44
Егер мұнай өнімдерін жоғары температураға дейін қыздырып, ауамен
араластырса, ол жалын тигізбей-ақ өздігінен тұтануы мүмкін. Мұндай
температураны
өздігінен тұтану температурасы
деп атайды. Өздігінен
тұтану температурасы мұнай өнімінің буланғыштығынан емес, оның
химиялық құрамынан байланысты. Ең жоғары өздігінен тұтану
температурасы ароматты көмірсутектерге және ароматты көмірсутектері көп
мұнай өнімдеріне тән, ең төмені – парафиндерге тән.
Көмірсутектердің молекулалық массалары жоғары болған сайын
олардың өздігінен тұтану температурасы төмен болып келеді, себебі ол
көмірсутектердің тотықтырғыштық қабілетіне байланысты болады.
Өздігінен тұтану температурасы ГОСТ 13920-68 бойынша ашық колбада
анықталады. Өздігінен тұтану температурасы жану және тұтану
температураларынан жүздеген градусқа жоғары болады.
Төменде кейбір көмірсутектер мен мұнай өнімдерінің өздігінен тұтану
температуралары келтірілген:
Көмірсутектер
Т
ө.т.
Мұнай өнімдері
Т
ө.т.
Гексан
Циклогексан
Бензол
261,6
270,0
591,7
Бензин
Реактивті отын
Дизель отыны
Мазут
400-450
360-380
320-380
280-300
Мұнай өнімдерін сақтайтын ыдыстардың дұрыс жабылмауы салдарынан
олар өздігінен тұтанып көп жағдайда өрт болады.
3.7. Мұнай және мұнай өнімдерінің оптикалық қасиеттері
Мұнай және мұнай өнімдерінің
оптикалық қасиеттеріне
түсі, жарық
сәулесін сындыру коэффициенті, меншікті рефракция, оптикалық тығыздық
және оптикалық белсенділік жатады. Бұл көрсеткіштердің барлығы
заттардың химиялық табиғатынан өте тәуелді болады, сондықтан мұнай
өнімдерінің оптикалық қасиеттері олардың химиялық құрамын жанама түрде
сипаттай алады.
Достарыңызбен бөлісу: