146
өте тез төмендейтін болса, онда катализатор
уланған
дейді, ал қоспаларды –
катализатор уы
деп атайды. Егер шикізат молекуласы катализатордың
беткейінен уды біртіндеп ығыстырып шығара алса және катализатордың
белсенділігі бірнеше уақыттан соң қапына келетін болса, улануды
қайтымды
деп атайды. Егер құрамында уы жоқ шикізатты өңдегенде катализатордың
белсенділігі қалпына келмесе, онда улануды
қайтымсыз
деп атайды.
Уланудың қайтымдылығы мен қайтымсыздығы катализатор беткейіндегі
удың хемосорбциясының беріктілігіне байланысты. Катализатор қасиетінің
өзгеруі оның бетіне шикізаттың құрамында қоспа ретінде кездесетін
металдардың және олардың қосылыстарының біртіндеп жинақталуына да
байланысты болады.
Көмірсутектерді катализдік өңдеу кезінде катализатор бетінде кокс
жинақталады. Кокстың жинақталуы катализатордың белсенді беткейінің
бітеліп, оған шикізат молекуласының келіп түсуін тежейді. Катализатор
бетінен коксты алып тастау үшін оттегімен, көмірқышқыл газымен
немесе су
буымен газификациялауға болады. Бұл кезде катализатордың белсенділігі
артады. Катализатордың улануын болдырмас үшін көбіне бастапқы
шикізатты қосымша тазалау керек. Катализатор уы катализатордың белсенді
орталығында қайтымсыз адсорбцияланады. Улардың әсеріне сезімтал болып
келетіндер көп жағдайда құрамында
Fe, Co, Ni, Pd, Pt, Ir, Cu, Ag
бар металды
катализаторлар.
Көбіне катализатор уларына күкірттісутекті және басқа да күкіртті
қосылыстарды, көміртегінің диоксидін, азотты қосылыстарды, галогендерді,
фосфордың, мышьяктың және сурьманың қосылыстарын, сонымен қатар
ауыр мұнай шикізаттарының құрамында кездесетін металдарды (
Ni, Fe, V
)
жатқызады.
Катализатордың белсенділігінің төмендеуі себептеріне, сонымен қатар
оның беттік құрылымдарының өзгеруі, температураның әсерінен балқуы
және басқа да процестер жатады. Осылардың әсерінен катализатордың
белсенді орталықтарының саны азаяды.
Катализатордың белсенділігінің қалпына келуін
регенерация
деп атайды.
Регенерация тәсілдері әртүрлі болады. Көмірлі және шайырлы қалдықтарды
ауа ағынында өртейді. Тотыққан катализаторларды белгілі температурада
сутегімен тотықсыздандырып, қалпына келтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: