1. МҰНАЙДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ, ӨНДІРУ ЖӘНЕ
ӨҢДЕУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ
1.1. Мұнайдың пайда болуы туралы гипотезалар
Мұнайдың қалай пайда болғандығы туралы сұрақтар адам баласын
ертеден бері қызықтырып келеді. Осы мәселе айналасында әлі күнге дейін
пікір-талас басылған жоқ. Мұнайдың пайда болуы туралы әртүрлі теориялар
мен гипотезалар екі негізгі топқа бөлінеді: бейорганикалық және
органикалық теориялар.
1866 жылы француз химигі М. Бертло мұнай Жер қойнауында
минералды заттардан түзілді деген болжам айтты. Өзінің теориясын дәлелдеу
мақсатында ол бірнеше тәжірибелер жүргізіп бейорганикалық заттардан
көмірсутектер синтездеді.
Он жылдан соң, 1876 жылы 15 қазанда Ресейдің химия қоғамының
жиналысында Д. И. Менделеев мұнайдың пайда болуы туралы гипотезасын
ұсынды. Ғалымның пікірінше, таулардың түзілу процестері кезінде пайда
болған сызаттар, жарықтар арқылы Жер қыртысына тереңдеп су өтеді.
Температура мен қысымның әсерінен су жер қойнауында темір карбидімен
әрекеттеседі, нәтижесінде темір оксиді және көмірсутектер, мысалы этан
түзіледі. Түзілген заттар сол сызаттар арқылы жер қыртысының жоғарғы
қабаттарына көтеріліп, кеуек шөгінділерді толтырады. Менделеев өзінің
пікірін құрамында көміртегі мөлшері көп шойынды күкірт қышқылымен
әрекеттестіргенде сутегі және қанықпаған көмірсутектердің түзілетіндігіне
сілтеме жасап түсіндіреді.
Бастапқыда Менделеевтің бұл идеясын геолотар қолдай қоймады, олар
зертханада жүргізілген тәжірибелер, табиғатта жүретін процестерден көп
ерекшеленеді деп есептейді.
Алайда, карбидті теория астрофизиктер тарапынан жаңа дәлелдемелер
негізінде қолдау тапты. Аспан денелерінің спектрлерін зерттеу барысында
Юпитер және басқа ірі планеталардың атмосферасынан, сонымен қатар
кометалар қабаттарынан көміртектен және сутектен тұратын қосылыстар
анықталған. Егер, космоста көмірсутектер кең таралған болса, онда табиғатта
бейорганикалық заттардан органикалық заттардың синтезінің жүруі мүмкін
ғой.
1927 жылы В.И.Вернадский «Мұнайдың бейорганикалық генезис
теориясын жақтаушы ғалымдар әлі күнге дейін өз пікірлерін айтуда,
дегенмен мұнайдың ірі жинақталған орнына және мұнайлы аймақтарға бұл
көзқарастың үйлеспейтіндігі анық болып келеді» деп жазған. Мұнайдың және
мұнай тәрізді өнімдердің хроматограммаларын салыстырған кезде
спектрлердің бір-біріне мүлдем ұқсамайтындығын көруге болады.
1888 жылы неміс ғалымдары Г. Гефер және К. Энглер 400
о
С
температурада және 1 МПа қысымда балық майын қайта айдауға тәжірибе
6
жасады. Оларға құрамында алкендер, нафтендер және арендер бар майлағыш
майлар, парафиндер мен қаныққан көмірсутектер алуға мүмкіндік туды.
Кейінірек, яғни 1919 жылы академик Н. Д. Зелинский Балшах көлінің
түбінен алынған өсімдік тектес органикалық тұнба – сапропельді өңдеу
арқылы бензин, керосин, ауыр майлар, сонымен қатар метан алған.
Міне, осындай тәжірибелер арқылы мұнайдың пайда болуының
органикалық теориясы дәлелденді.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап жер қыртысында мұнайдың
пайда болуының органикалық тұнба-миграциялық теориясы қалыптасты. Бұл
теорияның пайда болуы мен қалыптасуына зор еңбек сіңірген ғалымдар
қатарында И.М.Губкин, А.Д.Архангельский, В.С.Соколов және т.б болды.
Бұл теория бойынша мұнай генезисінің бастапқы материалдары ірі су
қоймаларының
органикалық
тұнбалары
(планктон,
балдырлар,
микроорганизмдер, ұсақ жәндіктер) болып табылады. Олар өлгеннен кейін
судың түбінде шөгінді қабат – сапропель түзеді. Шөгінді қабат тығыздалған
сайын биохимиялық процесстер тездейді, жоғары температураның және
қысымның әсерінен органикалық заттардың химиялық реакциялары
басталады, 60
о
С жоғары (бірақ 200
о
С жоғары емес) температурада мұнай
«пісе» бастайды. Мұнайдың негізгі түзілу аймағы болып есептелетін 3-7 км
тереңдікте қолайлы температура болып 60-120
о
С саналады. Осы жерде
миллиондаған жылдар бойы мұнай «пісіп жетіледі». Бұл процестердің
өнімдері – газ және сұйық көмірсутектер.
Мұнай мен газдың кенорындары сақталатын таулы жыныстарды
коллекторлар
деп атайды. Ең жақсы коллекторлық қасиеттер шөгінді
жыныстарда (құм, саз, известь т.б.) болады. Коллекторлы жыныстардың ең
маңызды қасиеттеріне тесікшелердің болуы және өткізгіштігі жоғару болуы
жатады. Көмірсутекті жанғыш қазбалардың көп жиналған жерін
кенорны
деп
атайды. Кенорындарды сәйкесінше былай бөлуге болады:
газ кенорны – құрамында 90% және одан көп метан болатын, тек қана
газдан тұратын болса;
газдыконденсат кенорны – қысымды атмосфералыққа дейін
төмендеткенде газдан 300-400
о
С қайнайтын көмірсутектердің конденсаты
алынатын болса;
мұнай кенорны – негізінен мұнайдан тұратын болса;
мұнайгаз кенорны – егер мұнай қабатының үстінде газ қабаты болса.
Сонымен, бүгінгі күні табиғатта мүнайдың пайда болуы туралы екі түрлі
көзқарас бар. Бірі – биогенді, бұл теория бойынша мұнай жануарлардың
немесе өсімдіктердің қалдықтарынан пайда болды. Екіншісі – абиогенді, бұл
теория бойынша табиғатта мұнай бейорганикалық заттардан синтезделді.
Егер биогенді теорияны жақтаушылардың пікірі дұрыс болса, онда бірнеше
миллион жылдар бұрын пайда болған мұнай жуық арада тауысылуы мүмкін.
Ал, шындық абиогенді теорияны жақтаушылар жағында болса, онда бұған
ешқандай негіз жоқ. Жер сілкінісі нәтижесінде жер қыртысының жарылуы,
бұзылуы болып тұрады, жер бетінде судың мөлшері өте көп, жердің ядросы
7
кейбір мәліметтер бойынша таза темірден тұрады. Бір сөзбен айқанда, жер
қыртысында мұнай әлі де түзіліп жатыр, демек оны таусылады деп қорқуға
ешқандай негіз жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |