Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары



Дата12.10.2022
өлшемі75,74 Kb.
#152758
Байланысты:
Мадияр.М презинтация
Исследование рельсового электромагнитного источника плазменной 13.02.19

Павлодар мұнай өңдеу зауыты

Орындаған: Медияш Мадияр

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС мұнай өңдейтін Қазақстандағы ең ірі кәсіпорын. Қондырғылардың бірегей жиынтығы мұнайды 80-85 пайызға дейін тереңдете өңдеуге мүмкіндік береді.

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС мұнай өңдейтін Қазақстандағы ең ірі кәсіпорын. Қондырғылардың бірегей жиынтығы мұнайды 80-85 пайызға дейін тереңдете өңдеуге мүмкіндік береді.

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС 1978 жылы іске қосылды, батыс –сібір кен орны мұнай шикізатын өңдеуге бейімделген, отын әдісі бойынша жобаланған.

Зауыт құрамы келесі технологиялық қондырғылар және кешендерден тұрады.

ЛК-6У кешені – мұнай өңдеу ;

КТ-1 кешені – мазутты тереңдете өңдеу;

мұнай битумдарын өндіру қондырғысы ;

баяулатып кокстеу қондырғысы;

күкірт өндіру қондырғысы.

2009 жылы сутегін өндіру жөніндегі қондырғы іске қосылды.

Павлодар мұнайхимия зауыты мұнайөнімдеріның 10-нан астам түрін шығарады: бензиндер, реактивтік қозғалтқышқа арналған отын, дизель, қазандық отындар,сұйытылған газдар, битум, кокс, маркалары әртүрлі күкірт және т.б.

Қазақстанның мұнай өңдеу саласының қазіргі даму кезеңі мұнай өңдеу зауыттары алдына оның әріғарай технологиялық дамуы және экономикалық әлеуетіін жоғарылатуға ықтимал ететін шешімдер мен міндеттерді алдына қояды.

Өндіріс пен технологияны жетілдіру, өнім сапасын жоғарылату кәсіполрынның қоршаған ортаға тигізетін жағымсыз ықпалдардың әжептәуір төмендеуіне және мұнай өнімдерінің сапасын жоғарылатуға мүмкіндік берді.

Зауыт мұнайды отын жолымен өңдеуге арналған және үздік дүниежүзілік өндірістердің деңгейіне сай мұнайды 80-85 пайызға дейін тереңдете өңдеуді қамтамсыз етеді.

Зауыт мұнайды отын жолымен өңдеуге арналған және үздік дүниежүзілік өндірістердің деңгейіне сай мұнайды 80-85 пайызға дейін тереңдете өңдеуді қамтамсыз етеді.

Мұнай өңдеу мынадай процесстерді қолдана отырып жүзеге асырылады:

мұнайды электрмен сусыздандыру және тұзсыздандыру;

cусыздандырылған және тұзсыздандырылған мұнайды алғаш айдау;

бензиндерді, реактивті және дизел отындарын гидротазалау;

бензин фракцияларының каталитикалық риформингі;

каталитикалық крекинг;

газбен фракциялау;

мұнай битумдарын өндіру;

кокс өндіру;

Павлодар мұнай химия зауытының жобалық қуаты – жылына 6 млн. тонна. Мұнайды алғашқы өңдеу бойынша негізгі технологиялық процесс ЛК-6у –құрама қондырғысында жүргізіледі. Оның артықшылығы өндіріс циклінің толық және мынадай қондырғылар жиынтығының болуында: 

100-Секция - мұнайды электрмен сусыздандыру мен тұзсыздандыру және оны ауамен айдау. Бұл қондырғы ЛК-6У құрама қондырғысында негізгісі;

200-Секция – каталитикалық риформинг, автокөлік бензиндері мен техникалық сутегінің жоғары октанды компоненттерін алуға арналған;

300/1-Секция – дизелді отынды сумен тазалау, күкіртті, азотты және тағы басқа зиянды қосылыстарды тазалауға арналған;

300/2-Секция – керосинді сумен тазалау, күкіртті, азотты және тағы басқа зиянды қосылыстардан фракцияларды тікелей айдауға арналған;

400-Секция – газбен фракциялау, техникалық және коммуналды-шаруашылыққа арналған сұйытылған көмірсутекті газдар мен автомобилді бензиндердің компоненттерін алуға

  • Мұнай өңдеу сапасын одан әрі тереңдете түсу мақсатымен зауытта КТ-1 мазутты тереңдете өңдейтін комплекс салынып, іске қосылған. ТМД-да бірінші салынған бірегей қондырғы:
  • 001-Секция – мазутты вакуумды айдау;
  • 100-Секция – күкіртті, азотты, оттекті қосылыстардан вакуумды газойлді сумен тазалау;
  • 200-Секция – бензиндердің жоғары октанды компоненттерін алуға арналған каталитикалық крекинг;
  • 300-Секция – абсорбциялау және газбен фракциялау. Каталитикалық крекинг секциясынан келіп түсетін тұрақсыз бензин мен қаныққан газды фракциялауға, абсорбциялау және газбен фракциялауға арналған.
  • Ауыр фракцияны тереңдетіп өңдеу мақсатында зауытта мынадай қондырғылар жұмыс істейді:
  • Битум өндіретін қондырғы (мазутты вакуумды айдау блогынан және тотықтыру колонналарынан тұрады);
  • мұнай коксін алуға арналған баяулатып кокстейтін қондырғы, ректификация және реакторлық қондырғыдан тұрады;
  • күкірт өндіретін қондырғы, су ерітіндісін регенерациялауға және күкірт алуға арналған.
  • Шығарылатын өнімнің сапасын зауыттың Орталық зертханасы қадағалайды 

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет