А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы



Pdf көрінісі
бет135/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   153
Байланысты:
S4
Вредные привычки и как с ними бороться
 
18.1. Майлағыш майлар 
 
Майлағыш майларға мотор, индустриальды, трансмиссиялық және басқа 
майлар жатады. 
Мотор майлары 
әртүрлі типті (карбюраторлы, инжекторлы, дизельді, 
турбореакторлы) іштен жану двигательдерін (ІЖД) майлау қызметін 
атқарады. Олардың үлесі жалпы майлар өндірісінің 50-60 пайызын құрайды. 
Америкадағы мұнай институтының (АРІ) классификациясы бойынша 
базалық майларды тұтқырлық индексіне, қанықпаған қосылыстар мен 
күкірттің мөлшеріне және өндірістің технологиясына қарай алты топқа 
бөледі. 
18.1-Кестеде мотор майларының типтері және қолданылытын жерлері 
көрсетілген. 
Кесте 18.1. Мотор майларының типтері 
 
Топ
Қолданатын жерлері 
А 
Үдемелі карбюраторлы және дизельді қозғалтқыштар 
Ә 
Әлсіз үдемелі карбюраторлы қозғалтқыштар 
Әлсіз үдемелі дизельді қозғалтқыштар 
Б 
Орташа үдемелі карбюраторлы қозғалтқыштар 
Орташа үдемелі дизельді қозғалтқыштар 


226 
В 
Жоғары үдемелі карбюраторлы қозғалтқыштар 
Жоғары үдемелі дизельді қозғалтқыштар 
Г 
Қиын жағдайда жұмыс жасайтын үдемелі дизельді қозғалтқыштар 
18.1 кестенің жалғасы 
Ғ 
Жоғары күкіртті ауыр отынмен жүмыс жасайтын айналысы аз 
дизельді қозғалтқыштар 
А,Ә және Б тобы – автокөлік майлары, Г және Ғ – авиация немесе трактор-
танк майлары.
Трансмиссиялық майлар 
үлкен күштің әсерінен үйкеліске түсіп жатқан 
элементтердің істен шығуын болдырмауға немесе уақытын азайтуға, 
вибрацияны және шуды кемітуге, соққыдан қорғауға, үйкеліс нәтижесінде 
түзілген өнімдерді үйкеліс аймағынан аластатуға және артық жылуды 
шығаруға арналған. Олардың жоғары майлағыштық қасиеттерімен қоса
тұтқырлық-температуралық 
қасиеттері 
де 
жақсы 
болуы 
керек. 
Трансмиссиялық майлар трансмиссиялық транспортты машиналар мен 
өндірістік редукторлардың агрегаттарын майлау үшін қолданылады. 
Трансмиссиялық транспортты машиналардың агрегаттары двигатель қуатын 
қозғағышқа (дөңгелекке, шынжыр табанға, қыратын немесе қазатын 
бөліктерге) беру қызметін атқарады, олар механикалық және гидравликалық 
болып бөлінеді.
Стандартқа сәйкес бұл майларды 5 топқа (қолданыс жағдайына орай) 
және 4 класқа (100 
о
С кезіндегі тұтқырлығына орай) бөледі. 
18.2-Кестеде трансмиссиялық майлардың топтары және 18.3-кестеде 
трансмиссиялық майлардың кластары келтірілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет