48
Газ күйіндегі көмірсутектердің шынайы мольдік жылу сиымдылығы
температура мен мольдік массаның жоғарылауына сай өседі. Молекуладағы
көміртек атомдарының саны сәйкес келетін барлық көмірсутектердің
арасында парафинді көмірсутектердің жылу сиымдылығы ең жоғары мәнге
ие болады.
Мұнайды терең өңдеу технологиясында көп жағдайда сутегі
қолданылады. Сондықтан оның қасиетін білу керек. Сутегінің жылу
көрсеткіштері көмірсутектерден өзгеше болып келеді, мысалы жылу
сиымдылығы 5-6 есе жоғары болады.
Достарыңызбен бөлісу: