А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы



Pdf көрінісі
бет130/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   153
Байланысты:
S4
Вредные привычки и как с ними бороться
17.4. Дизель отындары 
 
Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарында 2009 жылы 4 млн т жуық 
дизель отындары өндірілді. Күкірттің мөлшері 0,2-0,5 пайыз шамасында. 
Өндірілген дизель отындарының 90% 
жаздық 
(Ж), ал 10% 
қыстық
(Қ)
 
дизель отындары болып табылады. Қыстық дизель отынының қату 
температурасы -35-45 
о
С. Қиыр Сібір және Арктика аудандарында қолдану 
үшін 
арктикалық
(А) дизель отыны шығарылады, оның қату температурасы
-55 
о
С.
Дизель отынының сапасын жақсарту үшін арнайы қосымшалар (түтінге 
қарсы, жуғыш, депрессорлы, ескіруге қарсы) пайдаланады.
17.2-Кестеде дизель отындарының сапасына қойылатын талаптар (ГОСТ 
305-82) келтірілген. 
 
17.5. Қазандық, кеме, газды турбиналар және пеш отындары 
 
 


218 
Отындық мазут – мұнайды алғашқы айдаудың қалдығы; жеңіл мазут 
(330 
о
С жоғары) қазандық отыны ретінде қолданылуы мүмкін, ауыр мазут 
(360 
о
С жоғары) гудронға дейін майлы фракцияларға өңдеу үшін шикізат 
болып табылады. Қазіргі кезде мазут катализдік крекинг пен гидрокрекинг 
қондырғыларының шикізаты ретінде қолданылуы мүмкін (бұрын термиялық 
крекинг қондырғыларының шикізаты ретінде қолданылып келді). 
Отындық мазуттар ауыр және сұйық отындардың негізгі өкілі болып 
табылады, оларға флот мазуты және мартен пештерінің отыны кіреді. 
Қазандық отыны тұрақты бу қазандықтарында, өндірістік пештерде 
қолданылады. Ауыр мотор отындары мен кеме отындарын кеме 
энергетикалық қондырғыларында қолданады.
Кесте 17.2. Дизель отындарының сапасына қойылатын талаптар 
 
Көрсеткіш
Ж 
Қ 
А 
Цетан саны, кем емес 
45 
45 
45 
Қату температурасы, 
о
С, көп емес 
-10 
-35/-45 
-55 
Лайлану температурасы, 
о
С, көп емес 
-5 
-25/-35 

Кинематикалық тұтқырлық, мм
2
/с 
3,0-6,0 
1,8-5,0 
1,5-4,0 
Меркаптанды күкірттің мөлшері, % 
0,01 
0,01 
0,01 
Жалпы күкірттің мөлшері, % 
0,2 
0,2 
0,2 
Қышқылдылығы, мг КОН/100 см
3



Иодтық саны, г І
2
/100 г 



Күлділігі, % 
0,01 
0,01 
0,01 
20 
о
С-ғы тығыздығы, кг/м
3
860 
840 
830 
Отындық мазуттарды және басқа да сұйық мұнай отындарын мұнай 
өңдеу 
зауыттарында 
тура 
айдау 
процестерінен 
немесе 
жоғары 
температуралық өңдеу прецестерінен (крекинг-процесс) алады. Өндіру 
әдістері бойынша тура айдалған мазут және крекинг-мазут деп бөледі. 
Тура айдалған мазут мұнайдың ауыр қалдықтары мен оның тұтқырлығы 
төмен фракцияларының қоспасы. Дистилляттарды ауыр қалдықтармен 
араластыру мазуттың тұтқырлығын стандарттың талабына сәйкестендіру 
үшін жасалады. 
Крекинг-мазут крекинг-процестің тұтқырлығы жоғары ауыр қалдығы 
болып табылады. 
Қазандық отындарына ГОСТ 10585-75 сәйкес дайындалған М-40 және 
М-100 маркалы мазуттары жатады. М-40 мазутына қату температурасы 10 
о
С 
дейін төмендеуі үшін 8-15% ортадистиллятты фракцияларды қосады, ал
М-100 мазутына дизельді фракцияларды қоспайды.
Ауыр мотор отындарына Ф-5 пен Ф-12 флот мазуттары (ГОСТ 10585-75) 
және ДТ мен ДМ мотор отындары (по ГОСТ 1667-68) жатады. 
Кеме отындарына ТМС дистиллятты отыны (ТУ 38.101567-87) және 
СВТ, СВЛ, СВС қалдық отындары (ТУ 38.1011314-90) жатады. 


219 
Ф-5 маркалы флот мазуты 60-70% тура айдалған мазут пен 30-40% 
дизель отынының қоспасынан дайындалады. Сонымен қатар оның құрамына 
22% дейін екіншілік процестердің керосинді-газойлды фракциясын, мысалы 
каталитикалық және термиялық крекингтің жеңіл газойлдарын қосуға 
болады. 
17.3-Кестеде отындық мазуттардың сапасына қойылатын талаптар 
(ГОСТ 10585-75 бойынша) келтерілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет