А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы



Pdf көрінісі
бет34/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   153
Байланысты:
S4
Вредные привычки и как с ними бороться
3.7.4.
 
 Оптикалық белсенділік 
 
Мұнай өнімдерінің полюстенген жарық сәулесі жазықтығын өз осінен 
айналдыру (көбіне оңға қарай) қасиетін 
оптикалық белсенділік 
деп атайды
.
Оптикалық белсенділіктің төмендеуі бойынша көмірсутектерді мына қатарға 
орналастыруға болады: полициклді нафтендер, циклоалканоарендер, 
полициклді арендер, моноциклді арендер, алкандар. Айналу бұрышын 
поляриметр көмегімен өлшейді.
3.8. Мұнай өнімдерінің электрлі қасиеттері 
Мұнай және мұнай өнімдерінің 
электрлік қасиеттеріне 
электр 
өткізгіштік, электр қоздырғыштық, диэлектрлі енгіштік, электрлі беріктілік 
және диэлектрлі шығындардың тангенс бұрышы жатады. 


46 
Таза мұнай өнімдері электр тогын нашар өткізеді, сондықтан оларды 
кабельдерді, трансформаторларды және т.б. электроизоляция-лаушы 
материалдар ретінде қолданады. Э
лектр өткізгіштік
сұйық мұнай 
өнімдерінің құрамындағы ылғалдың, бөтен қоспалардың мөлшеріне және 
температураға байланысты. Таза көмірсутектер мен құрғақ мұнай 
өнімдерінің электрөткізгіштігі төмен, мысалы парафин радиотехникада 
изолятор есебінде қолданылады. 
Электр қоздырғыштық 
деп мұнай өнімдерінің резервуарлар мен 
құбырлардың қабырғасымен үйкелісі кезінде пайда болған электр зарядтарын 
сақтап тұру қабілетін айтады. Кейбір жағдайда мұнай өнімдерінде электр 
зарядтары (статикалық электр тогы) жинақталып, ұшқын пайда болуы және 
өртенуі мүмкін. Статикалық электр тогының жинақталуына қарсы 
қарапайым, әрі болашағы бар күрестің бірі мұнай өнімдеріне арнайы 
қосымшалар (присадки) қосу. Бұл қосымшалар бензиннің электр 
өткізгіштігін арттырады және оның өртену қауіптілігін төмендетеді. 
Зарядтардың жинақталуын болдырмайтын қарапайым әдіс резервуарларды 
және құбырларды жермен байланыстыру болып табылады. 
Мұнай өнімдерінің 
диэлектрлі енгіштігі 
басқа диэлектриктермен 
салыстырғанда онша көп емес және үнемі тұрақты шамада болады. 
Трансформаторлардың тоқтаусыз жұмыс жасауына бұл көрсеткіштің маңызы 
жоғары. 
Диэлектрлі шығындардың тангенс бұрышы
(tg

) дегеніміз – 
конденсаторларға және жоғары кернеулі кабельдерге құятын мұнай 
өнімдерінің изоляциялық қасиетін бағалауға керекті көрсеткіш. 
Электр өрісінің әсерінен изоляциялық майлар қызып кетеді. 
Диэлектрикті қыздыруға жұмсалатын шығынды 
диэлектрлі шығын
деп 
атайды. Молекуланың полюстенуі әсерінен пайда болатын диэлектрлі 
шығындар диэлектрлі шығындардың тангенс бұрышымен сипатталады. Бұл 
көрсеткіштердің мәні майдың белгілі бір тұтқырлығында максимумға жетеді 
және температураны көтергенде артады. Мысалы, кабельге құятын майдың 
tg

100 
о
С температурада 0,003 артық болмауы керек, ал трансформатор 
майлары үшін – 0,5 артық болмауы керек. 
Әртүрлі топтық көмірсутекті құрамы бар мұнай өнімдерінің диэлектрлік 
қасиеттерін зерттеу барысында ароматты көмірсутектерден, асфальтты-
шайырлы заттардан және қатты парафинді көмірсутектерден толықтай 
арылған майлардың электрлі параметрлері ең тұрақты екені анықталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет