1.2. Мұнай мен газды өндіру туралы мағлұмат
ХХІ ғасырдың басында мұнайдың дәлелденген қоры 1070,7 млрд.
баррель (1 баррель = 159 л), газ – 148,7 трлн. м
3
болса, 2008 жылы мұнай –
1258,0 млрд. баррель, газ – 185,0 трлн. м
3
болды. Жаңадан ашылған кен
орындары бұл көрсеткішті аздап өзгертуі де мүмкін. Зерттеу-барлау
жұмыстары қарқынды түрде Оңтүстік Атлантикада (Батыс Африка және
Латын Америкасы жағалауларында), Каспий теңізінде (Қазақстан
секторында), Солтүстік теңізде, Аляскада, Мексика шығанағында
жүргізілуде.
Дүние жүзіндегі ең ірі мұнай кенорнында мұнайдың қоры 20 млрд.
тоннадан артық. Төменде ең ірі 10 мұнай кенорындары көрсетілген
(дәлелденген қоры):
1.
Чиконтепек
Мексиканың шығыс жағалауында орналасқан (
22,1
млрд. Тонн).
Оператор – Pemex
;
2.
Аль-Гавар
Сауд Арабиясында Парсы шығанағының бассейнінде
орналасқан (
20 млрд. тонн)
. Оператор – Saudi Aramco;
3.
Үлкен Бурган
Кувейтте орналасқан (13 млрд. тонн).
Оператор –
Kuwait Petroleum Corp;
4.
Кариока Сугар Лоаф
Бразилияда Атлант мұхитында орналасқан (
11
млрд. тонн
). Оператор – Petrobras;
5.
Шельф Боливар мұнай кенорны мен Венесуэланың
Лагунильяс,
Тиа-Хуана, Бочакеро
мұнай кенорындарының тобы
Маракайбо мұнайгаз
бассейнінде орналасқан (
8,3 млрд. тонн).
Оператор: Petroleos de Venesuela;
6.
Жоғарғы Закум мұнай кенорны Біріккен Араб Эмиратында,
Парсы шығанағында орналасқан (8,2 млрд. тонн ).
Оператор – ADNOC,
ExxonMobil, Japan Oil Development Co.
;
7.
Қ
ашаған
ірі мұнайгаз кенорны Каспий теңізінің солтүстігіндегі
Қазақстандық секторында орналасқан. (
Достарыңызбен бөлісу: |