А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы



Pdf көрінісі
бет127/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   153
Байланысты:
S4

17.1.5.
 
 Химиялық тұрақтылық 
Бензиндерді сақтау, тасымалдау және пайдалану процесінде тотығу және 
полимерлену реакцияларының әсерінен олардың химиялық құрамында 
өзгерістер болуы мүмкін. Тотығу нәтижесінде бензиннің октан саны 
төмендеп, қақ түзілу мүмкіндігі көбееді. Бензиндердің химиялық 
тұрақтылығына баға беру үшін шайырлардың мөлшерін және тотығу 
периодының көрсеткіштерін пайдаланады. Тура айдалған бензиндердің, 
каталитикалық риформинг бензиндерінің, алкилаттардың изомеризаттардың 
құрамында алкендер болмайды, сондықтан олардың химиялық тұрақтылығы 
жоғары болады. Кокстеу, термиялық және каталитикалық крекинг 
бензиндерінде керісінше, алкендердің мөлшері көп болады да, оңай тотығып 
шайырлар түзеді. Мұндай бензиндердің химиялық тұрақтылығын көтеру 
үшін оларға тотығуға қарсы қосымшалар (антиокислительные присадки) – 
п
-
окси-дифениламин, ионол (2,6-ди-
үшіншілік
-бутил-
п
-крезол), ФЧ-16 және 
т.б. қолданылады.
17.1.6.
 
Күкіртті және ароматты қосылыстардың мөлшері 
Бензиннің құрамындағы активті күкіртті қосылыстар (күкіртті сутек, 
меркаптандар) транспорт двигателінің коррозияға ұшырауын жеделдетеді. 
Тиофендер, тетрагидротиофендер, сульфидтер, дисульфидтер, жоғары 
молекулалы меркаптандар сияқты активті емес күкіртті қосылыстар коррозия 
туғызбайды, алайда олардың жануы кезінде SO
2
және SO

оксидтері түзіледі, 
ал олар двигатель детальдарының коррозиясын
және экологиялық жағдайды 
нашарла-тады. 
Адамдар үшін ең қауіпті ароматты көмірсутектер, әсіресе бензол және 
полициклді арендер болып табылады. Бензолдың улылық әсері оның 
организмде тотығу мүмкіндігіне байланысты. Осыған байланысты соңғы 
нормативті құжаттар бойынща бензиннің құрамында күкірттің, бензолдың 
және ароматты көмірсутектердің мөлшері шектеулі болуы керек, мысалы, 
қорғасын – 0,010 г/дм
3
, шайыр – 5,0 мг/100 см
3
, күкірт – 0,05 массалық пайыз, 
бензол – 5 көлемдік пайыздан артық болмауы керек.


215 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет