А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы



Pdf көрінісі
бет134/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   153
Байланысты:
S4
Вредные привычки и как с ними бороться
Арнайы майлар
гидравликалық тетіктердің жұмыс сұйықтығы ретінде, 
трансформаторлардың, 
конденсаторлардың, 
кабельдердің
электроизоляторлық ортасы ретінде және пластикалық майлар мен 
қосымшалар ретінде қолданылады.
Базалық минералды майларды
4 топқа бөледі: 

мұнайды өңдеу процесі кезінде алынатын минералды майлар 
(парафинді-нафтенді мұнайлардан алынады); 

синтетикалық майлар, органикалық синтез арқылы алынады; 

жартылай синтетикалық майлар, минералды және синтетикалық 
майлардың қоспасынан тұрады; 

полиальфа-олефинді майлар. 
Базалық майлардың әлемдік өндірісі жылына 30 млн т тең, соның 
шамамен 80 пайызын І топ майлары құрайды. Еуроодақ елдерінде негізінен І 
топ майлары өндіріледі және тауарлы майлардың сапасын қосымшалар қосу 
арқылы көтереді. АҚШ және Канадада базалық майлардың 50% ІІ топқа, 15% 
ІІІ топқа сәйкес келеді. ІV топ майлары бағасының қымбаттылығына 
байланысты оларды қолдану аясы шектеулі.
Әдетте тауарлы майларды алу үшін базалық майларға 
қосымшалар
(присадки) композициаларын қосады. Қосымшалар – базалық майлардың 
қасиеттерін жақсартатын немесе оларға қажетті жаңа қасиет беретін заттар.
Бөліп алу әдістеріне қарай минералды майларды үшке бөледі: 

дистиллятты – мазутты вакуумда қайта айдау арқылы алынған майлы 
фракциядан бөліп алынған. Дәстүрлі өндірістік схема бойынша қайнау 
температуралары 350-400, 400-450 және 450-500 
о
С фракцияларды бөліп 
алады; 

қалдық – гудронды сұйық пропанмен деасфальттау кезінде бөліп 
алынған. Кейбір зауыттарда мазутты терең вакуумда қайта айдау арқылы 
алынған 500-560 
о
С фракциядан бөліп алады; 

араластырылған – дистиллятты және қалдық майларды белгілі 
пропорцияда араластыру арқылы дайындалған.
Майлы дистилляттардың және деасфальтизаттың құрамында керексіз 
компоненттер: полициклді ароматты көмірсутектер, асфальтты-шайырлы 
заттар, мұнай қышқылдары, гетероатомды органикалық заттар және кейбір 
металдар кездеседі, сондықтан олардан арылу керек.
Тазарту әдістері бойынша майларды талғамды еріткіштермен, 
адсорбциялық, қышқылды-сілтілі, қышқылды-контактлы, гидротазартылған 
деп ажыратады. Дәстүрлі схема бойынша майлы дистилляттарды және 
деасфальтизатты алдымен талғамды еріткіштермен тазартады, одан әрі 
рафинаттарды төмен температурада депарафиндейді және гидротазалау 
(гидрофинишинг) жүргізеді немесе депарафинденген майларды саз арқылы 
өткізіп, базалық майлардың компоненттерін алады. 


224 
Талғамды еріткіштермен (фенол, фурфурол, N-метилпирролидон) 
тазалау кезінде майлардың тұтқырлығын және тотығуға қарсы қасиеттерін 
нашарлататын 
полициклді 
ароматты 
қосылыстарды, 
шайырларды, 
асфальтендерді және гетероатомды қосылыстарды жоюға болады. 
Дистиллятты рафинаттарды аралас еріткіштермен (метилэтилкетон-толуол) 
депарафиндеу 
кезінде 
жоғары 
температурада 
балқитын 
қалыпты 
парафиндерді (гач), ал қалдық рафинаттарды өңдеу кезінде төменгі 
температуралық қасиеттерді нашарлататын церезиндерді (петролактум) 
жоюға болады. Гидротазалау немесе контакт әдісімен тазалау кезінде 
майлардың түсі мен иісіне кері әсер ететін полюсты гетероатомды 
қосылыстарды жояды. 
Майлағыш майлар сапасының негізгі көрсеткіштеріне жатады: 

