А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы



Pdf көрінісі
бет28/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   153
Байланысты:
S4

3.4.
 
Тұтқырлық 
 
Тұтқырлық – қазандық және дизель отындарының, мұнай майларының, 
басқа да мұнай өнімдерінің эксплуатациялық қасиеттерін сипаттайтын 
маңызды физикалық константа. Тұтқырлық деп сұйықтың берілген күшке 
кедергі көрсету мүмкіндігін айтады. Тұтқырлықтың мәні бойынша мұнайдың 
және мұнай өнімдерінің құбырлар немесе түтікшелер бойымен қозғалыс 
мүмкіндігін анықтайды. СИ жүйесі бойынша тұтқырлықтың өлшем бірлігі 
мПа·с өлшенеді. 
Тұтқырлық динамикалық, кинематикалық, шартты және құрылымды 
(тиімді) болып бөлінеді. 
Динамикалық (абсолютты) тұтқырлық 
(

) немесе 
ішкі үйкеліс
деп 
сұйықтықтың қозғалыс күшіне кедергі келтіре алатын қасиетін айтады. Бұл 
қасиетті сұйықтық қозғалыс кезінде ғана іске асыра алады. СИ жүйесінде 
динамикалық тұтқырлық Н

с/м
2
шамасымен өлшенеді. Бұл бір-бірінен 1 м ара 
қашықтықта орналасқан ауданы 1 м
2
сұйықтықтың екі қабатының көрсететін 
кедергісі. Қабаттардың араласуы үшін сырттан жылдамдығы 1 м/с болатын 1 
Н күш әсер етуі тиіс. Н/м
2
= Па екендігін ескеріп, көп жағдайда динамикалық 
тұтқырлықты Па

с немесе мПа

с арқылы көрсетеді.
Кинематикалық тұтқырлық 
(

) деп тұрақты температурадағы 
сұйықтықтың динамикалық тұтқырлығы (

) мен оның тығыздығының (


қатынасына тең шаманы айтады: 



/

. Кинематикалық сұйықтықтың 
өлшем бірлігі м
2
/с. 
Мұнай және мұнай өнімдерін көп жағдайда 
шартты тұтқырлық 
арқылы сипаттайды. Шартты тұтқырлық деп стандартты вискозиметрдің 
арнайы тесікшесі арқылы белгілі температурада (t) 200 мл мұнай өнімінің 
ағып өту уақытының 20
о
С температурада 200 мл дистилденген судың ағып 
өту жылдамдығына қатынасын айтады. Шартты тұтқырлық ВУ
t
 
(ТШ
t

шартты градуспен көрсетіледі.
Ньютонды сұйықтықтардан ерекше мұнайдың дисперсті жүйелерінің 
тұтқырлығы белгілі бір жағдайларда тұрақсыз шама болады. Ол қозғалыс 
жылдамдығының градиентінен байланысты болады. Мұндай жағдайда мұнай 
және мұнай өнімдері тиімді немесе құрылымды тұтқырлықпен сипатталады 


38 
/
эф
Г




мұндағы 

эф
– тиімді тұтқырлық, Н

с/м
2


- сыналып отырған мұнай өнімінің 
қозғауға жұмсалатын кернеу, Н/м
2
; Г – қозғалу жылдамдығының градиенті,
с
-1

Көмірсутектер үшін тұтқырлық оның химиялық құрамынан көп тәуелді 
– молекулалық массасы мен қайнау температурасы жоғары болған сайын 
тұтқырлық артады. Мұнайда ароматты және нафтеді сақиналар көп болған 
сайын, оның тығыздығы артады. Алкандар мен нафтендер молекуласында 
тармақталған 
бүйір 
тізбектің 
болуы 
да 
тұтқырлықты 
көтереді. 
Көмірсутектердің әртүрлі топтарының тұтқырлығы 
алкандар – арендер – 
нафтендер 
қатарында өседі. 
Қалыпты қысымда температураның жоғарылауы мұнайдың тығыздығын 
кемітеді, ал газдардың тығыздығын арттырады. Судың тұтқырлығы 1 мПа·с 
тең болса, мұнайдың тұтқырлығы 1-25 мПа·с аралығында болады. 
Тұтқырлықты анықтау үшін арнайы құрал – 
вискозиметр 
қолданылады. 
Тұтқырлығы аз ашық түсті мұнай өнімдері мен майлар үшін 
кинематикалық тұтқырлық анықталады. Тұтқырлығы жоғары мұнай өнімдері 
үшін шартты тұтқырлық өлшенеді. 
Тұтқырлыққа кері шама қозғалғыштық. Тұтқырлық төмен болса
қозғалғыштық жоғары болады.
Мұнайдың физика-химиялық сипаттамалары мемлекеттік стандарттар 
бойынша (кесте 3.2) анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет