзір.
Ол енді тек өмір сүру үшін адамзат өмірінің мәнін түсінуге ұмтыла 
бастайды.


11 
Қазіргі заман қоғамы толық ыдырап кетпеу үшін билік әлеуметтік 
жүйенің барлық элементтерінің тепе-тең жағдайда қызмет етуін қамтамасыз 
етуі керек. 
Қазіргі қоғамның мұндай элементтері ретінде келесі элементтерді атауға 
болады:
-
бизнестегі орталықтандырылған 
ұйымдардың 
жиынтығы 
(халықаралық корпорациялар және табиғи монополиялар, мемлекеттік 
институттар), сонымен қатар азаматтық қоғамның ірі ұйымдары; 
-
қоғамдық даму ішкі жүйені жоспарлауды және даму динамикасын 
мониторингтеу реттелген механизмдерін кеңінен қолдану арқылы іске асады; 
-
бақылаудың техникалық құралдарын белсенді пайдалану; 
-
индустриалды қоғам адамы тауарлар мен қызмет түрлерін 
тұтынушының қажетті сипаттарына ие.
Адамдзат алдында тұрған мүмкіндіктер мейілінше анық айқындалады.
Катастрофалық дамудың нұсқасы әдебиеттерде жақсы сипатталған. 
Индустриалды тұрғыдан дамыған елдердің тұтыну қағидаттарын бүкіл әлемге 
тарату термоядролық соғысқа немесе табиғи катастрофаға әкелуі даусыз.
Дүниежүзілік үрдістерді күштеп өзгерту нұсқасы арқылы уақиғаларды 
дамыту әлемдік масштабтағы қозғаушы күштің жоқтығынан мүмкін болмайды. 
Әлемдік өндіріс тауарлары мен қызмет түрлеріне әзірге бәсекелес жоқ. Үшінші 
мүмкіндік бүтіндей алғанда адамзат баласының дамуына және оның 
мұқтаждықтарын өтеу мақсатына қызмет ететін жүйені басқарудың 
эволюциялануында.
Бұл нұсқа қазіргі қоғамның эволюциясын неғұрлым қауіпсіз және 
ауыртпалықсыз ету шараларын қарастырады.
Бұл шараларға келесілерді жатқызуға болады: 
- адам организмінің толыққанды жұмыс істеуі нормаларына негізделген
ғаламдық жоспарлау; 
-
қарапайым адамдарды жат демократия әдістерін ізгілікті басқару 
әдістеріне алмастыра отырып, қызмет ету және жауапккершілік саласына тарту 
арқылы қатардағы индивидтерді белсендіру;
-
шексіз тұтыну моделін бұдан былай экологиялық жағынан сенімді 
тұтынуға айырбастау; 
-
болатын индивидтердың психологиялық бағыттарының социум 
дамуының экологиялық мақсаттарына сәйкес жаңа формаларының пайда 
болуы. 
Заманауи индустриалды қоғамның жалпы мақсатын өмірдің әлеуметтік, 
экономикалық және мәдени негіздерін адамның жан-жақты дамуын 
ынталандыратындай түбегейлі өзгерту деп анықтауға болады.
Қазіргі қоғамның ерекшеліктерін теориялық жағынан түсіну үшін 
компьютерлер өмір сүруге бейімделген әлеуметтік жүйенің қызмет етуші 
бөлігіне айналуы тиіс. Қандай алдыңғы қатарлы, дамыған болса да, техника 
емес, тек адам ғана құндылықтардың қайнар көзі болуы керек. Әлеуметтік 


12 
жоспарлаудың негізгі критерийі тауарлар мен қызмет түрлерінің сан алуан 
формаларын шығара беру емес, адамның толыққанды дамуын қамтамасыз ету 
болып табылады.
Адамды шеттеу – әлеуметтік басқарудың барлық сатысында жиі 
кездесетін бюрократиялық басқару механизмінің нәтижесі. Бюрократиялық 
механизмдер қазіргі адамның өмірін дүниеге келген сәттен дүниеден өткен 
сәтіне дейінгі уақыт бойы билейді.
Қазіргі заман қоғамында жеке тұлғалардың бастамаларына орын жоқ, 
субъект өмір бойы бұйрықтарға, өкімдерге бағынады, яғни ол үшін барлығы 
шешіліп қойған. Қазіргі қоғамдағы бюрократиялық жүйе индивидтің 
сұраныстарына, көзқарастарына, мүдделеріне жауап бермейтіндіктен жауапсыз 
деп танылады. Ол индивид бойында бюрократиялық машинаның көмегінсіз 
өздігінен ешқандай шешім қабылдап, ештеме тындыра алмайсың деген сезім 
тудырып, соған иландырады.
Осының нәтижесінде бастамалар біртіндеп өшіп, 
шарасыздық күй пайда болады.
Философтар адамзат баласының мұндай жатсыну мәселелерін шешуді 
жаңа басқару қағидаларына ауысуда деп біледі. Субьект өзін жеңу және өзінің 
белсенді әрекеті арқылы ғана басқарушылар, жағдаяттар, машиналар алдында 
өз құқығын қорғай алады және қорғауға міндетті. 
Индивид қандай да бір жағдайлар мен механизмдер алдында өз еркінің 
басымдығы арқылы ғана өз бойындағы энергиядан арылып, рухани тепе-теңдік 
жағдайына жете алады. Әлдебір жағдайларда өз ойын еркін ортаға салу, бекіту 
арқылы индивид өзінің күш-қуатын және ішкі тепе-теңдігін қалпына келтіре 
алады. Гуманитарлық басқару – бұл кері байланыс арқылы басқару, яғни 
басқарылып отырған тұлғалар жоғарыдан берілетін басқарушы сигналдарға 
ақыл-ой және эмоция деңгейінде жауап береді. Олардың реакциясы басқару 
субъектісіне қайта қайтып келіп, әсер ететіндіктен, бұл реакцияны 
басқарушылар өз қызметтерінде пайдалануға мәжбүр болады. 
Заманауи технологиялық қоғамда адамның толқықанды өмір сүруі үшін 
«қалыпты» тұрмыстық ортаға, яғни адамдардың шынайы тұтынушы ортасына 
қайта оралуы керек. Батыстық тұтынушылар қоғамы адамдардың негізгі 
қажеттіліктері деформацияға ұшырағанын байқады, батыстық заманауи 
өркениет оны тез арада псевдоқажеттіліктерге ауыстырды. Тұтынушы 
философиясының басты шарты – шынайы болудан гөрі, көзбояушылыққа бой 
алдыру. Тұрғындардың басым көпшілігі бай-қуатты бола алмайды, сондықтан 
оларға бай болып көріну жолдары ұсынылады. Солайша, зергерлік қымбат 
өнімдердің орнына халық жаппай қолданатын бижутерия, стразалар, атақты 
өндіруші фирмалардың атаулары жазылған тауарлар пайда болды. 
Бұдан былай жолсыз соқпақпен джиппен жүру міндетті емес, машинаңа 
арнайы жасалған жасанды батпақ жағып алсаң болды, көршілерің қызғаныштан 
жарылар. Машина иесі «CamelTrophy» жарысына қатысушы сияқты батыл да 
ержүрек болып көрінеді және өзін солай сезінеді. Сізге табиғат Аполлонның 
дене бітімін бермесе де, кеудеңе жасанды шаш жапсырып алсаң болды, 