тұтқырлық деңгейі мен тұтқырлық-температуралық қасиеттері; 

қату температурасы; 

ауадағы оттегімен тотығуға тұрақтылығы (химиялық тұрақтылық); 

жұмыс температурасы кезіндегі тұрақтылық (термотұрақтылық); 

майлағыштық қасиеті; 

қорғаныштық және антикоррозиялық қасиеттері. 
Изопарафиндер 
мен 
нафтендердің 
тұтқырлық-температуралық 
қасиеттері жақсы болады, кіші циклді нафтендердің, нафтенді-ароматты 
компоненттердің және жоғары молекулалы күкіртті қосылыстардың 
химиялық тұрақтылығы жоғары болып келеді. Ароматты қосылыстар мен 
шайырлырдың майлағыштық қасиеттері бәрінен жоғары, алайда олардың 
тұтқырлық-температуралық және тотығуға қарсылық қасиеттері төмен, 
сондықтан оларды алып тастау керек. 
Минералды майлар қасиеттеріне, тазалау әдістеріне, қолданылуына 
сәйкес белгіленеді.
Қасиеттеріне байланысты: Л – жеңіл, тұтқырлығы төмен; С – орташа, 
тұтқырлығы төмен; Т – ауыр, тұтқырлығы жоғары, У – жақсартылған. 
Тазалау әдістеріне байланысты: А – адсорбциялық тазалау, В – сілті 
ерітіндісімен өңдеу, Г – гидротазаланған, К – қышқылмен тазаланған, С – 
талғамды еріткіштермен тазаланған, П – қосымшалармен тазаланған. 
Қолданыс аясына сәйкес: Д – дизельдерде, И – индустрияда, М – 
моторда, Т – турбинада, трансформаторда, трансмиссияда, П – приборларда. 
Майлардың маркасын белгілеу кезінде 1-3 әріп және номер көрсетіледі: 
бірінші әріп майдың қолданыс орнын, екінші әріп (болмауы да мүмкін) 
тазалау әдісін, үшінші әріп (болмауы да мүмкін) құрамында қосымшаның 
бар-жоғын, номер майдың тұтқырлығын көрсетеді: 
ТК
П
– трансформатор майы, қышқылмен тазартылған, қосымша бар; 
Т
П
-22 – турбина майы, тұтқырлығы 
22·10
−6
м²/с
қосымшамен тазаланған; 
И-12 – индустрия майы, орташа кинематикалық тұтқырлығы 
12 мкм²/с;
АК-15 – автотрактор майы, кинематикалық тұтқырлығы 
150 мкм²/с артық;
Синтетикалық базалық майларды 
көмірсутекті (полиальфа-олефиндер, 
алкилбензолдар) және көмірсутекті емес (екі негізді қышқылдардың 


225 
эфирлері, көп атомды спирттердің күрделі эфирлері) деп бөледі. Кей кезде 
синтетикалық және базалық компоненттерді араластырып, біреуінің 
кемшілігін көрсетпеуге болады.
Синтетикалық майлардың кемшілігі:

эластомерлермен үйлесімділігі нашар; 

түсті металдар балқымаларын коррозиялауға белсенді. 
Минералды майлардан артықшылығы:

тұтқырлығы температурадан көп тәуелді емес (тұтқырлық индексі 150 
дейін);

қату температурасы төмен (-60 -70 
о
С дейін), буланғыштығы төмен; 

тотығуға тұрақтылығы мен температуралық тұрақтылығы жақсы; 

қалдықтар түзуге бейімді емес;

күш түскенде және жоғары температура кезінде майлағыштық қасиеті 
кемімейді;

майды ауыстыру кезеңі ұзақ;

үйкеліс кезінде шығыны аз;

отынды үнемдеуге себебі тиеді.
Тазартылған минералды және синтетикалық майларды араластыру 
арқылы ж
артылай синтетикалық майлар 
дайындалады. Синтетикалық 
майлармен салыстырғанда олардың бағасы төмен болады және кейбір 
кемшіліктері ескерілген, артықшылықтары сақталған болып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет