176
Азот атомы бүйір тізбегінде амин тобы түрінде болатын қосылыстар
бәрінен жеңіл гидрленеді:
Егер амин тобы ароматты сақинамен
тікелей байланысқан болса, онда
гидрлеу қиынырақ жүреді:
Азот циклдің құрамында болса, ондай гетероорганикалық
қосылыстар
гидрлеуге бәрінен де қиынырақ түседі. Мысалы, пиридин пентанға және
аммиакқа мына сызба нұсқа бойынша өзгереді:
Конденсацияланған гетероциклді қосылыстардың гидрленуі гетероатомы
бар сақинадан басталады:
Оттекті
қосылыстар
мұнай
өнімдерінің
орта
дистиллятты
фракцияларында
спирттер, эфирлер, фенолдар және нафтен қышқылдары
түрінде кездеседі. Жоғары температурада қайнайтын
фракцияларда оттегі
негізінен көпіршелі байланыстарда және молекулалардың сақиналарында
орналасады. Оттекті қосылыстар шайырларда
және асфальтендерде
жиналады. Оттекті қосылыстарды гидрогендеу кезінде сәйкес көмірсутектер
және су түзіледі. Шайырлар мен асфальтендер
төмен молекулалы
қосылыстарға айналады.
Оттекті қосылыстардан гидротазалау процесінің жүру жағдайы күкіртті
қоспаларды бөліп алу кезіндегімен бірдей. Гидротазалаудың қарапайым
катализаторлары қатысында мұнай өнімдерін толығымен оттегіден тазартуға
болады.
Мұнай фракцияларында кездесетін металлорганикалық қосылыстар
ыдырау кезінде бос металл бөліп шығарады, олар катализаторлардың бетіне
қонып, белсенділігін төмендетеді. Гидротазалау
арқылы металлорганикалық
қосылыстардың көп бөлігінен (75-95%) тазартуға болады.