А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы


Физикалық қасиеттері бойынша жіктеу



Pdf көрінісі
бет20/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   153
Байланысты:
S4

Физикалық қасиеттері бойынша жіктеу. 
Мұнай өнеркәсібі дамуының 
алғашқы кезеңдерінде мұнай өнімдерінің сапасын анықтайтын көрсеткіш 
тығыздық 
болды. Мұнайды тығыздықтарына қарай 
жеңіл 
(0,828 төмен), 
орташа 
(0,828-0,884) және 
ауыр
(0,884 жоғары) деп бөледі. 
Әдетте, жеңіл мұнайларда бензин фракциясы көп болады, шайырлар мен 
күкірт аз болады. Осы типті мұнайлардан көбіне жоғары сапалы майлағыш 
(смазочные) майлар алынады. Ауыр мұнайларда шайырлар көп болады, 
сондықтан олар битум өндіру үшін шикізат болып табылады. Мұнайларды 
тығыздықтары бойынша жіктеу шартты түрде қолданылады. Дегенмен 
қазіргі кезде жіктеудің бұл түрі мұнайды тасымалдауда, тапсыру және 
қабылдау орындарында, МӨЗ мұнайды қабылдаған кезде сапасына шамамен 
баға беру кезінде қолданылады. 
Химиялық құрамы бойынша жіктеу.
Мұнайларды химиялық қүрамы 
бойынша жіктеуді өткен ғасырдың 60-шы жылдарында Грозныйдың ғылыми-
зерттеу мұнай институты ұсынған. Бұлай жіктеуге мұнайдың құрамында бір 
немесе бірнеше көмірсутектер класының болуы негіз болған. Бұл жіктеу 
бойынша мұнайларды парафинді, парафинді-нафтенді, нафтенді, парафинді-
нафтенді-ароматты, нафтенді-ароматты, ароматты деп бөледі. 
Парафинді 
мұнайлардың барлық фракцияларында алкандардың мөлшері 
көп болады: бензинді фракцияларда 50 % кем емес, майлы фракцияларда 20 
% және одан жоғары (Маңғыстау жарты аралының мұнайлары). 
Парафинді-нафтенді
мұнайларда алкандармен қатар біраз мөлшерде 
нафтендер кездеседі, ал арендер аз болады. Мұндай мұнайларда шайырлар 
мен асфальтендер аз болады. Бұл топқа Еділ-Жайық бассейніндегі және 
Батыс Сібір кенорындарының мұнайлары жатады (Қазақстан мұнайларынан 
Забурунье, Сазанқұрақ кенорындары). 
Нафтенді 
мұнайлардың барлық фракцияларының құрамында 60 % және 
одан көп циклоалкандар болды. Мұндай мұнайларда алкандар аз болады, 
шайырлар мен асфальтендердің мөлшері де шектеулі болып келеді. Нафтенді 
мұнайларға Баку, Доссор және Мақат кенорындарының мұнайлары жатады. 
Парафинді-нафтенді-ароматты
мұнайларда 
парафиндердің, 
нафтендердің және арендердің мөлшері шамалас болады, ал шайырлар мен 
асфальтендер 10 % дейін жетеді. 
Нафтенді-ароматты 
мұнайлар нафтендер мен арендердің көп 
болуымен сипатталады, әсіресе ауыр фракцияларда. Алкендер жеңіл 
фракцияларында ғана кездеседі, онда да көп емес. Ауыр парафиндердің 
мөлшері 0,3 %, ал шайырлар мен асфальтендер – 15-20 % шамасында.
Ароматты 
мұнайлардың барлық фракцияларында арендер көп болады. 
Ароматты мұнайларға Прорва, Арлан кенорындарының мұнайларын 
жатқызуға болады. 


28 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет