А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы



Pdf көрінісі
бет26/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   153
Байланысты:
S4
Вредные привычки и как с ними бороться
3.2.1.
 
Заттың тығыздығын анықтау 
Мұнай өнімдерінің кейбір түрлерінің тығыздықтары төмендегідей 
аралықтағы шаманы көрсетеді, кг/м
3

Бензин: авиация ............................................................................... 700…725
автомобиль ......................................................................... 735…750
Дизель отыны ................................................................................... 800…850
Мотор майы: бензинді қозғалтқыштар үшін ............................... 910…930
авиациялық қозғалтқыштар үшін............................. 880…905
дизелді қозғалтқыштар үшін .................................... 890…920
Тығыздық температурадан тәуелді. Температура көтерілгенде мұнай 
өнімінің тығыздығы төмендейді. Белгілі температурадағы тығыздықтың мәні 
бойынша 20 
о
С тығыздықты анықтауға болады. Ол үшін температураны 1 
о
С 
өзгерткен кездегі тығыздықтың өзгерісін көрсететін орташа температуралық 
түзеткішті қолдану керек (кесте 3.1). 
Майдың тығыздығын пикнометр арқылы анықтайды. Пикнометрлік әдіс 
бірдей көлемде және бірдей температурада алынған мұнай өнімі мен судың 
массаларының қатынасын көрсететін салыстырмалы тығыздықты анықтауға 
негізделген. Бұл әдіспен мұнай өнімінің тығыздығын үтірден кейінгі 
төртінші санға дейінгі дәлдікпен анықтайды және массаны өлшеу үшін 
0,0002 г артық емес мәнге қателесетін аналитикалық таразыны қолданады. 
Мұнай өнімдерінің тығыздығын пикнометрлік әдіспен анықтайтын әдістеме 
ГОСТ 3900-85 бойынша жүргізіледі.
Отынның тығыздығын нефтеденсиметр (ареометр) және 
гидростатикалық таразының көмегімен анықтайды.
Нефтеденсиметр (ареометр) (1) төменгі жағында салмақ 
үшін балласт пен термометр салынған және жоғарғы жағы 
тығыздықтың шкаласы (2) бар жіңішке шыны түтікше болып 
келетін қуыс шыны қалтқы. Сиымдылығы 250 мл шыны 
цилиндрге (5) абайлап мұнай өнімін құяды. Құрғақ және таза 
ареометрді жоғарғы жағынан ұстап, цилиндрдің қабырғасына 
тигізбей, абайлап және ақырындап мұнай өніміне батырады. 
Ареометрдің тербелісі аяқталған соң менискнің (3) жоғарғы 
шетімен тығыздықтың көрсеткішін белгілейді. Белгілеу кезінде 
зерттеушінің көзі менискнің деңгейінде болуы керек. Сұйықтың 
температурасын ареометрдің термометрі (4) немесе қосымша термометрдің 
көмегімен анықтайды. Тұтқырлығы жоғары мұнай өнімдерінің тығыздығын 
анықтау кезінде бірдей көлемде, тығыздығы белгілі керосинмен (немесе Т-1, 
ТС-1 отынымен) араластырып, қоспаның тығыздығын анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет