1. Жердегі тіршілік үшін судың маңызын түсіндіру. Табиғаттағы және адам өміріндегі судың маңызы



Дата22.09.2024
өлшемі19,36 Kb.
#204891
Байланысты:
Биология лекция 1.1


Пән: Биология
Жердегі тіршілік үшін судың маңызы
1.Жердегі тіршілік үшін судың маңызын түсіндіру.
2.Табиғаттағы және адам өміріндегі судың маңызы.
1. Жер ғаламшарының айрықша ерекшелігі сол, оның үстіңгі бетінің айтарлықтай көп бөлігі сумен жабылған. Табиғаттағы ең кеңінен таралған зат –су, ол Жер шары беткейінің 71% -ін алып жатыр.
Жер бетінде тірі организмдердің пайда болуы , тіршілік етуі және өніп өсуі сумен байланысты. Атап айтқанда , жердегі тіршілікке бастама берген -су. Жер бетінде тіршілік еті жатқан тірі организмдердің барлығы ерте кездерде тіршілігін судан бастаған.
Барлық тірі организмнің құрамында су болады. М: адамның денесінде 65% судан тұрады. Су жеткіліксіз болса , барлық тірі организмдер зардап шегеді. Ал судың жетіспеушілігі ұзақ уақытқа созылса , ол тіршілігін мүлдем тоқтатады. Адамның шаруашылық іс-әркетінде судың маңызы зор. Бірде-бір өндіріс , бірде-бір қызмет көрсету саласының жұмысы сусыз жүруі мүмкін емес . Сонымен қатар Жер бетіндегі климаттың қалыптасуына да судың тікелей қатысы бар. Су жазғы мезгілде жылудың көбіне өзіне алып, оны қыста біртіндеп қайтарып отырып жер бетіндегі температуралық режімді реттейді. Күн қызуының әсерінен жылынған су бу түрінде жоғары көтеріліп , бұлтқа айналады. Олар жер бетіне түсетін ультракүлгін сәулесінің әсерін әлсіретеді. Табиғаттағы су айналымына өсімдіктер де өз үлесін қосады. Судың айналымындағы маңызы бар биологиялық процесстерге транспирация жатады, ол өсімдік тіршілігі үшін аса қажетті де күрделі процесс болып табылады. Транспирация –бұл өсімдіктің жасыл бөліктерінің суды буландыруы. Транспирация жұмсалатын судың мөлшері сол өсімдіктің түріне , ауа райына және топырақтың ылғалдылығына байланысты болады. Транспирация кезінде судың шығыны орташа есеппен алғанда құрлықтағы жалпы булану мөлшерінің жартысын құрайды.(жылына 30-35мың км3-ге жуық)Су адамның көңіл күйіне де әсер етеді.Өзеннің тасан тасқа соғылып буырқанған ағысы немесе теңіздің өршеленген биік толқындары адамды қобалжытып оның мазасын алатын белгілі. Ал енді бұлақтың сырдырлап аққан суы судың бетіндегі майда толқындардың естілер естілмес ағысы адамның жан дүниесіне тыныштық орнатып ерекше сезімге бөлейтініде рас. Алайда әрбір адам өз алдына жеке тұлға оның табиғат құбылыстарына деген көзқарасы ларды қабылдау мүмкүндігі де түрліше Сондықтанда табиғатпен қарым қатынас жасауда оның заңдылықтарын түсінуде барлық адамдарға біркелкі нұсқау беруге болмайды тек олардың мәселелеріншешуге көмектесуге болады
2.Табиғаттағы және адам өміріндегі судың маңызы .Су топырақ пен ауадан бірнеше миллиондаған жылдар бұрын пайда болған.Адам баласы суды ертеден пайдаланып оны толық зерттеп білген десек те ғалымдар әлі күнге дейін табиғаттың бұл қосылысы туралы керемет таңғаларлықтай деректер табуда.
Біздің ғаламшарымыздың тарихында судың орны бөлек.Негізгі ірі геологиялық процестерге ықпалы жөнінен суға тең келетін зат табиғатта жоқ(В.ИВернадский)

Су-жер бетінде аса кеңінен таралған бейорганикалық қосылыс.Судың бірнеше ерекше қасиеті-оның сутек және оттек атомдарының қосылыстарынан тұруында .Химиялық заңдылықтар бойынша мұндай қосылыс газ тәрізді күйде болады қатты сұйық және бу түрінде.


Табиғатта су аса маңызды рөл атқарады.
Табиғаттағы су айналымының маңызы орасан зор. Осы процесс қана жануарлар мен өсімдіктердің өз тіршіліктеріне қажетті су алуына мұмкіндік береді.
Теңіздер мен мұхиттар, өзендер мен көлдер сол аймақтың климатын қалыптастыруға аса маңызды рөл атқарадыү Ал жудың жоғары жылусыйымдылығы біздің ғаламшарда қолайлы температуралыө режімді қамтамасыз етеді.
Су фотосинтез процессіндегі негізгі рөлдердің бірін атқарады. Су болмаса ғ өсімдік көмірқышқыл газын сіңіріп ,оттекті бөліп шығармас еді, яғни ауатыныс алу,а жарамсыз болып қалар еді.
Судың Жер бетіндегі негізгі тұтынушысы –адам . барлық өркениеттің қалыптасуы мен дамуының тек қана су айдыны маңында жүруі кездейсоқ емес.
Адамның денесі де судандан тұрады. Жаңа туылған нәрестенің денесінде 75%су, егде тартқан адамның денесінде 50% -тен артық су болады. Адам сусыз тіршілік ете алмайтыны белгілі. Денеміздегі судың мөлшері 2% -кеазайғанда біз шөлді сезіне бастаймыз. Ал 12% суды жоғалтқан жағдайда дәрігердің көмегінсіз адамның өмірін сақтап қалуға мүмкін болмайды. Организмнен 20% су жоғатқан адам өлімге душар болады.
Су адам үшін ерекше маңызды қорек көзі болып табылады. Статистикалық мәліметтер бойынша бір адам жылына тамақтану үшін 60т-ға дейін су қабылдайды екен.
Атап айтқанда, су біздің организміміздің әр бір жасушасына оттек пен қоректік заттарды жеткізеді.
Судың көмегімен біз организмдердің ден температурасын реттей алады.
Су сонымен қатар қорытылған астың жасушаларға сіңіріліп, энергияның жинақталуына мұмкіндік береді. Су сондай-ақ ас қалдықтарынбасқа да ыдырайу өнімдерін организмнен сыртқа сығарады.
Адам барлық жерде өз қажеттілігіне суды пайланады. М: тамақтану үшін, ауылшаруашылығында , тұрлі өндірісте , электр энергиясын өндіруде т.с.с.
Судың ластануы деп су айдындарының зиянды заттармен , өндірістік және тұрмыстық өалдыөтармен қанығу процесін айтады. Мүның нәтижесінде су өз қасиетінің көп бөлігін жлғалтады. Және ары қарай қолдануға жарамсыз болып қалады.
Ластаудың негізгі көздері.
1. Мұнай өңдейтін кәсіпорындар
2. ауыр металдар

3.радиоактивті элементтер


4. Улы химикаттар.гү
5. қалалық құбырлардан және мал шаруашылығы фермаларынан қалдықтардың ағып шығуы
Дүниежүзілік мұхитқа жыл сайын 13 млн т-дан астам мұнай өнімдерінің қалдықтары төгілетіні туралы ғалымдар талайдан бері дабыл қағуда. Анығырақ айтқанда, Тынық мұхитқа олардың 9 млн т-ға жуығы , ал Атлант мұхитына 3 млн т-дан артығы төгіледі екен. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша қазіргі кездің өзінде біздің ғаламшарада таза табиғи судың бірде-бір қайнар көзі қалмаған. Тек басқаларына қарағанда ластануы сәл төмендеу су айдындары ғана бар көрінеді. Бұл жағдай біздің өркениетімізге апат каупін төндіреді, өйткені адамзаттың сусыз тіршілік етуі мүмкін емес. Оны алмастыратын еш нәрсе жоқ.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет