А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы


 МҰНАЙ ГАЗДАРЫН ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ



Pdf көрінісі
бет120/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   153
Байланысты:
S4

16. МҰНАЙ ГАЗДАРЫН ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ 
 
16.1 Мұнай газдарының жіктелуі 
 
Шығу тегіне байланысты мұнай газдары 
табиғи

ілеспе
және
жасанды 
болып бөлінеді. 
Табиғи газдар арнайы кен орындарынан, ілеспе газдар мұнаймен бірге 
өндіріледі.
Жасанды газдар мұнайды термиялық және катализдік өңдеу барысында
түзіледі. Жасанды газдардың құрамы өңдеу процесінің типіне байланысты 
бір-бірінен өзгеше болып келеді. Мысалы, термиялық процестердің және 
катализдік крекингтің газдары құрамында көп мөлшерде қанықпаған 
көмірсутектер болса, катализдік риформингтің, гидротазалаудың және 
гидрокрекингтің газдарында олар мүлдем болмайды. 
Газдың құрамынан оны пайдаланудың бағыты тәуелді болады. 
Катализдік крекингтің газы бутилен мен изобутанға бай болғандықтан, 
изомерлену процесінің шикізаты ретінде қолданылады. Риформингтің 
газдарында сутегі 75-90% болады, сондықтан оны гидротазалау мен 
гидрокрекинг процестерінің қажеттілігі үшін қолданады. 
Газды жеке көмірсутектерге және көмірсутекті фракцияларға бөлу 
арнайы жабдықталған газды фракциялаушы қондырғыларда (ГФҚ)
жүргізіледі. Мұнай өңдеу зауыттарында, әдетте, ГФҚ екеуден кем болмайды, 
оның біреуі қаныққан көмірсутектерді өңдеу үшін, ал екіншісі – қанықпаған 
көмірсутектерді өңдеу үшін қолданылады. 
Қаныққан көмірсутектерді өңдеу кезінде келесідей өнімдер алынып, 
оларды әртүрлі мақсатта қолданады: 
1) этанды фракция – пиролиздің шикізаты, майларды депарафиндеу
қондырғыларында салқындатқыш агент және т.б. ретінде; 
2) пропанды фракция – пиролиз шикізаты, тұрмыстық сұйытылған газ
көптеген технологиялық қондырғыларда салқындатқыш ретінде; 
3) изобутанды фракция – жасанды каучук (изопренді- және 
бутилкаучук) өндірісінің шикізаты, алкилдеу қондырғыларында қолданады; 
4) бутанды фракция – жасанды каучук өндірісінде бутадиен алу үшін 
шикізат, пиролиздің және тұрмыстық сұйытылған газдың компоненті, 
автомобиль бензиніне қажетті бу қысымын беру үшін қосымша ретінде 
қолданылады; 
5) изопентанды фракция – изопренді каучук алу үшін шикізат, бензиннің 
жоғары октанды сорттарының компоненті; 
6) пентанды фракция – пиролиз және изомерлену процестерінің, амил 
спирті өндірісінің шикізаты; 
Қанықпаған көмірсутектердің ГФҚ олефинді ағыннан келесідей
фракциялар бөлініп алынады: 


206 
1) пропан-пропиленді фракция – полимербензин, фенол және ацетон
жасанды жуғыш заттар, бутил спирті өндірістері үшін шикізат, алкилдеу 
қондырғысында шикізат үшін қолданылуы мүмкін; 
2) бутан-бутиленді фракция – алкилдеу және полимерлену
қондырғылары үшін шикізат, жасанды каучук өндірісінде майларға қосымша 
ретінде қолданылады. 
Газдарды фракцияларға бөлу және әрі қарай өңдеу процестерінің 
алдында кептіру және тазалау процестері жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет