А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы


Кесте 3.2. Мұнайдың кейбір физика-химиялық қасиеттері



Pdf көрінісі
бет29/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   153
Байланысты:
S4
Вредные привычки и как с ними бороться
 
Кесте 3.2. Мұнайдың кейбір физика-химиялық қасиеттері
(ГОСТ Р 51858-2002) 
Көрсеткіштің аталуы 
Типтер 
Зерттеу стандарттары 

II 
III 
IV 
Тығыздық, кг/м
3
,
 
20 °С температурада

850 

870 

895 
>895 
ГОСТ 3900-85 және 
9.3 ГОСТ Р 51858-2002 
Фракцияның шығымы, 

кем емес 
200 
о
С дейін 
300 °С дейін 
27 
47 
21
43 
21 
41 
19 
35 
ГОСТ 2177-82 (Б әдісі) 
Күкірттің массалық үлесі, 
%, артық емес 
0,6 
1,8 
3,5 
>3,5 
ГОСТ 1437-75 және 
9.2 ГОСТ Р 51858-2002 
Парафиннің массалық 
үлесі, %, артық емес 



бе
лг
іле
н-
бе
йд
і 
ГОСТ 11851-85 
Ауыр металдар мөлшері: 
ванадий, никель және т.б. 
Шама белгіленбейді 
ГОСТ 10364-90 


39 
3.5.
 
Мұнай және мұнай өнімдерінің төмен температуралық
қасиеттері 
Мұнай және мұнай өнімдерінің (мотор отындары, майлар) төмен 
температуралық қасиеттерін білу олардың қозғалғыштығын, сонымен қатар 
көмірсутектердің кейбір топтарының бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді. 
Мысалы, парафинді мұнай өнімдері жоғары температурада қатады, 
құрамында шайырлы заттардың болуы қату температурасын төмендетеді.
Мұнай және мұнай өнімдерінің төмен температуралық қасиеттеріне 
лайлану температурасы, кристалданудың басталу температурасы, сүзілудің 
шекті температурасы, қату және балқу температуралары жатады. 
3.5.1.
 
Лайлану температурасы 
 
Лайлану температурасы 
деп мұнай өнімдері арқылы жарық сәулесін 
өткізген кезде олардың эталон үлгімен салыстырғандағы түстерінің өзгеруі 
(лайлануы) кезіндегі максимальды температураны айтады. 
Авиабензиндер, авиакеросиндер және дизель отындарының лайлану 
температурасын стандартты әдіспен (ГОСТ 5066-91) анықтайды. Ол үшін екі 
стандартты пробиркаға тексерілетін отынның үлгісін (белгіге дейін) құяды 
да, термометрмен және сымнан жасалған араластырғышпен жабдықталған 
кеуек тығынмен жабады. Бірінші пробирканы салқындатқыш қоспа құйылған 
ыдысқа, ал екінші пробирканы (салыстыру үшін) штативке орналастырады. 
Бірінші пробирканы үнемі араластыра отырып, салқындатады және 
болжап отырған лайлану температурасына 5 
о
С қалғанда тез шығарып алып, 
спирт құйылған стаканға салады да, екінші пробирканың жанына қояды. Егер 
жарық сәулесін өткізу кезінде бірінші пробиркадағы отынның түсі өзгермесе, 
онда салқындатуды әрі қарай жалғастырады. Әрі қарай әрбір 1 
о
С 
салқындатқан сайын отынның түсін эталонмен салыстырып отырады. Бірінші 
пробиркада 
лайлану 
байқалған 
кездегі 
температураны 
лайлану 
температурасы
деп есептейді. 
Лайлану температурасымен көп жағдайда дизель отынының төмен 
температурадағы қасиеттерін сипаттайды, әдетте ол 0 
о
С-дан -35 
о
С дейін 
болады. 
Дизель отынының лайлануы құрамында қалыпты алкандардың және 
судың кейбір мөлшерінің болуымен байланысты, олар салқындатқан кезде 
отынның барлық көлемінде ұсақ кристалдар түзеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет