А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы



Pdf көрінісі
бет5/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153
Байланысты:
S4

8,0 млрд. тонн)
. Оператор – ENI, 
КазМунайГаз, Chevron, Total, Shell; 
8.
Ресейдің ірі мұнай кенорны 
Самотлор 
Ханты-Мансы автономиялық 
округінде орналасқан
 (7,1 млрд тонн).
Оператор – ТНК-ВР; 
9.
Солтүстік/Оңтүстік Парс Парсы шығанағының орталық 
бөлігінде 
Катар (Солтүстік) мен Иранның (Оңтүстік Парс) аймақтық 
суларында орналасқан
 (7 млрд. тонн).
Оператор – Qatar Gaz, Petropars; 
10.
Дацин Қытайда орналасқан (6,3 млрд. тонн).
Оператор – 
PetroChina. 
Кәзіргі кезде мұнай өндіруші басты 15 ел «Миллионерлер клубына» 
кіреді, олар тәулігіне 1 млн баррель мұнай өндіреді. 2010 жылдың басындағы 
мәліметтер бойынша мұнай өндіру (млн т/жылына) былай көрсетіледі: 



Дүние жүзі бойынша 3295 
ОПЕК* 1332 
Ресей 425 
Сауд Аравиясы 423 
АҚШ 290 
Қытай 170 
Иран 170 
Мексика 160 
Норвегия 150 
Венесуэла 120 
Ұлыбритания 110 
Индонезия 100 
Канада 100 
Ирак 100 
Нигерия 100 
Кувейт 80 
Ливия 75 
*
ОПЕК
 
– мұнайды экспорттаушы елдердің одағы (Сауд Аравиясы, Иран, 
Венесуэла, Біріккен Араб Эмираттары, Кувейт, Нигерия, Ливия, Индонезия, 
Алжир, Ирак, Катар, Габон). 
Қазақстан әлемдегі алғашқы мұнай өндіруші елдердің бірі. Жайық пен 
Жем өзендерінің бойында, Каспий теңізінің жағалауында өмір сүрген 
тұрғындар жер бетіне шығып жатқан мұнайды емдік мақсатта пайдаланып 
келген, соған сәйкес жер атауларын берген, мысалы Майтөбе, Майкөл, 
Майқұдық, Мұнайлы, Қарашұңғыл, Қарамай, Жақсымай т.с.с. 
Қазақстанның мұнайгаз өнеркәсібінің құрылуы мен дамуының негізгі 
сатыларын үшке бөлуге болады. 
Бірінші саты – 1911-1921 жж. 
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Россияда мұнай өндіру 
тез қарқында дами бастады. Мысалы, 1870 жылы елде 1,7 млн пұт мұнай 
өндірілген болса, 1880 жылы – 21,5 млн, 1890 жылы – 243 млн, ал 1902 жылы 
637,7 млн пұт мұнай өндірілді.
Жем бойындағы мұнай кәсіпшіліктерін игеру алғашқыда Ресейдің ұсақ 
кәсіпкерлерінің ықпалында болды. 1899 жылы 40 метр тереңдіктен 
Қарашұңғыл деген жерден мұнай фонтаны атылды. Осылайша Қазақстанның 
мұнай байлығын игеру басталды. 
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Ұлыбританияның, 
Германияның, Голландияның; 
АҚШтың, Францияның 
ірі финанс 
корпорациялары арасында мұнай кен орындарын және мұнай өнімдерін 
сататын нарықтарды қолдарына алу үшін күрес басталды. Қазақстандағы 
алғашқы ағылшын акционерлік қоғамы болып Жайық-Каспий мұнай қоғамы 
құрылды, оның қарауына 22500 м
2
аймақ ды. Бір ғана Доссорда 124 мұнай 
өндіретін кеніштер болған.
1911 жылы 29 сәуірде Доссор кенорнының № 3 ұңғымасынан 225 метр 
тереңдіктен алғашқы фонтан атылған. 30 сағаттың ішінде 16700 пұт мұнай 
жер бетіне шыққан. Мұнайдың сапасы өте жақсы болған, керосиннің 
мөлшері 70 пайызға дейін жеткен. Осылайша Жем бойында ірі өндірістік 
деңгейде мұнай өндіру басталды. 
Осы кезеңде Жайық-Жем аймағында 11 ресейлік және шетелдік мұнай 
компаниялары жұмыс жасады, олардың негізгі капиталы 60 млн рубль 



шамасында болды. Шетелдік капиталдың үлесі жалпы капиталдың 2/3 тең 
болды, соның ішінде ағылшын капиталы 12 млн рубльге тең. Қазіргі кезде де 
Қазақстанның мұнай өнеркәсібінің дамуына үлес қосып жатқан ағылшын 
компаниялары аз емес, солардың ішінде «Бритиш газ», «Роял Датч Шелл», 
«Бритиш петролеум» т.б. атауға болады. Қазақстан экономикасының 
дамуында шетелдік капитал үлкен роль атқарады, олар алдыңғы қатарлы 
өндірістік және коммерциялық тәжірибелер, жаңа идеялар мен технологиялар 
әкеледі. 
1911-1914 жылдар аралығында Жем бойында 422743 тонна мұнай 
өндірілді. Алайда, бірінші Отан соғысы, одан кейінгі Россиядағы 
революциялық процестер, ақ гвардияшылардың қожалығы бұл жердегі мұнай 
өндіру кешендерінің жұмысын тоқтатып тастады. 1920 жылдың аяғында 
мұнай өндіру 37400 тонна болды, яғни 1914 жылдың деңгейімен 
салыстырғанда 13,7 пайызды құрады. 
Екінші саты – 1921-1991 жж.
Мұнай кәсіпшіліктерін мемлекет меншігіне айналдырғаннан кейін 1922 
жылдардан бастап, мұнайлы Жем өлкесінің дауында жаңа дәуір басталды. 
Трест «Эмбамұнай», мұнай тасымалдау, құрылыс, энергиямен жабдықтау 
және т.б. салалар бойынша кәсіпорындар құрылды. 1943 жылы жылдық 
мұнай өндірудің ең жоғарғы көрсеткіші – 978800 тонна мұнай өндірілді. 
1950 жылдардың аяғында Жем бойындағы және Ақтөбе облысындығы 
барланған кен орындарының жартысынан көбі игерілді. Мұнай өндіру 
деңгейі жылына 1 млн тоннаға жетті.
1960 жылдардың басында «Жетібай» ауданында Маңқыстау мұнайының 
алғашқы фонтаны атылды. Еділ-Жайық аймағында «Мартыши» кенорны іске 
қосылды. Қазақстан бойынша мұнай өндіру деңгейі жылына 10 млн тоннадан 
асты. 
1970 жылдары Қазақстандағы мұнай өндіру деңгейі жылына 20 млн 
тоннаға жетті. 
1980 жылдары «Теңіз» кенорны, «Қарашығанақ» газдыконденсат 
кенорны қолданылуға берілді, «Жаңажол» газдыконденсат кенорны ашылды. 
Қазақстандағы мұнай өндіру деңгейі жылына 25 млн тоннаға жетті. 
Үшінші саты – 1991-2016 жж.
Қазақстанның егемен, тәуелсіз ел ретінде 25 жыл өмір сүруі кезінде 
елдің экономикасының дамуына мұнайгаз саласының атқарған ролі өте 
қомақты. 
1991 жылы көмірсутекті шикізаттарды өндіруші 55 елдің арасында 
Қазақстан 24 орын алды.
Қазақстанда осы күні жұмыс жасап жатқан шетелдік және отандық 
компаниялар бір кездері қазақстандық мұнайшылардың дайындаған және 
уақытша тоқтатып тастаған ұңғымаларын пайдалануда. 100 Жылға жуық 
уақыт ішінде мұнай өндіру 2,5 мың есе өсті. 1911 жылдан 1991 жылға дейін 
543,43 млн тонна, 1992 жылдан 2001 жылға дейін 264,66 млн тонна мұнай 


10 
өндірілді. 2001 жылы барлық компаниялар 40 млн тонна мұнай өндірсе, 2010 
жылы газды конденсатпен қосып есептегенде 77,91 млн тонна өндірілген. 
2000 жылы қазақстан мұнайгаз секторының жаңа парағы ашылды – 
теңізде мұнай барлау жұмыстары басталды. 2004 жылы Каспий шельфінде 
«Қашаған» кенорнында фонтан атылды. 
Табиғи газдың
барланған және бағаланған қоры 3,3 трлн м
3
шамасында 
және олар 94 кенорындарында орналасқан. Табиғи газдың 98 пайызы Батыс 
Қазақстанның 4 облыстарында орналасқан. 
Газдың болжамды ресурсы негізінен Каспий шельфі есебінен 6-8 трлн м
3
құрайды.
Табиғи зазды өндіру мен оны өндірісте қолдану көрсеткіштері мынадай: 
1991 – 7,8 млрд м
3
, 2,7 млрд м
3
; 2006 – 27 млрд м
3
, 14,8 млрд м
3
; болжам 
бойынша 2010 – 39,8 млрд м
3
, 25,1 млрд м
3

Қазақстанда мұнай өндіру соңғы кезде жедел қарқында жүруде. Мысалы, 
2007 жылы 70,5 млн тонна мұнай өндірілсе, соның 61,1 млн тоннасы 
экспортқа шығарылды, 13,7 млн тоннасы өңделді. 2015 жылы мұнай өндіру 
85 млн тоннаға жетті. 
Мұнайдың дәлелденген қоры бойынша Қазақстан дүние жүзіндегі 
жетекші 15 елдің қатарына кіреді, көмірсутекті шикізаттың әлемдік қорының 
3,3% ие. 
Көмірсутекті шикізаттың жалпы болжамды өндіру ресурстары 
республикада 17 млрд тонна құрайды, соның ішінде 8 млрд тоннасы Каспий 
теңізінің қазақстандық секторына келеді. Қазақстан территориясының 62 
пайызын мұнай мен газ аймағы алып жатыр. Осы аймақта 172 мұнай және 42 
конденсатты кенорындары орналасқан. Көмірсутектер қорының шамамен 
70
% еліміздің батысында жинақталған.
Қазақстанның ең ірі мұнайгаз кенорындарын атап өтсек: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет