Кесте 18.8. Медициналық вазелиннің негізгі техникалық
сипаттамалары
Көрсеткіштер
Сынақ
әдістері
ГОСТ 3164-78
бойынша меже
Нәтиже
20
о
С-дағы тығыздық, кг/м
3
ГОСТ 3900
0,850-0,890
0,855
50
о
С-дағы кинематикалық
тұтқырлық, мм
2
/с
ГОСТ 33
28,0-38,5
30,39
Күлділік,
%
, мас
ГОСТ 1461
≤ 0,005
0,003
Жабық тиглде жарқырап тұтану
температурасы,
о
С
ГОСТ 6356
≥ 185
208
Қату температурасы,
о
С
ГОСТ 20287
≤ -8
-24
Түсі, КНС-1 шартты бірлігі
ГОСТ 2667
≤ 6,0
˂ 1,0
Судың және парафиннің мөлшері,
%
ГОСТ 3164
жоқ
жоқ
Күкіртті қосылыстардың мөлшері,
%
ГОСТ 3164
жоқ
жоқ
360
о
С дейінгі фракциялардың
мөлшері,
%
ГОСТ 3164
жоқ
жоқ
232
Сілтілер мен қышқылдардың
мөлшері,
%
ГОСТ 3164
ұстайды
ұстайды
Органикалық қоспалардың
мөлшері,
%
ГОСТ 3164
ұстайды
ұстайды
18.8-кестенің жалғасы
Эфирде, хлороформде, бензинде
ерігіштігі
ГОСТ 3164
толық
толық
100
о
С-дағы меншікті көлемдік
электрлік кедергі, Ом·см
ГОСТ 3164
≥ 1·10
13
1,1·10
14
100
о
С және 1000 Гц кезіндегі
диэлектрлі шығынның тангенс
бұрышы
ГОСТ 3164
≤ 0,01
0,009
20
о
С және 500 Гц кезіндегі электр
өрісінің тартылысы, кВ
ГОСТ 3164
≥ 50
60
20
о
С және 1000 Гц кезіндегі
диэлектрлі өткізгіштік
ГОСТ 3164
2,0-2,4
2,1
233
19. Мұнай битумдары
Қазақстан Республикасында мұнайдың қалдықтарын пайдалану өзекті
мәселелердің бірі болып отыр. Өйтекені, олардан мұнай битумдарын алуға
болады. Битум құрылыста, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, реактивті
техникада, реактивті сәулелерден қорғануда қолданылады. Қазақстанда
мұнай битумдарын шығаратын зауыт Ақтауда, қондырғылар Павлодарда
және басқа қалаларда бар.
Битумдар
жоғары молекулалы көмірсутектердің қоспасынан және
олардың оттекті, азотты, күкіртті туындыларынан тұратын қара түсті
органикалық заттар. Бөлме температурасында битумдар қатты, тұтқыр және
тұтқырлы сұйық болады, олар органикалық еріткіштерде (ыстық бензолда,
хлороформада, күкіртті көміртекте және т.б.) жақсы ериді, қыздырғанда
жеңіл жылжымалы сұйықтыққа айналады, ал салқындатқанда қайтадан
қоюланады; олардың нақты тығыздығы ~ 1 г/см
3
. Битумдар табиғи түрде
кездеседі, сонымен қатар, мұнайды, торфты, көмірді, сланецты тотықтырып
алынады.
Табиғи битумдар
геологиялық және климаттық факторлар әрекетінен
мұнайдан құрылған, яғни мұнайдың жеңіл фракциялары жер қыртысының
сызаттары арқылы жоғары қабатқа көтеріледі, күннің қызуынан буланады,
полимерленеді және ауадағы оттегімен тотығады. Табиғи битум әктастарды,
құмдақтарды, доломиттерді және басқа тау жыныстарын сініреді және
олардың мөлшері 5–20% құрайды. Табиғи битумдар жер қыртысының
жоғарғы қатпарларында көл түрінде жиналады, оларды
битуминозды
немесе
асфальтты жыныстар
деп атайды. Битуминозды жыныстардан битумды
бөліп алудың екі тәсілі бар.
Бірінші тәсіл бойынша асфальтты жынысты 6-10 мм бөлшектерге
ұнтақтайды, қазанға салып, оған су қосады. Суға битумдағы минералды
бөлшектерді бөліп алуды жақсарту үшін тұз қышқылын қосады. Қышқыл су
мен жыныстың қоспасын тұрақты араластыра отырып қайнатады, осы кезде
битум балқып, қоспаның бетіне жиналады. Оны судан және минералды
бөлшектерден бөліп алады. Кейбір жағдайда битумды ауамен тотықтырады,
яғни оның тұтқырлығын қажетті мағынаға дейін көбейтеді.
Екінші тәсіл бойынша битумды жыныстарды ұнтақтайды, арнайы
сыйымдылықтарға тиеп, органикалық еріткіштер құяды және араластырады.
Битум еріткіште ериді, сонан соң еріткішті буландыру жолымен битумды
алады. Екіншісіне қарағанда, табиғи битумдарды алудың бірінші тәсілі
үнемді.
234
Битуминозды жыныстардан оларды ұсақтап асфальтты ұнтақтар
алынады. Мұндай дисперсті ұнтақты коррозияға қарсы жабынды, асфальтты
бетондар, асфальтты мастика сияқты заттарды дайындау үшін қолданады.
Мұнай битумдары
мұнайды қайта өңдеу кезінде алынады. Мұнай
битумдарын алудың бірнеше әдістері белгілі:
1) атмосфералық-вакуумда айдау (қалдық битумдар);
2) мұнай қалдықтарын – гудрондарды ауадағы оттегімен тотықтыру
(қышқыл битумдар);
3) жоғары температурада және үлкен қысымда мазутты крекинглеу
тәсілімен алынған крекинг-қалдықтарды ауа үрлеу жолымен тотықтыру
(крекинг битумдары);
4) пропанмен және басқа әлсіз еріткіштермен гудронды деасфальттау
арқылы асфальтты-шайырлы бөлігін тұндыру (экстрактты битумдар);
5) қышқыл гудрондарды қайта өңдеу (қышқылды битумдар);
6) экстрактты битумдар мен мұнайды қайта өңдеу кезінде алынатын
қалдықтарды араластыру (аралас битумдар).
Битумдар жоғары молекулалы көмірсутектерден, олардың гетероатомды
(O, S, N, V, Fe, Ni, Na және т.б.) туындыларынан тұратын күрделі қоспа.
Битумның элементтік құрамы шамамен былай болып келеді (% масс.): С –
80-85; Н – 8-11,5; О – 0,2-4; S – 0,5-7; N – 0,2-0,5.
Маркуссон әдісі бойынша битумдардың құрамын майларға, шайырларға,
асфальтендерге, асфальтогенді қышқылдарға және олардың ангидридтеріне
бөледі.
Майлар битумдардың қаттылығын және жұмсару температурасын
төмендетеді, олардың ақиқаттығы мен булануын ұлғайтады. Майлардың
молекулалық массасы 360, С : Н = 0,55-0,66, тығыздығы ˂1 г/см
3
.
Битумдар құрамына кіретін май қосылыстарының сипаттамасы
мынадай: қалыпты және изоқұрылысты ≥ С
26
тұратын порфиринді
қосылыстар, тығыздығы 0,79-0,82 г/см
3
, рефракция коэффициенті 1,44-1,47,
молекулалық массасы 240-600, қайнау температурасы 350-520
о
С, балқу
температурасы 53-90
о
С.
Нафтенді құрылысы бар қосылыстардың құрамы 20-35 көміртек
атомдарынан тұрады, тығыздығы 0,82-0,87 г/см
3
, рефракция коэффициенті
1,47-1,97, молекулалық массасы 450-650.
Ароматты қосылыстар моноциклден полициклге өткенде алифатты
тізбектері қысқарады. Битумдардан бөліп алған моноциклді ароматты
қосылыстардың рефракция коэффициенті 1,053-1,059, молекулалық массасы
450-620,
бициклді арендердің рефракция коэффициенті 1,535-1,59,
молекулалық массасы 430-600, ал полициклді ароматты қосылыстардың
рефракция коэффициенті >1,59, молекулалық массасы 420-670.
Шайырларқалыпты температурада қызғылт-күрең түсті қатты заттар,
олардың тығыздығы 0,99-1,08 г/см
3
. Шайырлар битумдардың қаттылығын,
майысқыштылығын және созылғыштылығын тасымалдаушылыр болып
табылады. Олар алифатты тізбектері мен біріккен конденсация дәрежесі
235
жоғары тізбекті және гетеротізбекті құрылымдағы молекулалық органикалық
қосылыстарға жатады. Олардың құрамына 79-87% С; 8,5-9,5% Н; 1-10% О,
1-10% S; ˂2% N және Fe, Ni, V, Cr, Mg, Co кіреді. Шайырлардың
молекулалық массасы 300-2500.
19.1-Кестеде табиғи және жасанды битумдарды жіктеу көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |