Геоботаниканың мақсаты- өсімдіктерді топтастырудағы заңдылықтарды, топтастырылған өсімдіктердің сапасы мен құрылысын, қолдану жолдары (өнімділігін жоғарылату жіне жақсарту, жаңасын қалыптастыру) мен тиімді пайдалану жолдарын зерттеу.
Геоботаника (фитоценология) құрылымына төмендегідей міндеттер кіреді:
1) Табиғи және адам қолымен жасалған фитоценоз типтерін зерттеу
(өсімдіктер жамылғысының фитоценологиялық құрамын анықтау);
2) Фитоценоздың құрылысын және флористикалық құрамын анықтау;
3) Өсімдіктер жамылғысының фитоценологиялық құрамының фитоценоздардың флористикалық құрамы және олардың құрылысының, топографиялық және климаттық жағдайға байланысты таралуын және кеңістік байланыстылығын, ортаның биотикалық факторы және адамзат қызметімен байланыстылығын (таралу заңдылығы, фитоценоз топографиясы және географиясы, геоботаникалық аймақтарға бөлу, өсімдіктерді картаға түсіріу) анықтау;
4) Ішкі және сыртқы факторларға байланысты (генезис және өсімдіктер
эволюциясы, фитоценоз динамикасы, сукцессиялық қатар) фитоценоздың ауысуы және өзгеруін, қалыптасуын зерттеу;
5) Әсер етуші жағдайларға байланысты фитоценоздағы өсімдіктердің өзара әсері, өсімдіктердің биологиялық және экологиялық ерекшеліктері (өсімдіктердің өзара фитоценотикалық арақатынасына талдау);
6) Фитоценоз және орта арасындағы өзара бірлестік және өзара әсер жөнінде зерттеу (фитоценоз синэкологиясы);
7) Өсімдіктер жамылғысының географиялық және тарихи өткен жағдайларын қазіргі өсімдік жамылғысымен салыстыру (өсімдікиер тарихы);
8) Әртүрлі деңгейдегі және түрлі систематикалық топтағы фитоценоздарды тұтас классификациялық бірлікке біріктіру (өсімдіктерді жүйелеу және жіктеу);
9) Өсімдіктерді экономикалық бағытта қарастыру және оларды жақсарту жолдары, салыстырмалы тиімді орналастыру және пайдалану (қолданбалы геоботаника).
2.
Геоботаниканың басқа ғылым салаларымен байланысы.
Көптеген ботаниктер геоботаниканы өсімдіктер географиясының бір бөлігі ретінде қарастырады. Басқа ғалымдар өсімдіктің экологиялық фитоценозына жатқызады. Негізінде дұрысы, геоботаника өсімдіктер экологиясы және географиясынан фитоценоз табиғаттың арнайы бөлшегі екендігі аныөталғаннан кейін бөлініп шықты.
Геоботаника ғылым ретінде зоология пәндерімен байланысты, әсіресе жануарлар экологиясы жәнегеографиясымен. Жануарлар фитоценозда тіршілік етіп, ондағы өсімдіктерге әсер етеді.
Геоботаника физикалық, географиялық ғылымымен байланысты. Өсімдіктерді тұтас бірлік ретінде қарастыру арқылы олардың физикалық, географиялық жағдайға әсері немесе ортаның өсімдіктерге әсері анықталады.
Геоботаника топырақтанумен, метерология мен климатология, гидрологиямен, геморфологиямен байланысты. Фитоценоздағы өсімдіктердің таралын анықтауда климатты, рельефті, субстратты анықтау қажет. Өсімдік өсу ортасымен тікелей байланысты.
3.
Геоботаника бөлімдері және зерттеу әдістері.
Фитоценология немесе геоботаника ірі төрт бөлімнен тұрады:
1. Синморфологиялық фитоценоз фитоценоздың құрылымын, пішінін және оның құрылымы мен пішінінің өзгеруін зерттейді.
Нақты тоқталғанда, синморфология фитоценозда қоныстанған организмдердің таралуын, фитоценоздың өнімділігін зерттейді.
2. Синбиология бөлімі фитоценоздағы организмдердің өзара қарым-қатынасын, осы қарм-қатынастан туындайтын өзгерістерді зерттейді.
Синбиология организмдердің өзара күресін, өзара бірлесіп тіршілік етуін, фитоценоздыңқайта жандануын, фитоценоздың ауысуынң сонымен қатар фитоценоздың қайта жандануы кезіндеосы заңдылықтардың жүруін зерттейді.
3. фитоценоздың синэкологялық бөлімі фитоценозға қоршаған ортаның әсерін зерттейді. Нақты айтқанда, синэкология фитоцензға қоршаған ортаның әсерін, фитоортаның ценобионттардың түзілуіне әсерін, ценоздың климаттық және маусымдық өзгерістерін, фитоортаның және сыртқы ортаның өзгеру жолы мен фитоценоздың қайта жаңаруын зерттейді.
4. ценогеография фитоценоздың кеңістікте таралуын және олардың таралу кезіндегі өзгеруін зерттейді.
4.
Геоботаниканың ғылым ретінде даму кезеңдері.
Тарихқа дейін ( парадигмальды кезеңге дейін). Бұл кезеңде геоботаника ботаникалық географияның бір бөлігі болды, оның негізі түсініктері және алдына қойған мақсаты қалыптаспаған. Бұл кезең XVI ғасырда басталып, XX ғасырдың 1910 жылға дейін жалғасты, яғни Ботаниктердің III халықаралық конгресі Брюссель қаласында алғаш рет негізгі синтаксондар ( классификация бірліктері )- өсімдіктер ассоциациясына анықтама бергенге дейін жалғасты.
Тарих кезеңі (өсімдіктердің, организмдердің дискреттілік парадигма кезеңі )(1910-1960 жыл). Бұл кезеңнің парадигма деп аталу себебі – оның негізі фитоциноз және организм жөнінде ойлардың ұқсастығында ( фитоценоз органзмнің аналогі тәрізді). Өсімдіктер қауымдастығы коэволюция нәтежиесі ретінде қаралды, түрлердің эволюция барысында бір-біріне бейімделуі негізге алынады.Фитоценоздың табиғи шекарасын нақты көрсету, барлық фитоценоздарды объективті түрде санау, сонымен қатар фитоценоздың табиғи классификациясын жасау болып табылады.
Қазіргі кезең (континуум парадигмасы кезеңі) (1970 жылдан осы кезеңге дейін). Өсімдіктердің дискреттілігі туралы ұғымды сынау 1910 жылы орыстың геоботаник-шалғындықтаушысы Леонтий Григорьевич Раменскийдің «Өсімдіктер жамылғысының үздіксіздігі туралы» баяндамасында жәнеамерикан ботанигі Г.Глинзон еңбектерінде жазылған. Л.Г.Раменскийдің айтуы бойынша, қауымдастықтағы әрбір түр жеке таралды және өзгеру барысында қауымдастықтан жойылады, яғни табиғи өсімдікте𠬬¬¬–бұл үздіксіз таралу ретінде қаралуы керек, яғни қоршаған ортаға байланысты континуум парадигмасымен қорытындыланады.Екі концепциясының негізгі айырмашылығы мынада: дискреттілік концепциясы фитоценоздың объективті табиғи классификациясын жасау жасау жолдарын қарастырды, әрине фитоценоздар арасында нақты шекаралар бар, ал континуалистер тек жасанды субъективті өсімдіктер классификациясын жасауға болады деп қарастырды,яғни ол өсімдіктер қауымдастығымен жұмыс істеуге қолайлы фитоценоз біртіндеп бір-біріне ауысады (уақытқа және кеңістікке байланысты бір-біріне ауысады), сондықтан олардың арасындағы шекара уақытша және фитоценоздың қандай да бір масштабын қамтумен байланысты деп түсіндірілді.
5.
«Экотоп», «биотоп», «биоценоз», «биогеоценоз» уғымдары.
Достарыңызбен бөлісу: |