А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы


Кесте 1.2. Мұнай және мұнай өнімдерінің импорты мен экспорты



Pdf көрінісі
бет9/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   153
Байланысты:
S4
Вредные привычки и как с ними бороться
Кесте 1.2. Мұнай және мұнай өнімдерінің импорты мен экспорты 
(млн т/жылына) 
 
Аймақ, ел 
Импорт
Экспорт
мұнай мұнай 
өнімі 
мұнай 
мұнай 
өнімі 
АҚШ 
446,0 
103,6 
3,2 
39,6 
Канада
45,4 
7,7 
64,4 
19,8 
Мексика

17,5 
86,7 
3,7 
Оңтүстік және Орталық Америка
44,6 
10,5 
104,3 
47,5 
Батыс Европа 
402,7 
96,0 
63,7 
40,0 
ТМД 
0,3 
5,6 
142,9 
67,7 
Орталық Европа 
50,7 
12,1 
0,1 
5,7 
Таяу Шығыс 
4,2 
4,6 
835,9 
105,7 
Солтүстік Африка 
7,9 
5,1 
100,3 
34,7 
Батыс Африка 
2,8 
7,9 
161,5 
2,8 
Шығыс және орталық Африка
22,3 
4,8 
6,0 
0,3 
Австралия және Мұхит аралдары 
24,3 
4,6 
17,2 
5,0 
Қытай
70,3 
18,0 
10,4 
6,9 
Жапония
215,0 
49,0 
0,1 
3,8 
Басқа елдер 

20,0 
15,8 
20,0 
Барлығы
1660,7 
451,2 
1660,7 
451,2 
Әлемдік тәжірибеде сұранысқа сәйкес мұнайдың бағасын бір деңгейде 
ұстап тұру үшін оны өндіруге квота белгіленеді. Халықаралық энергетикалық 
агентствоның болжамы бойынша мұнайға деген дүние жүзілік сұраныс 
жақын арада орташа есеппен жылына 1,6-1,8 пайызға өсіп отырады, соған 
сәйкес оны өндіру де өседі. Мұнай нарығының тұрақтылығы үшін сұраныс 
пен тапсырыстың арасында баланс болу керек. 2014 жылға дейін әлемдік 


14 
нарықта мұнайдың бағасы өте тез өсті. Мысалы, 1970 жылы 1 баррель мұнай 
2,7 долларға тең еді, 1990 жылы – 20 доллар, 2005 жылы – 59 доллар, 2008 
жылы – 100 доллардан асып кетті. Ал, 2015 жылдың басынан бері мұнайдың 
бағасы күрт төмен түсуде.
Мұнай бағасының құбылуы конкуренцияның күшеюінен, тасымалдау 
шығындырының өзгеруінен, мұнай өндіруші аймақтардағы қақтығыстардың 
әсерінен, альтернативті энергия көзінің пайда болуынан, алпауыт елдердің 
арасындағы саясатқа т.б. жағдайларға байланысты. 
Мұнай өте айрықша орны толмайтын табиғи байлық. Егер мұнайдың 
қорын сақтау мәселелері шешілмесе адамзат бір кездері өте үлкен 
проблемаларға кезігеді. Болжамдарға сәйкес мұнайды осы күнгі деңгейде 
өндіре беретін болса, онда мұнайдың барлық қоры 43 жылға жетеді, ал газ – 
63 жылға жетеді. Ауыр мұнайлардың қоры 3-4 есе көп, алайда оларды 
өндіруде көптеген қиындықтар кездеседі. 
Адамзат соңғы 2000 жыл бойы пайдаланған барлық энергияның 
жартысын соңғы 100 жылда қолданған. Энергияны қодану одан әрі өсуде. 
Жыл сайынғы энергияны пайдалану жылдамдығы Жер бетіндегі адамдар 
санының өсуінен тез, қазір 1 адам орташа алғанда 2,5-3,0 тонна отын 
пайдаланады. Әрине энергияны пайдалану әр елде әр түрлі: экономикасы 
дамыған елдерде, мысалы АҚШ-та 12 тонна, ТМД елдерінде – 6 тонна, ал 
дамушы елдерде – 0,2 тоннадан келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет