А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы


Мұнай өнімдерінің жылу физикалық қасиеттері



Pdf көрінісі
бет35/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   153
Байланысты:
S4
Вредные привычки и как с ними бороться
3.9. Мұнай өнімдерінің жылу физикалық қасиеттері 
 
Мұнай мен газды өңдеу процестерінің барлығы қыздырумен немесе 
салқындатумен байланысты. Технологиялық процестерді жүргізу, зауыт 
аппаратураларын есептеу және жобалау мұнай және мұнай өнімдерінің жылу 
физикалық қасиеттерін жан-жақты зерттеуді талап етеді. Мұнайдың және 
мұнай өнімдерінің жылу физикалық қасиеттеріне меншікті жылу 


47 
сиымдылық, булану жылуы, энтальпия, жылу өткізгіштік, жану жылуы, 
балқу және сублимация жылуы және т.б. жатады. 
3.9.1. Жылу сиымдылық 
 
Жылу сиымдылық
деп зат массасы бірлігін бір градусқа қыздыруға 
жұмсалатын жылу мөлшерін айтады. Заттың құрамын белгілеу әдістеріне 
байланысты массалық (Дж/кг

К), мольдік (Дж/кмоль

К) және көлемдік 
(Дж/м
3

К) жылу сиымдылықтары деп бөледі. Іс жүзінде көбіне массалық 
жылу сиымдылық қолданылады. 
Шынайы және орташа жылу сиымдылықтары деп ажыратылады. 
Заттың белгілі температурадағы жылу сиымдылығын 
шынайы меншікті 
жылу сиымдылық 
деп атайды: 
/
м
С
dQ dТ

 
 
Орташа меншікті жылу сиымдылық 
деп қыздыру кезінде денеге 
берілетін немесе салқындату кезінде денеден бөлінетін жылудың (
Q

температураның өзгерісіне (
T
2
 – T
1
) қатынасын айтады: 
2
1
орташа
Q
С
T
T


Жылу сиымдылықты анықтау жолдарына қарай 
изобаралық жылу 
сиымдылық 
(тұрақты қысымда 
С
р
), 
изохоралық жылу сиымдылық 
(тұрақты 
көлемде 
С
v
), 
қаныққан кезеңдегі жылу сиымдылық
(қаныққан бу қысымының 
температурадан тәуелділігіне сәйкес). Тұрақты қысымдағы жылу сиымдылық
тұрақты көлемдегі жылу сиымдылықтан көп болады. 
Парафинді мұнай өнімдерінің жылу сиымдылығы бірдей температурада 
нафтенді немесе ароматты мұнай өнімдерінің жылу сиымдылықтарынан 
шамамен 15 пайызға жоғары болады. Түзу тізбекті көмірсутектердің жылу 
сиымдылықтары тармақталған изомерлердің жылу сиымдылықтарынан 
жоғары болады. 
Температураны көтерген сайын сұйық көмірсутектердің жылу 
сиымдылықтары өседі. Тығыздығы мен молекулалық массасы жоғарылаған 
сайын көмірсутектердің жылу сиымдылығы азаяды. Тек қана ароматты 
көмірсутектердің жылу сиымдылықтары өседі. 
Сұйықтар үшін изобаралық жылу сиымдылық изохоралықтан азғантай 
ғана жоғары болады. 
Көмірсутекті газдардың және мұнай буларының жылу сиымдылығы 
сұйық мұнай өнімдерімен салыстырғанда химиялық құрамы мен 
температурадан ғана емес, сонымен қатар қысымнан да тәуелді. 


48 
Газ күйіндегі көмірсутектердің шынайы мольдік жылу сиымдылығы 
температура мен мольдік массаның жоғарылауына сай өседі. Молекуладағы 
көміртек атомдарының саны сәйкес келетін барлық көмірсутектердің 
арасында парафинді көмірсутектердің жылу сиымдылығы ең жоғары мәнге 
ие болады.
Мұнайды терең өңдеу технологиясында көп жағдайда сутегі 
қолданылады. Сондықтан оның қасиетін білу керек. Сутегінің жылу 
көрсеткіштері көмірсутектерден өзгеше болып келеді, мысалы жылу 
сиымдылығы 5-6 есе жоғары болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет