Стоматологиядағы шектелген поза – стоматологтардың кинематикалық талдауы. Әлішер Өмірзақ Азадұлы СТК-502 e-mail: omirzakalisher27@gmail.com Аннотация: Стоматолог дәрігердің жұмысы оның қимылы және өмір салты көп жағдайда жұмыс орнына байланысты. Стоматологиялық жұмыстардың көбі дәрігердің дененің ыңғайсыз күйінде жасалады. Бұл зерттеудің негізгі мақсаты стоматолог дәрігердің қай стоматологиялық жұмысты жасағанда дене күйі ыңғайсыз қалатынын анықтау. Стоматологиялық ыңғайсыз жұмыс негізінде сақталған дене күйі өмірдеде сақталады. Зерттеуге 21 стоматолог қатысты. Әр стоматологтың зерттеуі үшін толық бір күндік жұмысы қамтылды. Кинематикалық мәліметтерді жинау үшін CUELA жүйесі пайдаланылды. Кинематикалық сараптамаға параллель компьютерлік тапсырманы егжей-тегжейлі талдау жүргізілді.
Кілтті сөздер: дәрігер-стоматолог, кәсіби аурулар, стоматология.
Кіріспе: Қазіргі таңда стоматолгияда эргономика өзектілікке ие. Стоматологияда ыңғайсыз жұмыс жасау барысында мойын иық немесе арқа аймағындағы ауырсыну мәселелері күннен күнге өсіп келеді. Бұлшықет тепе-теңдігінің бұзылуының және сәйкесінше бұлшықет проблемаларының пайда болуының негізгі себептерінің бірі - тіс дәрігерлерінің жұмыс кезінде дұрыс емес позасы. Alghadir және т.б. стоматолог мамандарының (респонденттердің 85%-ы) өз кәсібін бастағаннан кейін жұмысқа байланысты тірек-қимыл аппаратының бұзылуының жоғары таралатынын көрсететін сауалнама жүргізді. Жас, жыныс және жұмыс сияқты факторлар жұмысқа байланысты ауырсынумен байланысты болуы мүмкін. Стоматологияда дәрігер ұзақ уақыт бір қалыпты қимылсыз отырғандығына байланысты кәсіби ауруларға шалдығады. Кәсіптік ғылымда дене бірқалыпты күйде төрт секундтан аса ұстап тұрса қалыпты жағдай болып қалады. Ең алдымен, бұлшықеттер эксцентрлік немесе концентрлік емес, изометриялық түрде жұмыс істейді. Стоматологиядағы дәрігерлер арасында дене қалыпы туралы толық мағлұмат алу үшін сенімді зерттеуге жарамды RULA әдісі қолданылады. Бұл әдіс мойын, аяқтың жоғарғы бөлік бұлшықеттері және аяқ қалыптарын өлшейді. RULA әдісін қолдану арқылы 104 үнді тіс дәрігерінің арасында эргономикалық қауіп факторларын және олардың тірек-қимыл аппаратының бұзылыстарымен байланысын анықтау үшін зерттеу жүргізді.