13 
қарапайымдылықтан арылып, мачо болып шыға келесің. Элвис Пресли сияқты 
ән айту міндетті емес, сен оған еліктеп, сол стильде киінсең жеткілікті. Д 
Бекхем сияқты шебер футболшы болмай-ақ қой, оның суреті мен аты жазылған 
футболканы киіп алсаң, одан кем көрінбейсің. Енді киімнің кейбір атаулары сол 
киімдерді киген адамдардың атымен аталатын болды. Жағасы жоқ жейделерді 
жазушы Л. Толстоймен байланыстырып, «толстовка» дейміз, фуражканы 
саясаткер В. В. Жириновский атымен «жириновка» деп атаймыз, френчті 
«сталинка» десек, ал кавалер шалбарлары Бірінші дүниежүзілік соғысына 
қатысқан француз генералы Галифеге байланысты «галифе» аталып кеткен. 
Барлық жарнама индустриясы мен РR күн өткен сайын субъектілерді 
шын мәнінде ақылды, пысық, еңбекқор болудың қажеті жоқ, тек әдемі киініп, 
байлар мен танымал тұлғалар алатын бұйымдарды сатып алып, өзіңді солардай 
сезініп жүрсең болды дегенге иландырады. Ол үшін мінез-құлық стилі 
жасалынған, бүкіл мода индустриясы сол имиджді жасау үшін қызмет етуге 
дайын. 
Псевдоқажеттіліктер өмір сүру деген тұтыну, өзін қоршаған ортаға 
қымбат тауарлар мен қызмет түрлерін тұтынушы ретінде көрсету деп түсінетін 
қандай да бір машинаға, автоматқа айналған тұтынушыларды ғана 
қалыптастырады.
Мұндай қоғамда әлеуметтік құндылықтар мен адами құндылықтар 
біртіндеп дағдарысқа ұшырай бастайды. Адамзаттың озық ойлары әлеуметтік 
байланыстардың барлық жүйесін бүкіл адамзат үшін жаһандық деңгейде 
реформалау деген тұжырымға келді. Егер түбегейлі өзгерістерді енгізуді бүгін 
бастамаса, ертең кеш болуы мүмкін. Адамзат дамуының жарқын болашағына 
сенім бар, өйткені технологиялық қоғамды ізгілендірудің шынайы мүмкіндігі 
де бар. Ал бұл міндеттің орындалуы бүгінгі қоғамның жауапкершілігінде. 
Бүгінгінің адамы бұл шешімді орындаудан бас тарта алмайды.
1983 жылы жапон ғалымы И. Масуданың «Ақпараттық қоғам –
постиндустриалды қоғам» атты еңбегі жарық көрді. Ол ақпараттық қоғамның 
іргетасы адамның ой-еңбегін жетілдіретін және жеңілдететін компъютерлік 
технологиялар деп санады. Ақпараттық-технологиялық төңкеріс жаңа 
өндірістік күшке айнала отырып, когнитивті және жүйеленген ақпараттарды, 
жаңа технологиялар мен білімдерді бұқаралық өндіріс деңгейіне жеткізеді. 
Экономиканың жетекші саласы зияткерлік өндіріс болады, бұл өндірістің өнімі 
тек шығарылып қана қоймай, жинақталады және жаңа технологиялар көмегімен 
басқаларға беріліп отырады. Адами құндылықтардың қайта бағалануы, яғни
трансформациялануы жүзеге асады.
Егер индустрияланған типті қоғамда басты құндылық тауар мен оны 
сатып алу және тұтыну болатын болса, ақпараттық қоғам бос уақытты басты 
құндылық ретінде танитын болады. Мұндай іргелі идеяны И.Масуда бейсана 
түрде К.Маркстің еңбектерінен алған сияқты, К. Маркс те бос уақытты адам 
бостандығының критерийі деп қарастырады.


14 
Электронды ақпарат құралдарының және ақпараттық технологиялардың 
дамуына қарай ақпараттың қоғам өміріндегі атқаратын қызметі мен маңызы,
ақпараттық қоғам қалыптасуының үрдістері туралы дискуссиялар жиі болып 
жатады. Элвин Тоффлер «Үшінші толқын» атты кітабында ақпараттық қоғамға 
индустриалды қоғамдағы ақпараттық төңкерістің белгіленген салдары деген 
анықтама береді. Постиндустриалды қоғамға өндіріс пен халықтың 
бөлшектенуі, ақпарат алмасудың күрт өсуі, өзін-өзі басқаратын саяси 
жүйелердің басымдығы, адамдар мен қоғам арасындағы ынтымақтастық 
қарым-қатынастарды жоғалтпай-ақ тұлғаның даралануы тән болады.
Э. Тоффлер дәстүрлі корпорацияға шағын экономикалық нысандарды 
қарсы қояды, әсіресе «электронды коттеджде» жеке жұмыс жасауды бөліп 
қарастырады. Ол өз еңбегінде жұмыс орнын «ақылды» баспа машинкасымен, 
компьютерлік пультпен және телекоммуникациялық құралдармен жабдықтауға 
мүмкіндік беретін қол жетімді техниканың пайда болуымен ірі фабрикалар мен 
мекемелер қаңырап бос қалатыны, олардың қоймалар мен тұрғын жайларға 
айналатыны, сөйтіп, үйде жұмыс істеуді ұйымдастырудың мүмкіншілігі өсетіні 
туралы жазды.
XX ғасырдың соңында ғаламдық ақпараттық қоғам идеяларын 
дамытудың жаңа кезеңі басталды. Біріншіден, бұл П. Друкер мен М. Кастельс 
жұмыстарымен байланысты болды. 
Американдық экономист Питер Друкер 1999 жылы «Посткапиталистік 
қоғам» атты кітабын шығарды [1]. Автордың негізгі идеясы марксистер 
ұсынған төңкеріс жасау жолымен емес, ол эволюциялық жолмен дәстүрлі 
капитализмді 
ығыстыру 
қажеттігінде 
еді. 
Капитализмнің 
негізгі 
сипаттамаларының өзгерістері қазір де байқалады.
Оның басты белгісі – шаруашылықтың индустриалды түрінен білім мен 
ақпаратқа негізделген экономикалық жүйесіне көшу, акционерлік капиталды 
дамыту арқылы жеке капиталистік жекеменшікті меңгеру, экономика мен 
социумның ғаламдану үрдістерінің ықпалымен қазіргі заман адамдарының 
құндылықтарының жаңа жүйесін және ұлттық мемлекет түрін қалыптастыру.
Ақпараттық технологиялардың дамуы адамзатқа капиталистік қоғамнан 
ақпараттық қоғамға ауысуға нақты қадам жасауға мүмкіндік берді, ендігі кезек 
бұл мүмкіндіктен шынайы іске көшу.
Мануэль Кастельс қоғам негіздерін қалыптастыруға әкелетін заманауи 
үрдістерді талдай келіп, оны «желілі» деп атаған [2]. Оның теориялық талдауы 
әлемдік экономика мен халықаралық қаржы нарықтарының беталыстарын 
зерттеуге негізделген. Ол ақпаратты әр түрлі тосқауылдар мен шекаралар 
арқылы жеңіл өтетін ресурс ретінде, ал заманауи ғасырды жаһандану дәуірі 
ретінде қарастырады. Бұл ретте желілі құрылымдар қоғамның жаһандану 
құралы да, нәтижесі де болып табылады. 
Ақпарат және ақпарат алмасу адамзат дамуының барлық кезеңдерінде 
онымен бірге қосақталып жүрді. Алайда, тек енді құрылып жатқан жаңа 


15 
қоғамда ғана ақпаратты жинау, талдау және ақпарат беру өндіріс пен биліктің 
іргелі бастау көздері болады.
Ресейлік ғалым А. И. Ракитов ақпараттық қоғамға көшу өндірістің, 
қызмет түрлері мен білімнің әлеуметтік қызметтің маңызды өніміне айналуы 
болып табылады деп санайды 
1
. Егер білімнің үлес салмағы өссе, қоғам серпінді 
дамиды. А. И. Ракитов ақпараттық қоғамның басты мақсаты азаматтың 
өмірлік мәселелерін шешу үшін қажетті ақпаратты алуының құқықтық және 
әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз етуде деп біледі. Ақпараттық қоғамның 
негізгі критерийлері ақпараттың мөлшері мен сапасы, ақпаратты құрудың, 
өңдеудің, тарату мен сақтаудың тиімді тетіктерінің болуы болып табылады. 
Критерий ретінде әр адам үшін ақпараттың қолжетімділігін атап өту қажет. 
Жаңа телекоммуникациялық технологияларды дамыту және өндіріске, 
адамдар тұрмысына кеңінен енгізу өмірдің жаңа сапасын қалыптастырады. 
Экономиканың ақпараттық секторы қор қайтарымы мен жұмыс істейтіндердің 
жұмыспен қамтылу мөлшері бойынша көшбасшы шебіне шығуда. 
Ақпараттық қоғамның негізгі белгілеріне келесі белгілерді жатқызуға 
болады: 
- бірыңғай ақпараттық кеңістік қалыптастыру және мемлекеттердің
ақпараттық және экономикалық ықпалдасу үдерістерін тереңдету; 
- мемлекеттер экономикасында желілі ақпараттық технологиялар мен 
телекоммукацияларды жаппай пайдалануға негзделген жаңа технологиялық
салттардың қалыптасуы және басым болуы; 
- қызметкерлердің білім деңгейін, кәсіптілігін және біліктілігін арттыру, 
өнеркәсіптің барлық салаларында ақпараттық технологияларды пайдалану, 
өндірістік үрдістерді автоматтандыру және роботтандыру, еңбек қызметінің 
негізгі сипаттамасы ретінде шығармашылыққа қабілеттілігін ынталандыру.
80 – 90 жылдар аралығының маңызды сипаттамаларының бірі ақпараттық 
қоғам саласындағы американдық, еуропалық және ресейлік мамандардың көбі
ақпараттың рөлі мен мәніне ғана емес, сондай-ақ білімге және оның артылуын 
жеделдетуге ерекше көңіл бөлді. Егер XX ғасырдың ортасында жиынтық 
мәліметтердің көлемі 10 жылда бір рет, 80 жылдары 5 жылда бір рет еселенсе, 
бүгін ол жыл сайын екі еселенеді. 
«Заманауи ақпараттық қоғам» ұғымын түсіндірудің бар тәсілдерін 
қорытындылай отырып, осы ұғыммен жаңа технологиялық төңкеріс 
нәтижесінде қалыптасатын жаңа үлгідегі қоғам ұғымы түсіндіріледі деп айтуға 
болады, олардың нәтижесінде жаһандық ауқымда байланыс және ақпаратпен 
алмасу үшін техникалық және әлеуметтік мүмкіндіктер туындайды. Бұл – 
«білім қоғамы», онда жеке адамның және жалпы қоғамның әл-ауқатының басты 
шарты оның қолжетімділігі мен онымен жұмыс жасау дағдысына байланысты 
кедергісіз алынған білім болады. Бұл жаһандық қоғам, онда ақпаратпен алмасу 
үрдісінің уақыттық, кеңістік және саяси шекара жоқ. Бұл, бір жағынан, 
1
А. И. Ракитов. Компьютерлік төңкеріс философиясы.-М.,1991. 


16 
мәдениеттердің өзара кірігуіне ықпал ететін, ал екінші жағынан, әр 
қауымдастыққа өзін-өзі таныту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын қоғам болып 
табылады. Ақпараттық төңкеріс адамзатқа оның барлық өмір сүру, тіршілік ету 
салаларында жаңа шешімдер мен кеңейтілген мүмкіндіктер ұсына отырып
әлемді жедел өзгертеді.
Айқын игіліктермен қатар ақпараттық төңкеріс адамзат алдында 
түбегейлі жаңа мәселелерді туғызды, солай бола тұрып, ол мәселелердің саны 
күннен-күнге өсуге бейім болып отыр. Бүгінгі күні адамзат алдына қойылып 
отырған бірқатар мәселелерді атап өтуге болады, олар – сандық алшақтық, осы 
салада Интернет желісін, электрондық коммерцияны, салық салуды құқықтық 
тұрғыдан реттеу мәселелері, зияткерлік жекеменшік мәселелері, қауіпсіздікті 
қамтамасыз ету және ақпараттың құпиялылығын сақтау мәселелері, 
пайдақорлықпен жеке адамның немесе көпшіліктің санасына психологиялық 
әсер ету мүмкіндігі. 
«Сандық теңсіздік» немесе «сандық алшақтық» (ағылшынша igital divide) 
термині ақпараттық технологияларға қолжетімділік шекараларын белгілеу 
мақсатында АҚШ-та пайда болған. Бұл шекаралар кедей азаматтар мен нашар 
дамыған мемлекеттер үшін әзірленген. Қоғамның ақпараттық салада заманауи 
технологияларға еркін қолжетімділігі бар және осындай мүмкіндігі жоқ 
адамдарға бөлінуі пайда болуда. Сауаттылықтың компьютерлік деген жаңа түрі 
пайда болды, бүгінгі күні компьютерде жұмыс істеу дағдысы болмаса, жұмыс 
табу, жаңа электрондық қызметтерді пайдалану қиынға түседі.
Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар адамдарға «онлайн» 
режимінде ақпарат іздестіру, қашықтықтан білім беру бойынша жаңа 
перспективалар мен қызметтер ұсына отырып, Жер бетіндегі өмірді елеулі 
өзгертті, сонымен бірге тұрғындардың көбінің оған қолжетімділігі жоқ. 
Жаһандық ақпараттық қоғамның одан әрі дамуы оған жаңа ақпараттық кеңістік 
пен өмірдің жаңа сапасын жасайтын пайдаланушылардың бұқара көпшілігінің 
қатысуынсыз мүмкін емес деп пайымдауға болады. 
Осылайша, бұл мәселені шешу мемлекеттердің жекелеген ақпараттық 
саясатына ғана байланысты емес, сондай-ақ мемлекеттердің, бірінші кезекте, 
экономикалық дамыған мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының 
деңгейі мен тиімділігіне байланысты. Адамзат компьютерлік төңкерістің 
жағымды ғана емес, сондай-ақ жағымсыз да аспектілерін күн сайын 
кездестіреді. Ақпаратқа ашық қолжетімділік мораль мен адамгершілікке соққы 
болып тиді, себебі порнография, зорлық, адам баласын жек көрушілік 
идеялары, құмар ойындар балалар мен жастар аудиториясы үшін қолжетімді 
болып кетті. 
Егер бұрын мұндай ақпараттар адам қарым-қатынасының маргиналдық 
саласында ғана болса, қазір Интернеттің таралуымен заңды түрде әрекет 
ететіндіктен ресми мәртебеге ие болды. Бүгінгі күні порнографиялық сипаттағы 
фото- және бейнематериалдар, мәтіндер және т.б. ақпараттарды (контент) 
қамтитын көптеген Интернет-ресурстардың саны анықталды.


17 
Бұдан басқа, Интернет желісі қылмыстық, лаңкестік ұйымдардың 
материалдарын тарату, фашизм, адам баласын жек көрушілік, нәсілдік, діни, 
этникалық ерекшелік пен басымдық идеяларын насихаттау құралы ретінде де 
пайдаланылуы мүмкін. 
Мемлекеттік және қоғамдық бақылаудан тыс қалып отырған қоғамдық 
өмірдің біршама салалары бар, олар да қандай да бір технологиялық реттеуді 
қажет етеді. Ондай реттеулер ретінде келесі шараларды атап өтуге болады:

жеке мәліметтерді және жеке өмірді қорғау; 

электрондық коммерцияны және басқа да мәмілелерді реттеу және 
олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 

зияткерлік меншікті қорғау;

Интернетте құқыққа қайшы мазмұндағы ақпаратқа және құқыққа 
қайшы тәртіпке қарсы күрес; 

электрондық хабарламаларды құқықтық тұрғыдан реттеу.
Интернет желісінде туындайтын қарым-қатынастар қолданыстағы 
заңнамамен реттеледі. Бірақ қарым-қатынастарда өзіндік ерекшеліктеріне
байланысты қиындықтар және заманауи әлемнің шынайылығынан заң 
қолданудың техникалық тұрғыдан мүмкін еместігі туындады. түрлі елдердің 
үкіметтері мен қауымдастығы қызметтерін Желідегі үрдістерді басқару үшін, 
заманауи сандық технологияларға қолжетімділіктің әртүрлі шарттарын жою 
үшін үйлестіру қажеттілігінен жаһандық мәселе туындайды.
Заманауи деген ұғым назарды өндірістің өнеркәсіптік және 
технологиялық аспектілерінен өндірістің ақпараттық сипатына аудару дегенді 
білдіреді. Демек, бүкіл ноосфераны қамтитын жаһандық ақпараттық кеңістік 
құру үрдісі іске асуда. Ақпарат пен ақпараттық жүйелер рөлінің өсуі, 
ақпараттың өндіріске, басқаруға, адам өміріне әсерінің өсуі – бұл адамзаттың өз 
дамуының жаңа кезеңіне өтуін сипаттайтын екі негізгі фактор.
 
1.2. МАМАННЫҢ ИМИДЖІН МОДЕЛЬДЕУ 
Болашақ 
кәсіптік 
қызметіне 
байланысты 
маманның 
имиджін 
қалыптастыру аса маңызды рөл атқарады. Көп жағдайларда дәл осы тұлға 
бойынша ұйым туралы бүтіндей бір жалпы пікір қалыптасады. Сондықтан 
жағымды имидж қалыптастыру мәселесі болашақ мамандар үшін күннен- күнге 
аса өзекті болып отыр.
Адамның сыртқы тартымдылығы, әрине, қажет, бірақ ол имидждің 
шешуші компоненті болып табылмайды. «Имидж» термині (ағылшынның
Image – «бейне», «бейнелеу», «айнадағы көрініс») адамның бейнесі дегенді 
білдіреді, субъектінің адамдар алдында, ел алдында өз тұлғасының айтуға 
тұрарлық, маңызды деп танылатын қасиеттері ғана байқалатын өмір сүру 
формасы болып табылады. «Имидж – бұл қандай да бір тұлғаның, құбылыстың, 
заттың мақсатты түрде қалыптастырылған бейнесі, ол белгілі бір құндылықты 


18 
мінезді айқындайды және әйгілі ету, жарнамалау және т.б. мақсаттарда басқа 
біреуге эмоционалдық-психологиялық әсер етеді».

В. М. Шепель осы туралы былай деп жазады: «Солардың арасында 
тәрбиелілікті, білімділікті, кәсібилікті басым деп атап өту қажет. Дәл осыларды 
нақты тұлғаның имиджін тұрақты ұстап тұрған «үш кит» деп атауға болады».
2
Имидждің дәл осы қосылғыштары көптеген адамдардың санасында болады. 
Бұлар имидж туралы қалыптасқан қандай да бір түсініктің өзгеше бір «құрылыс 
материалы» ретінде қарастырылған. Әдетте ол бейсана түрде жеке бір адамға 
бағытталады. Неғұрлым ол жақсы «қалыптасса», соғұрлым біздің санамызда 
имидж ұғымы беки түседі. Мұндай психикалық рәсімді қандай да бір тұлғаға 
қатысты қаншалықты ынтамен іске асыратын болсақ, осы тұлғаның тәрбиелік, 
білімділік, кәсібилік қасиеттерінің біздің ойымыздағыдай көрінуі де 
соншалықты ықтимал болады.
Ф. А. Кузиннің пайымдауынша, имидж жүйесінің элементтері «сыртқы 
тартымдылық, киіну мәдениеті, сөйлесу мәнері, ым, ауызша және жазбаша 
сөйлеу өнерінің болуы, іскери әдеп ережелері мен шарттарын сақтау, 
құрылымды мінез-құлықты стратегияны ұстану, қызметтік субординация 
нормаларын және іскери өзара қарым-қатынас мәдениетінің талаптарын сақтау, 
тиімді мінез-құлық тән техниканы пайдалану, өзі туралы жағымды әсер туғызу, 
сұрақ қою және оларға жауап беру техникасы, қандай да бір нормаларға 
негізделген мінез-құлық тактикасын таңдау, әңгімелесушілермен өзара іс-
қимылдың әртүрлі психологиялық типтерін өткізу» болып табылады.
1
Бобби Джи «Фирманың имиджі» кітабында өмір сүру салтының имиджі 
кандидаттардың бірін қызмет бойынша алға жылжыту үшін таңдау жасау 
кезінде айқындаушы факторға айналуы мүмкін деп пайымдайды. «Имидж» 
терминінің мазмұнын ашуда сәтті бизнес құру үшін іргетас болып табылатын 
элементтерді қолдану қажет, олар: дүниетаным, ұзақ мерзімге бағытталған 
мақсаттар, қағидаттар мен стандарттар. Ол дүниетаным шешім қабылдау үшін 
негіз болуы тиіс деп санайды, ал имидж бен абырой-бедел бизнес пен 
қоғамдық өмірдегі жеңістерге жету мен жеңілістерге ұшыраудың басты әрі 
негізгі себептері болып табылады.

Әртүрлі қызмет түрлеріне қойылатын кәсіби 
талаптар еңбектің пәніне, мақсаттарына, еңбек құралдарына мен шарттары 
қарай айырықшаланады. Осы ерекшеліктердің барлығы адамның кәсіби 
имиджіне қатысты жаңа талаптар туғызады. Осылайша, осындай имиджді 
қалыптастырудың негізіне адамның жеке-кәсіптік қасиеттері жатады деп 
болжауға болады. 
Олар тұлғаның әлеуметтену, оның кәсібилігінің қалыптасу, өзін-өзі 
дамыту, қажетті дағдылар мен біліктерді қалыптастыру үрдісінде қалыптасады. 
Болашақ маманның кәсіби қалыптасу үрдісінде тұлға бойында құрылымдық 
өзгерістер болатыны сөзсіз. Қызығушылық шеңбері кеңейеді және 
1
Шет тілдер сөздігі. – М.: Русский язык, 1987. 
2
В.М. Шепель. Имиджелогия: жеке сүйкімділіктің құпиялары. – М.: Культура и спорт, ЮНИТИ, 1997.-62 б.
1
Ф.А. Кузин. Бизнесмен имиджі. – М.: Ось-89, 1996. 
2
Бобби Джи. Фирма имиджі - СПб.: Питер, 2000. 


19 
қажеттіліктер жүйесі өзгереді. Менеджер үшін басқару мақсаттарына қол 
жеткізу уәждемесі өзектендіріледі. Уақыт өткен сайын өзін-өзі танытуға және 
өзін-өзі дамытуға деген қажеттілік артады, бұл біліктілігі мен құзыреттілігін 
арттыруға, біліктері мен дағдыларын дамытуға, кәсіптік міндеттерді шешудің 
жаңа алгоритмдерін меңгеруге, қызмет кәсібилігін қалыптастыруға әкеледі. 
Маман өзінің кәсіби қызметінің ерекшеліктерімен белгіленетін кәсіптік 
қасиеттерін іске асырады, оның күрделі өндірістік жағдайларға психологиялық 
дайындығы артады, кәсібилік инварианттықтарын дамыту жүзеге асырылады. 
Заманауи шарттарда болашақ маманның кез-келген кәсіптік қызмет 
түрінде шыңға жетуі жағымды имидж қалыптастыру және оны пайдалану 
есебінен қол жеткізіледі. «Жағымды» термині мынаны білдіреді: бүгінгінің
маманы қабылдаған бейне, қоғамдық пікір бойынша, әлеуметтік-ыңғайлы 
қасиеттерге ие, ал жағымсыз имидж, керісінше, әлеуметтік-жағымсыз 
қасиеттерді көрсетеді. Мысалы, мұндай имидж бұқаралық ақпарат 
құралдарының «көмегімен» қалыптасуы мүмкін, бірақ бұл фирманың немесе
басшылықтың шынайы қасиеттеріне сәйкес емес болуы мүмкін және жағымсыз 
әсерді еңсеру, жеңу қиынға түседі. 
Негативті (жағымсыз) имидж қоғамдық санада тұлғаның сыртқы және 
ішкі бейнесінің сәйкес емес, дұрыс емес, яғни жалған көрінісін білдіреді. 
Жағымсыз имидж тұлға бойындағы қасиеттерді қоғам алдында қолайсыз етіп 
көрсетеді. Тарихи дәуірге, үстем жағдайдағы адамгершілік және эстетикалық 
көзқарастарға байланысты қандай да бір тұлғаның нақты бір қасиеті әртүрлі 
бағалау жүйесінде қабылданатыны анық.
Бейтарап имидж – бұл тұлғаның сыртқы және ішкі қасиеттерінің айқын 
еместігі, қоғамдық санада олардың болмауы немесе олар туралы қандай да бір 
пікірдің болмауы. Имидж тұлғаның сапалық мінезін, сипаттамасын көрсететін 
болғандықтан, шынайы өмірде бейтарап имидж болмайды және ол қарама-
қайшы санаттар арқылы бағаланады: «жағымды – жағымсыз», «оң – теріс», 
«жаман – жақсы». Алайда, «жағымсыз имидж» терминін, біздің ойымызша, әлі 
қалыптаспаған, аяқталмаған, «болмаған» болса да, ұғым ретінде қабылдауға 
болады. Ол бейтарап, анық емес болуы мүмкін, бірақ кез- келген жағдайда ол 
тұлғалық қабылдаудың эмоционалдық-сезімдік қабатына әсер етеді. Өз 
құрамында өнер элементтерін қамти отырып, имидж көріністің сезімтал 
деңгейінде қабылданады және «ұнауы – ұнамауы» тиіс. Басқа сөзбен айтқанда, 
имиджді қабылдауда «достар жоқ», алайда, бағалау критерийі объективті түрде 
алғанда адамгершілік және эстетикалық қабылдаудың нақты тарихи нормалары 
болып табылады. 
Қазіргі заманғы маманның іскери жағымды имиджі өзі туралы және оның 
кәсіптік қызметі туралы алғашқы әсер қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. 
Осындай имидж оның фирмалық белгісі, яғни оның сыртқы бет-бейнесі болып 
табылады. Неғұрлым ол тартымды болса, соғұрлым ұйымның кәсіптік беделі 
мен өзі өкілі болып табылатын органның қоғамдық абырой-беделі де жоғары 
болады. Қазіргі заманғы маман үшін жағымды имиджге ие болу қажеттілігі 


20 
күннен-күнге айқын болып келеді. Әлемдік өркениетті кәсіпкерліктің 
тәжірибесі мынаны дәлелдеді – жағымды имиджсіз қызметтің барлық түрлерін 
сәтті жүргізуге және іскери топтарда лайықты абырой-беделге ие болып жүруге 
еш мүмкіншілік жоқ. Жағымды имиджді кез-келген маман мәдениетінің 
маңызды құрамдас бөлігі деп санау қажет, ал оны иелену – оның аса маңызды 
тұлғалық және кәсіптік сипаттамасы. 
Егер де имидждің пайда болу тарихына үңілсек, онда «имидж» ұғымының 
алғаш рет шетелдік зерттеулерде пайда болғанын байқаймыз. П.Берд имидж 
ұғымына тұлғаны басқа адамдардың қабылдауы деген анықтама береді. 
Айналадағылардың қабылдауында тұлғаның жалпы бейнесі тұлғаның сөйлеу, 
қарау, киіну, әрекет ету мәнерінен тұрады және қабілеттілігінен, моралдық 
қасиеттері, түр-сипатынан, әрекетінен көрінеді.
Имидж тұлғаның қасиеттерін көрсететіндіктен, ол да көпқырлы болып 
келеді, сөйтіп, кез-келген адам түрлі жағдайларда өзін қоршаған орта алдында 
сан түрлі қырларынан көрінеді. Алайда, бұл істің шебері өзін қоршаған ортаға 
қандай да болмасын имиджді көрсеткісі келгенмен, ол имидж оның ішкі 
дүниесінің, интериоризацияланған әлеуметтік нормалардың көрінісі болуы тиіс 
және соларға тұрақты түрде негізделуі қажет. 
Шетелдік тәжірибеде фирманың немесе іскер адам имиджінің болуының 
міндеттілігінде шүбә жоқ. Осындай көзқарас олардың қызметтік сатысында 
атқарып отырған қызмет деңгейіне қарамастан, іскер адамдардың 
менталитетіне «енгізілген». Имидж іскери қарым-қатынас мәдениетінің 
құрамдас бөлігі болып табылады. Имидж – адамдардың адамдармен қарым-
қатынас орнатуға негіз болатын өзгеше бір құралы. Іскер адамның имиджі – 
қуатты психологиялық құрал, ол клиенттерге және оның өзіне де тиімді әсер 
етеді. Басқарумен және бизнеспен айналысатын адамдар қай кезде де 
басқаларға тиімді ықпал ету құралдарын іздеумен айналысады. Солардың бірі 
имидж болып табылады. 
Имидж деп абыройлы және жоғары әлеуметтік мәртебеге ие адамның 
бейнесін айтуға болады. Егер адамдар менеджерді байсалды басшы ретінде 
қабылдаса, онда ол туралы «имиджі» бар деп айтады. Әлеуметтік 
сауалнамаларда мұндай адам әдетте жоғары рейтингке ие болады. Заманауи 
түсінік бойынша «имидж» термині «харизма» терминіне жақын, ежелгі гректер 
осы сөзбен «дарындылық», «даналық», «қасиеттілік» деген ұғымдарды 
белгілеген. Осы қасиеттердің жиынтығын иеленетін адамдар, қай заманда 
болмасын, айналасындағы адамдарға әсер етудің ерекше күшіне ие болған. 
Харизмасы бар мамандар әдетте қоғамдық көшбасшы функцияларын атқарады.
И. Д. Ладанов осындай көшбасшыларға тән ерекшеліктер жүйесін жеке бөліп 
қарастырады. Осындай адамдардың келбеті сенімділік тудырады, олар ерекше 
тартымды болып келеді, дене бітімі адам қызығарлықтай, сонымен қатар өжет 
әрі өткір болады.
Өмірдің қиын-қыстау жағдайларында мұндай адамдар көп жағдайларда 
басқа тұлғаларға сенімділік танытқанымен, негізінен, тек өздеріне ғана сенеді. 


21 
Олардың шешендік дағдылары қалыптасқан, ым-ишарасы және дене бітімінің 
қозғалысы жақсы дамыған, олар өз-өздерін лайықты ұстай алады. Олар 
қашанда жинақы, өздерін маңызды сезінеді, бірақ тәкаппарлық көрсетуден ада. 
Олар мадақтау мен сынды байсалды қабылдайды. Олар өздеріне айтылған сын 
сөздерді сабырмен тыңдайды, айтылған мақтаулы қошеметтер үшін 
айналасындағыларға алғысын білдіреді, солай бола тұрып, бұдан былайғы 
уақытта мақтау айтпаған жөн екендігін сыпайы түрде білдіре алады. Жоғары 
деңгейдегі мамандардың, жоғары деңгейдегі жағымды имиджді иеленушілердің 
қызметтерін бақылай отырып, И. Д. Ладанов адамдарға не табиғи, не 
қабылданған (қалыптасқан) суггестия тән деген тұжырымға келді. Суггестия – 
адамның психологиялық құбылысы және басқа адамдарға әсер ете білу. Ол 
кейде бейсана, сондай-ақ, кейде арнайы әдістер арқылы да көрінеді. Шын 
мәнінде, суггестия қызмет субъектісінің имиджіне «жазылған», ал біздің 
жағдайда – кәсіптік қызметтің әртүрлі салалары маманының имиджіне 
енгізілген.
1
Жағымды имидж қалыптастыру негізінде бейне жатыр. Бейне – бұл 
шынайылықтың тікелей немесе жанама түрде көрінуі нәтижесінде адамның 
санасында пайда болатын ойдағы сурет. Бейнеде көрсетілетін объектілердің, 
заттардың, құбылыстардың сыртқы ғана емес, сондай-ақ ішкі маңызды 
сипаттамасы көрсетілген. Тікелей байқалмайтын ерекшеліктер субъектінің 
өзінің түсініктеріне, оның сыртқы дүниені, сондай-ақ тұлғаның субъективті 
ішкі дүниесін қабылдаудың қалыптасқан стереотиптеріне байланысты 
объектілерге тіркеледі. Бұдан әрі өзіндік «меннің» ішкі бейнесі адамның мінез-
құлығын реттеуші ретінде көрінетін болады. Жағымды имидж – айналадағы 
адамдарды субъектінің егер олар осы адамның орнында болған жағдайда, 
бойларына сіңдіргісі келетін ең жақсы, әлеуметтік-қолайлы, мінсіз қасиеттердің 
нақ иесі екеніне сендіру қабілеті. Жағымды имидж тұлғаның жеке қасиеттерін 
ғана емес, сондай-ақ бойына арнайы сіңдірілген қасиеттерді де көрсетеді. Бұл – 
сыртқы бейне, психологиялық ерекшеліктер, әлеуметтік мінез-құлық, ым-
ишараттар, киіну стилі, сөйлеу мәдениеті. Бірқатар көпшілік кәсіптер үшін 
«имидждеу» қажет, бұл жағымды әсер тудыру мақсатында сыртқы келбеттің 
мүмкіндіктері арқылы әрекет етуге көмектеседі. Болашақ маманның жағымды 
имиджін қалыптастыру, имидж жасау және қолдау үшін сән нормаларын (ескі 
сәнде болуға болмайды) сақтау керек болады, солай бола тұрып, белгілі бір 
консерватизм, салмақтылық, байсалдық та қажет. 
Болашақ маманның жағымды имиджін қалыптастыру өзін-өзі айқындау, 
белгілеу және өзін-өзі таныстыру технологияларын меңгеруді білдіреді. 
Көптеген жағдайларда гуманитарлық бағыттанушылықта, әсіресе, өз бейнеңді 
жасау саласында, жеткілікті білімдерге ие болмаса да, маманның қандай да бір 
имиджі қалыптасқан болады, сонымен қатар оның қызметінде өзін-өзі 
1
И. Д. Ладановты қар., Нарықтық құрылымдарды басқару психологиясы: қайта өзгерген көшбасшылық. – М.: 
УЦ Перспектива, 1997. 


22 
таныстыру, басқаша айтқанда өзін басқаларға таныстыру деген міндет бар 
болады. Кәсіптік саласына қарамастан, маманның қызметі міндетті түрде өзін-
өзі анықтауды, айқындауды да қамтиды, яғни ол өзінің сыртқы бейнесін басқа 
адамдарға 
көрсету 
болып 
табылатын 
мінез-құлықтың 
имидждік 
стратегияларының көмегімен өзі туралы пікірдің пайда болуын, қалыптасуын 
басқара білуі керек. Осылайша, «имидж» ұғымы менеджер, басшы тұлғасының 
қасиеттерімен ғана ара қатынаста емес, сонымен қатар түрлі кәсіптік сала 
мамандарының қасиеттерімен де өзара байланысты. Болашақ маманның 
жағымды имиджін қалыптастырудың негізін индивидтің коммуникабельділігі 
немесе адамдармен тез тіл табысу қабілеті, сондай-ақ эмпатиялық, яғни 
басқалардың уайымы мен қайғысына ортақтаса білу, және көңілін білдіру 
қабілеті сияқты тұлғалық қасиеттері құрайды. Басқаларды тыңдай білу және 
түсіну білу, сөзбен айналасындағыларға ықпал ету қабілеті ретінде ділмар болу 
қажеттігі айқын. Болашақ маманның жағымды имиджін қалыптастыруға ол 
ұстанатын адамгершілік құндылықтар, адамдарға әсер етудің психологиялық 
механизмдері, жанжал жағдайлардың алдын алу және шеше білу дағдылары 
енеді. Имиджді қалыптастыруға шебердің өмірлік тәжірибесі, оның жеке 
интуициясы, тұлғалық әлеуеті, іскери этикеттің нормаларын білу және сақтау, 
сыртқы және ішкі сөйлеу логикасы, сұрақ қою және жауап беру техникасын 
меңгеруі, әртүрлі әлеуметтік топтарда және психологиялық типтері әртүрлі 
әңгімелесушілермен өзін-өзі ұстаудың қажетті тактикасын таңдауы әсер етеді. 


23 
1-сурет. Жағымды имидж моделі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет