А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы



Pdf көрінісі
бет19/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   153
Байланысты:
S4

2.5.
 
Газды конденсаттардың құрамы 
Сұйық көмірсутектері газды фазада еріген кенорындарын газды 
конденсат деп атайды. Газды конденсатты алу жолы – газды өндірістік өңдеу. 
Конденсат еріген газды өңдеудің негізгі әдісі – төменгі температурадағы 
конденсация (сепарация). Құрамында пентан және одан ауыр көмірсутектер 
бар газды конденсаттар кенорнын газды конденсат деп атау қабылданған. 
Өндірісте сонымен қатар тұрақты конденсат деп атау қабылданған. Бұл 
өнімнің құрамында пентан мен жоғары көмірсутектерден басқа, пропан және 
бутан болады.
Әртүрлі кенорындарының конденсаттары өздерінің топтық химиялық 
құрамы және гетероқосылыстардың мөлшері бойынша өте өзгеше болады. 
Кейбір конденсаттар анық метанды сипатқа ие болады, екіншілері нефтенді 
көмірсутектерге бай болып келеді, үшіншілерінің құрамында арендер көп 
мөлшерде кездеседі. Осыған қарап, оларды өңдеу бағыты, алынатын өнімнің 
саны мен сапасы анықталады. 
Бір кенорнының конденсаты әртүрлі көрсеткіштерге ие болуы мүмкін. 
Ол бір жағынан, кенорнының жерасты қысымының азаюынан, екінші 
жағынан, қондырғыны пайдалану режимінен (мысалы ауыр көмірсутектерді 
газдан бөліп алу жүргізілетін болса) байланысты. Мысалы, төменгі 
температуралы сепарация қондырғысында пентан мен гексанның 
конденсациясының дәрежесі артады, бұл өз кезегінде конденсаттағы жеңіл 
фракциялардың мөлшерінің көбеюіне әкеледі. 
Конденсаттардың тауарлы қасиеттері олардың физика-химиялық 
қасиеттерімен анықталады. Газды конденсаттардың құрамына кіретін 
көмірсутектердің молекулаларындағы көміртек атомдарының саны 20 дейін 
болады. 
2.6.
 
Мұнайларды және конденсаттарды жіктеу 
 
Мұнайларды жіктеудің әртүрлі жолдары бар: геохимиялық пайда болуы, 
физика-химиялық қасиеттері, фракциялық және химиялық құрамы бойынша. 


27 
Осындай жіктеулер арқылы оларды өңдеу бағытын, әртүрлі мұнай өнімдерін 
алу жолдарын анықтау мүмкін болады. Мұнайды жіктеудің кейбір түрлерін 
қарастырайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет