А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы



Pdf көрінісі
бет101/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   153
Байланысты:
S4
Вредные привычки и как с ними бороться
12.
 
МҰНАЙ ӨҢДЕУДІҢ ГИДРОГЕНДІ ПРОЦЕСТЕРІ 
 
Гидрогенді процестер мұнай өңдеу және мұнай химиясында кең 
қолданыс табуда. Олар тұрақты жоғары октанды бензин алуда, дизельді және 
қазандық отындарының, сонымен қатар, майлағыш майлардың сапасын 
арттыруда қолданылады. Мұнай химиясы өндірісінде гидрлеу реакциясының 
көмегімен циклогексан және оның туындылары, көптеген аминдер мен 
спирттер және басқа да мономерлер алынады. 
Мұнай шикізатының гидрогенді процестерін сутегінің артық мөлшерінде 
жоғары қысымда жүретін крекинг ретінде қарастыруға болады; бос сутегі 
крекинг нәтижесінде түзілген өнімдерге қосылады, яғни өнімдегі сутегінің 
жалпы мөлшері бастапқы шикізаттағы мөлшерінен артық болады. Гидрогенді 
және крекинг процестерінің негізгі ерекшеліктері осы болып табылады.
Гидрогенді процестердің соңғы уақытта тез дамуы тауарлық мұнай 
өнімдерінің сапасына деген талаптардың өсуіне, сутегі өндірісі бағасының 
төмендеуіне және тиімділігі жоғары катализаторларды синтездеуге 
байланысты болып отыр. 
Мұнай өңдеу өндірісінде гидрогенді процестер екі бағытта дамуда:
1) мұнай фракцияларын гидротазалау және 2) мұнай қалдықтары мен ауыр 
дистилляттарды деструктивті гидрлеу (гидрокрекинг, гидродеалкилдеу). 
Гидрлеудің термодинамикасы мен катализаторлары.
Гидрлеу және 
дегидрлеу реакцияларының көптеген ортақ физика-химиялық заңдылықтары 
бар. Бұл реакцияларды қайтымды өзгерістер жүйесі деп қарастыруға болады.
Барлық гидрлеу реакциялары экзотермиялы. Негізгі гидрлеу 
реакцияларының жылу эффектілері дегидрлеу реакциясының мәніне тең, тек 
қарама-қарсы таңбалы болады. 
Көмірсутек кластары гидрленуге қабілеттеріне байланысты мына 
қатарда бойынша орналасады:
алкендер > алкиндер > арендер 
 
Негізгі 
гидрлеу 
реакциялары 
экзотермиялы 
болғандықтан, 
температураның жоғарылауымен реакцияның тепе-теңдігі эндотермиялы 
дегидрлеу реакциясы бағытына ығысады. Сондықтан, гидрлеу процесін 
барынша төмен температурада жүргізген жөн. Бірақ та, реакцияның тиімді 
жылдамдығына жету үшін өндірісте процесті 100-400 ºС температурада 
(катализатордың белсенділігі мен шикізаттың реакциялық қабілетіне 
байланысты) және 0,15-0,5 – 30-40 МПа қысымда жүргізеді. 
Катализатордың бір уақытта тура және кері синтездерді тездететінін 
ескеретін болсақ, гидрлеу және дегидрлеу реакцияларының катализаторлары 
да бірдей заттар болуы тиіс. Бұлар негізінен, I және VIII топ металдары (
Cu, 
Ag, Fe, Co, Ni, Pt, Pd
), кейбір оксидтер (
MgO, Fe
2
O
3
, Cr
2
O
3
, MoO
3
, WO
3
), 
сульфидтер (
MoS
3
, WS
3
) және полифункционалы катализаторлар. 


172 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет