12
Кенорнындағы мұнайдың геологиялық қоры 500 млн тоннаға бағаланды.
Игеру жұмыстары 1983 жылдан басталды. Өндірілу қоры 100 млн м
3
артыққа
бағаланды, шамамен оның үштен бірі өндірілген. 2010 жылы мұнай өндіру
шамамен 4 млн. тоннаға тең болды. Сонымен қатар, есептеулер бойынша
кенорнында 133 млрд. м
3
газ сақтаулы.
Жаңажол кенорнын CNPC-Ақтобемұнайгаз - Қазахстан-Қытай біріккен
компаниясы игеруде.
7. Жетібай
— газдыконденсаттымұнайлы кенорны Маңғыстау облысы
Маңғышлақ жарты аралында орналасқан, 1961 жылы ашылған.
Мұнайдың геологиялық қоры 330 млн тоннаны құрайды, мұнайдың
қалдық қоры 68 млн тоннаға тең. Мұнай өндірудің 2010 жылғы көрсеткіші
1,12 млн тонна деп бағаланды.
Қазіргі таңда кенорнын игеру жұмысын «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ
және оның ӨК Жетібаймунайгаз жүргізуде.
8. Ақтоты
– теңіздегі мұнай кенорны. Атырау қаласынан 200 км
оңтүстік-шығыста орналасқан, 2003 жылы ашылған.
«ҚазМұнайГаз Барлау
және Игеру» АҚ игеруде.
Геологиялық қоры 269 млн. тонна мұнайға тең, өндірілетін қоры – 100
млн. тонна.
Кәзіргі уақытта кенорны North Caspian Operating Company (NCOC)
консорциумының контракт территориясына кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: