А. Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының технология пәні мұғалімі Гусманова Мөлдір Максимқызының іс-тәжірибиесінен



бет5/23
Дата07.02.2017
өлшемі2,68 Mb.
#8890
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Сергіту сәті. Мақалдың жалғасын тап.

1.Еңбек қылсаң ерінбей, тояды .

2.Шешеннің сөзі мерген, шебердің ..

3.Ер қадірін ер білер, зер ...

4.Жаңбырмен жер көгерер, еңбекпен ...

5.Істегенің еліңе жақсы, үйренгенің ...

6.Не ексең, соны ...

7.Екпей егін бітпес, үйренбей ...

8.Ақыл көпке жеткізер, өнер ...

Сабақты бекіту: екі топқа екі түрлі тапсырма беру арқылы бекітіледі.

1.Оюларды өз тобына жинау.

2.Графикалық диктант.

1.Композициялық құрылымынақарай ою-өрнек екі топқа бөлінеді.

2. «Қошқар мүйіз» зооморфты өрнек түріне жатады.

3.Композиция дегеніміз - өрнектерді салыстыру.

4.Симметрия дегеніміз – ою-өрнектің бір жағының үлкенболуы.

5.Өрнек дегеніміз – бұйымның сыртына түсірілетін әшекей.

6.Көк түс – жастық, көктемнің белгісі.

Бағалау.

Үйгетапсырма: Қазақ халқының ою-өрнектерін басқа халықтардың ою-өрнектерімен салыстыру.

3-сабақ үлгісі

Сабақтың тақырыбы: Бұйымды ою-өрнектермен әшекейлеу

Мақсаты:

а) Білімділігі: ою-өрнектің шығу тарихы жайында жалпы түсінік беру.

Ою-өрнектің құдіреттілігін, қасиетін, әрбір оюдың терең мағынасын аша отырып, білімін арттыру. Ою-өрнектің түрлерімен таныстыру. Сонымен бірге безендіру технологиясы бойынша білімдерін тереңдету.



ә) Дамытушылығы: оқушыларды халқымыздың салт-дәстүріне, қолөнеріне

терең үңілдіріп, ою-өрісін дамыту. Өз беттерінше жұмыс жасау шеберліктерін

шыңдай отырып, ою-өрнек үлгілерін ойып үйрету.

б) Тәрбиелілігі: ұлттық ою-өрнек үлгілерін орынды қолдана білуге үйрету. Оқушылардың эстетикалық талғамын дамыта отырып, шеберлікке, әсемдікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-иллюстрациялық, сұрақ-жауап, баяндау. Тест әдісі.

Сабақтың түрі: аралас сабақ, топпен жұмыс

Көрнекіліктер: Көпбағдарлы тақтадан көрсетілетін фотосуреттер, оө-өрнек түрлерінен жасалған буклет. Ою-өрнекпен сәнделген тұрмыстық бұйымдар. Ою оюдың сызбасы. Ою оюдың сызбасы. Ою-өрнек энциклопедиясы. Қазақ халқының ұлттық киімдері энциклопедиясы. Сөзжұмбақ.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы (ою тарихынан мәлімет беру), биология (оюдың барлығы табиғаттан алынған), математика (ою ойғанда олардың пішінін, симметриялығын ескеру), бейнелеу өнері (оюлардың суретін сала білу), әдебиет (ертегілерден үзінділер).

Қажетті құралдар: түрлі-түсті қағаздар, қайшы, сызғыш, қалам, желім, түрлі-түсті бояулар.

Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.



ІІ. Үй тапсырмасы бойынша оқушылардың білімін тест арқылы тексеру.

ІІІ. Психологиялық дайындық.

Сөзжұмбақты шешу арқылы келесі жаңа сабаққа көшу. Оқушылар сөзжұмбақты шеше отырып жаңа сабақ қандай тақырыпта өтетін анықтайды.



1.Тігінші құралы.

















о

й

м

а

қ




к

о

с

т

ю

м

























-

























б

ө

р

і

к




д

о

м

б

ы

р

а



















с

а

н

д

ы

қ







с

ә

у

к

е

л

е






















к

і

л

е

м
2.Иық бұйымдарының бірі.

3.Ұлттық баскиім.

4.Қазақтың ұлттық саз аспабы.

5.Ертеден бүгінгі күнге дейін жеткен үй жиһазы.

6.Қалыңдықтың бас киімі.

7.Төсеніш.


ІV. Жаңа сабақ жоспары.

  1. Ою-өрнектің шығу тарихы.

  2. Ою-өрнектің топтары.

  3. Ою-өрнектің қасиеті.

  4. Ою-өрнек ойып көрсету.

  5. Ою-өрнекпен әшекейлеу жұмыстары.

Ою-өрнектің шығу тарихына тоқталмас бұрын ою-өрнек дегеніміз не, соны талдап алайық.Бедері түсірілген үлгіні ойып, кесіп, қиып немесе екі затты оя кесіп, қиюластыру ою деп аталады.Ал киім-кешекке, түскиізге, т.б. қолөнер бұйымдарына кестелеп бейнелейтін бедер, сол сияқты тоқылатын алашаға, басқұрға және қоржынға түсірілетін түрлі геометриялық бедерлерді өрнек дейді. Қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі біріге келіп, латынша орнамент деген ұғымды береді.Мағынасы әсемдеу, сәндеу. Сонымен ою-өрнек дегеніміз ─ әдемі ырғаққа арнаулы жүйемен құрылған өрнек бөлшектері.Ал шығу тарихына келер болсақ. Қазақ ою-өрнегінің өзіне тән даму жолы, тарихы бар. Тарихи-ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының ою-өрнек өнері ежелгі замандардан бастау алған. Академик Әлкей Марғұлан ағамыз бұл өнер туындысы сақ, ғұн, үйсін, түрік, қанлы, қыпшақ секілді көне көшпелі тайпалардың өнерінің негізінде қалыптасты дейді. (осы жерде тасқа салынан суреттер мен Алтын адам жайында әңгімелеу).Ата-бабаларымыз жазу, сызуды білмей тұрғанда тау, тасқа белгі, таңбалар салған. Ол белгі, таңбалар арқылы халық белгілі бір ұғым-түсініктерді аңғарып, біліп отырған. Қазақ ою-өрнегі ғасырлар бойы дамып, қазақ халқының өмір тіршілігінде айрықша орын алып, ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа, бүгінгі күндерге дейін өз қасиетін жоймай жалғаса дамып келе жатқан, ірі рухани мәдениет үлгісі ретінде сақталып келеді. Мысалы, әрбір қазақтың үйіндегі сандық, алаша, киіз, құрақ көрпешелер, апаларымыздың зергерлік бұйымдары, ат әбзелдері. Сонымен қатар мемлекеттік рәміздеріміз соның белгісі.

Халқымыз ою-өрнек ою, салу арқылы табиғат сырларына терең үңіліп, өзін қоршаған ортаға үнемі бақылау жасап, жан-жануарлар, өсімдік белгілерімен әсемдік құрылымына ой жүгіртіп, соны дөп басып, керекті бұйымдарға, заттарға дәл бастырып көрсете білген. Халық шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдар ою-өрнекпен безендірілмегені өте аз кездеседі. Мысалы: киім-кешек, үй жиһаздары, қару-жарақ, ат әбзелдерін, зергерлік әшекей заттарын, сәулетті ғимараттарын (Тараз қаласындағы Тараз моншасы үш жапырақты өрнекпен, Айша-бибі күмбезіндегі геометриялық өрнектер, Ахмет Иасауи кесенесінде өсімдік тектес, геометриялық өрнектер), т.б. тұрмыстық тұтынатын заттарын безендіріп отырған. «Қазақ халқы кілең ою-өрнек дүниесінің ортасында өмір сүреді» деген Әлкей Марғұланның сөзінің астарында үлкен шындық бар.

Ою-өрнек үлгілерінде әр халықтың ерекшелігі, тұрмыс-тіршілігі, халықтың келбеті анық табылады. Осы жерде әр халықтың ою-өрнектерін салыстырайық. Мысалы: өзімізге көршілес қырғыз, өзбек ою-өрнектерін салыстырайық.

Ою-өрнек топтары.

1.Зооморфтық ою-өрнек ─ жан-жануарлардың табиғи және қияли бейнелері (қошқармүйіз және оның түрлі нұсқалары);

2.Өсімдік тектес ою-өрнек ─ жапырақ, гүл, ағаш т.б.

3.Космогониялық ою-өрнек ─ көк әлеміне байланысты ою-өрнектер (жұлдыз, айшық, дөңгелек, шимай, т.б.)

4.Геометриялық ою-өрнек ─ үшбұрыш, тұмарша, ирек, жіліншік, балта, т.б.

Жасалу жолдарына қарай ою-өрнек: қима ою, ойма ою, сызба ою, шексіздікке ұластыра ою болып бөлінеді.

Қағаз немесе былғарыдан, матадан, картоннан тұтас қиып алынған ою-өрнек қима ою деп аталады.

Қағаз немесе матаны қайшымен ойып, ою-өрнек жасауды ойма ою деп атайды.

Сызылып барып кесілген ою үлгілерін сызба ою деп атайды.

Бір-біріне жалғастыра сызып, кесілген ою ─ шексіздікке ұластыра ою деп аталады. Ою-өрнектің қасиетіне келер болсақ, Бауыржан Момышұлының ою туралы өлең жолдары:



Өткендерді еске алып, ойға толам,

Сұрыптап тезге салып, көп ойланам,

Ой түбіне жете алмай титықтасам,

Қолыма қайшы алып, ою оям.

Оюды ою сызбасымен таныстыру. Вертикаль, горизонталь, симметрия осьтерін жүргізу. Оюды ойып көрсету. Қазақ ою-өрнегін жасаудың өзіндік принциптері бар.Олар: композиция дегеніміз ─ бұйымның бетіне реттеп орналастыру. Колорит дегеніміз ─ ою-өрнектің бояу түрлерінің бір-бірімен үйлесіп, жарасым табуы. Осы жерде әр түстің нені білдіретіні жайлы айтылады. Мысалы: көк түс ─ аспанның, қызыл түс ─оттың, ақ түс ─ ақиқаттың, сары түс ─ ақыл парасаттың, жасыл түс ─ жастықтың, көктемнің символы. Симметрия дегеніміз ─ ою-өрнектің екі жағы тең болуы. Ритм дегеніміз ─ ою-өрнекте бір элементтің қайталанып келуі.Әшекейлерді түсіре білу ─ үлкен өнер. Бұл екінің бірінің қолынан келе бермейді. Тіпті күнде ине ұстап, киім тігіп отырғандардың өзі әшекейлеуге келгенде шорқақтық танытады. Бұл заңды да, өйткені әшекей салу өнер. Әшекейлеудің түрлері көп. Олар: ою, зерлеу, сыру, теру, көз салу, бастыру, гүлдеу, шаршылау, ілмелеп қайып, бүгіп өткермелеп, тепшіп шалып, торлап тігу әдістерімен атқарылады. Сондай-ақ өру, бұрау, жону, құю, сызу, бояу, күмістеу, бедерлеу сияқты өрнек үлгілерінің үй тұрмысында, өнеркәсіпте, құрылыста, мәдениет саласында, сәулет өнерінде жалпы әлем өнерінің дамуында қолданылмайтын, іске аспайтын жері жоқ. Соның ішінде көп кездесетін түріне келер болсақ: олар ─кестелеу, жапсырмалау, бау, бисерлеу және ришелье (торлы тоқыма).



  1. Сарамандық жұмыс.

Оқушылар екі топқа бөлінеді.

1 топ. Бармағынан бал тамған ─ оюшылар.

2 топ. Қылқалам шеберлері ─ суретшілер.

Қайшымен жұмыс жасау кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесін сақтай отыра әр топ өз жұмыстарына кіріседі.



VІ. Сабақты бекіту.

  • Ою-өрнек дегеніміз не?

  • Оюдың қандай топтарын білесіздер?

  • Әшекейлеудің қандай түрлері бар?

  • Ритм дегеніміз не?

  1. Оқушылардың жауабын, жұмыстарын бағалау, саралау, сараптау

  2. Үйге тапсырма. Төртқұлақ оюын ойып, әр оқушы өз сырмағын жасап келу.

  3. Жұмыс орнын жинастыру.

4-сабақ үлгісі

Сабақтың тақырыбы: Құрақ құрау, оның түрлері және қолданылуы

Мақсаты:

  1. Оқушыларға құрақтың тарихынан, оның түрлерінен және қолданылуынан мағлұмат беру.Нарықтық экономикаға байланысты матаны үнемдеу, қалдық ұсақ матаны дұрыс пайдаланып іске асыру.

  2. Оқушылардың түрлі түстерді бір – бірімен үйлестіре білу, геометриялық пішіндерді дұрыс қия білу. Жұмыс барысында ой - өрісін, ынтасын, ойлау қабілетін, шеберліктерін дамыту.

  3. Оқушылардың бойына эстетикалық мәдениетті қалыптастыру. Сонымен қатар ұқыптылыққа, төзімділікке, ынталы болуға, көзбен жобалауға, берекелілікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік:буклет, нұсқау карта, дайын бұйымдар, кішігірім көрме

Құрал-жабдықтар:дәптер, қалам, сабын қалдығы, ине, жіп, қайшы, мата қиындылары, үлгі- қалып

Сабақ түрі:аралас

Сабақ әдісі: түсіндіру, орындату, сұрақ-жауап, қайталау, сарамандық жұмыс

Сабақ типі:жаңа білім алу сабағы

Пәнаралық байланыс:бейнелеу өнері, тарих, әдебиет, сызу, ағылшын тілі, орыс тілі, геометрия, математика.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Қайталау

Оқушылар өздері түсті қағаздан жасаған құрақ түрлерінің жасалу жолдарын түсіндіру. ІІІ.Жаңа сабақ

Халықтың ұлт екенін айыратын үш негізгі арнасы бар:

* тіл өнері;

* саз өнері;

* қол өнері;



Халқымыздың қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру сияқты шығармашылық жиынтығын айтамыз. Солардың ішінде ертеден келе жатқан өнер, апаларымыз тігетін құрақ құраудың да өзіндік тарихы бар.

1) Оқушылардың құрақтың шығу тарихына байланысты жинаған аңыз-әңгімелерін, мәнжазбаларын тыңдау.

2) Құрақ құрау өнерінің пайдасы, қандай геометриялық пішіндер түстер, маталар, құрал – жабдықтар, тұрмыста қайда қолданамыз, оның түрлері туралы не білесіңдер?

Енді сұрақтарға жауап берейік.



  • «Алты табақ» құрағы неге ұқсайды? (бал арасының ұясына)

  • Бал жинайтын адамды кім деп атайды? (омарташы).

Құрақ құраудың мақсаты

Асқан шеберлікпен матадан Мата қиындыларын

әр түрлі пішіндерді қиюластырып кәдеге жарату

бір бұйым жасап шығару



Құрақ құрау

Көрпе құрақ Жастық құрақ

Шыдамды,тозбайтын матадан Көздері майда бөліктермен

қөздері үлкен бөліктерден өте нәзік әрі әдемі түстер –

құралады мен құралады

Қазақ тілінде құрақ құрау өнері - құрақ

Орыс тілінде құрақ құрау өнері - лоскутное шитье

Ағылшын тілінде құрақ құрау өнері - пэчворк

Жапон тілінде құрақ құрау өнері - сашико

Ортадағы құрақ пен шетіндегі құрақтың арасына «су» жүргіземіз.

«Су» дегеніміз бір түсті матадан кесіліп алынған жіңішке жолақ.

«Қос су» дегеніміз екі түсті матадан жүргізілген жолақ.

Шығармашылық жұмыс:

1)Өз отбасың (8 наурыз аналар мерекесінде әжеңе, анаңа) немесе мектеп шеберханасының интерьері үшін құрақ құрап бұйым жасау.

2)Әр топқа қандай құрақ құрайтынын бөліктерді құрастыру арқылы табады

І топ - «Гүл» тобы

ІІ топ - «Аққу» тобы

3)Топтар өздерін таныстыру

(Бес жолды өлең немесе қара сөзбен)

Нұсқау карта бойынша орындалу жүйелігін түсіндіру, таратып беру.



ІV.Қауіпсіздік ережесі

а)Дәптермен жұмыс

1.Күнді және тақырыпты жазғызу

2.Құрақтың әр тілде аталуын жазу

3.Құрақ құраудың екі мақсатын жазғызу

4.Көйлек, жилет туралы мағлұматтарды жазғызу

V.Сарамандық жұмыс

Сарамандық жұмысқа кіріспес бұрын қайшы, ине, үтікпен қауіпсіздік ережесін еске түсіру.Оқушылардың алдарындағы артық заттарды партаның шетіне қойғызып ,жұмыс орнын дайындап, құралдарын тексеремін де, қауіпсіздік ережесін ескере отырып, нұсқау карта бойынша «гүл», «аққу»құрағын жасау жұмысына кірісеміз .Жұмыс кезінде оқушылардың жұмысын тексеріп, қателіктері болса түзетіп, білмеген жерін үйретемін .



VІ.Сабақты қорытындылау

1.Жастық құрақ дегеніміз қандай құрақ?

2.Құрақ құраудың неше мақсаты бар?

3.Жапон тілінде құрақты қалай атайды?

4.Ағылшын тілінде құрақты қалай атайды?

5.Бал жинайтын адамды қалай атаймыз?

6.Құрақ құрауда су дегеніміз не?

Үйге тапсырма.Қиылған құрақты тігуге әзірлеу.

VІІ.Жұмыс орнын жинау(2 мин)

Сыныптан тыс шара

5-сабақ үлгісі

Сабақтың тақырыбы: Сумоншақпен кестелеу.

Сабақтың мақсаты:


  • Қазақ ауыз әдебиетін құрметтеуге, оны сүйіп оқуға баулу.

  • Оқушылардың шығармашылығын, қолөнер шеберлігін, ұйымдастырушылық қабілетін, олардың еңбекке қызығушылығын арттыру, ой-қиялдарын дамыту.

  • Оқушыларды қолөнердің жаңа түрлеріне қызықтыру, эстетикалық талғамға, қауіпсіздік ережелерін есте ұстауға, іскерлікке, бастаған істерін аяқтауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: ертегі сабақ

Сабақтың көрнекілігі: проектор,плакаттар, ұлттық киімдер, қамшы, оймақ

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, сурет, химия, математика

Сабақтың өту барысы:

Армысыздар құрметті көрермендер!

Жиналыппыз сәтті күн бәрімізде,

Үлкен кіші, жасымыз, кәрімізде

Төрлетіңдер қадірменді қонақтарым

Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге-деп, «Алтын сақа» ертегісінің желісімен қойылғалы отырған «Сиқырлы моншақ» үйірмесінің өнерін

назарларыңызға ұсынуға рұқсат етіңіздер! (Шал қолында қамшы қой жайып жүреді.)

Айгерім(шал):

-Шек, әй, кебенек! Мына ешкілер әбден мазамды алды, қой бақтым, қоңырау тақтым, сиыр бақтым, сидаң қақтым, ешкі бақтым-еңіреп бақтым деген осы екен гой. Уһ, шаршадым-,деп малдас құрып отыра кетеді, артынан келген мыстан кемпір шалды ұстап алып,қылқындырады.



Айза(мыстан):Уһ, бәлем, ұсталдың ба?

Айгерім(шал):Ойбай, ойбай, жіберші, жіберші, жаным шығып барады.

Айза(мыстан):Сен маған не бересің?

Айгерім(шал):-Бір қора қой беремін.

Айза(мыстан):Жоқ,мен оған риза емеспін

Айгерім(шал):Бір үйір жылқы беремін.

Айза(мыстан):Жоқ, оған да риза емеспін.

Айгерім(шал):Онда жалғыз Күнікей деген қызым бар соны берейін.

Айза(мыстан):Онда, келісемін, оны қайтып бересің?

Айгерім(шал):Қызымның алтын оймағы бар, соны саған беріп кетейін, қызым алтын оймағын іздеп келгенде оны ұстап ал.

Айза(мыстан): Жарайды.

Айгерім(шал):Онда міне, алтын оймақ,-деп қалтасынан алтын оймақты алып береді де өзі кетіп қалады.

Мыстан кемпір алтын оймақтың қасында отырады. Қыз келеді.

Орынгүл (қыз):Апа , апа, ана алтын оймақты маған қарай лақтырып жіберіңізші.

Айза(мыстан):Ой, балам, отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын, өзің ал. (Қыз алтын оймақты ала бергенде мыстан оны ұстап алып кетеді. Осы кезде ауылдын қыздары Күнікейді іздеп шығады.)

-Күнікей!

-Күнікей қайдасың?

-Біз сені іздеп жүрміз (Осы кезде ортаға Мыстан қарғып шығып, қыздарды қорқытады, қыздар шыңғырып отыра қалады.)



Айза(мыстан):Сендерге не керек?

Алина:Апа біз Күнікейге келдік. Біз қазір «Сиқырлы моншақ» үйірмесіне баруымыз керек еді, соған Күнікей керек.

Айза(мыстан): Сендерге Күнікей керек болса, менің бірнеше шартымды орындандар

Қыздар(бірге қосылып): - Орындаймыз, Апа, орындаймыз.

Айза(мыстан):Онда сендердің жаңағы айтқан үйірмелерің қалай аталады, мақсаты қандай?

Мадина:Біздің үйірмеміз «Сиқырлы моншақ» деп аталады. Үйірменің мақсаты ұлттық қолөнер мен салт-дәстүрге және жаңашылдыққа баулу; Қазақ халқының мәдениетін қастерлеуге, мән-мағынасын терең түсініп, дұрыс бағалай білуге үйрету; Халық қолөнерін игеру арқылы оқушыларды еңбексүйгіштікке, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге тәрбиелеу.

Айза(мыстан):Ендеше бірінші шартым«Ата мұраң асыл қазынаң» деп аталады. Маған қазақ халқының қолөнері туралы айтып беріңдер.

Алина:Қазақ халқы – кең байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы ел.Қазіргі уақытта революцияға дейінгі қазақ халқының қолөнер табиғатын жан-жақты этнографиялық тұрғыдан зерттеудің өмірлік тәжірибие үшін маңызы зор. Өйткені қазақтың қолөнері жалпы халық мәдениетінің ішіндегі негізгі салаларының бірі. Қай халық болсын дүниежүзілік мәдениет қорына өз үлесін қоса алады. Қазақ халқының да ұлттық мәдениеті,оның ішінде қолөнер шеберлерінің өнері-жан-жақты зерттеуді қажет етеді.Қолөнер саласына кілем, алаша, сырмақ сыру, текемет басу, түскиіз жасау жатады. «мал жұтаса да,өнере жұтамас» дейді халық даналығы. Қазақтың қолөнері де өзінің даналығы, көркемдік мән-мағынасымен халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы.

Айза(мыстан):Ал осы сәндік қолданбалы өнерді зерттеген суретші, этнографтардан кімдерді білесіңдер?

Альбина:Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері ғасырлар бойы еліміздің тарихымен бірге дамып келе жатқан асыл мұра. Халқымыздың қолөнерін зерттеуге К.А.Ақышев, М.Қ.Қадырбаев, В.П.Агапов, А.Ғ.Ғалымбаева, Х.Арғынбаев, М.С.Мұқанов, Ә.Х.Марғұлан, Ә.Тәжімұратов,С.Қасиманов және т.б.археологтар мен тарихшылардың,ғалым-этнографтар мен суретшілердің қосқан үлесі мол

Айза(мыстан): Жақсы мұныда біледі екенсіздер.Ал екінші сұрағым сумоншақпен кестелеу өнері дегеніміз не?

Мадина:Кестелеу өнерінің халқымызға тән түрі моншақпен кестелеу өнері. Кестелеу, көркемдеп тігу,ою-өрнекті әшекейлеу ертеден келе жатқан өнердің бірі.кестені көңіл сызады,қол тігеді, көз сынайды дегендей, кесте алуан әдісті,таңдауы көп өнер.Кестелеу өнерін үйрену арқылы адам бойында сұлулыққа құштарлық, төзімділік,ептілік қалыптасады.

  • Апа,енді жібересіз бе?

Айза(мыстан):Жоқ, келесі шартым –«Өнер кезеңі»,өнер көрсетіп, көңілімді көтеріңдер.

  • Әрине,апа,әрине.Өнерімізді тамашалаңыз.

Музыкалық үзіліс. Айнұр домбырада күй «Ақ жаулық», Гаухар белгілі қолөнерші Дәркембай Шоқпарұлының «Қолөнерім»өлеңін оқиды

Айза(мыстан):Ой,рахат-ай,көңілім бір көтеріліп қалды ғой.

  • Апа, Күнікейді енді жібересізбе?

Айза(мыстан):Жоқ. «Шеше көрген тон пішер» деген аталы сөз бар. Енді маған сумоншақтың тарихы, кестелеу туралы айтыңдар

Аяулым:Моншақпен сәнді жұмыс жасау тарихы өте әріден басталады.Бұны өнертанушы ғалымдарымыз қолданбалы сән өнері шеберлерінің әйгілі, осы уақытқа дейін сақталып келген өте әдемі, сапалы орындалған жұмыстарын зерттеу арқылы дәлелдеген. Адам баласы етье кездің өзінде тұрмысына қолданатын заттарын түрлі дән, жидек, ұлу және түсті тастарды қолдан есілген ұзілмейтін шөптерге, аттың қылына тізіп,тігу, тоқу арқылы безендіре білген. Бисер тоқу ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі болғандықтан соңғы кезде қарқынды даму үстінде. Бисермен түрлі киім-кешектерді әшекейлеп, кестелеуге, түрлі сыйға тартуға арналған бұйым түрлерін жасауға, сондай-ақ сәндік бұйымдарды - сырға, білезік,алқа тоқуға да болады.. Қазақша бисерді су моншақ, ұсақ моншақ, жалған маржан деп аталады.Бисермен жұмыс істеу әдемілікті, нәзіктікті, талғамды талап ете отырып, оқушы қиялын және шеберлігін дамытуға септігін тигізеді.

Ақгүлім:Моншақ неолит дәуірінде тастан жіне сүйектен, қола дәуірінде матадан жасаған. Уақыт өте келе моншақты өте бағалы және аса қымбат емес тастар, әйнек өндіру кәсібінің нәтижесі моншақ, сумоншақтар алмастырады. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Дегенмен әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда Финикиялық көпестерәлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқталады. Өздеріне азық дайындау мақсатымен отқа қазан қою үшін аралдан үлкен тас іздейді. Ешнәрсе таппаған олар кемедегі селитраның (натрий қосындыларының) үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына араласып сұйық әйнек болып аққан екен. Осылайша әйнек дүниеге келген. Бірақ Финикиялық көпестер бүкіл Жерорта теңізінің халқына әйнектен жасалған бұйымдарды сатқан екен. Кейбір деректер бойынша әйнектің Отаны Ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар біздің заманымызға дейін ХIғасырдың ескерткіштерінен табылған. Бисерді ең көп шығаратын елдер Жапония, Италия, АҚШ, Үндістан.

Мадина:Алтын, күміс жіптерге маржан тізіп кестелеу бұрыннан белгілі болған өнер. Қазір сумоншақпен кестелеу әдісіне сұраныс көп. Уақыт талабына орай моншақ, сумоншақтармен және технологиялық кестелеу өнері арқылы панно картиналар жасалады. Живопискежазылған картинадағыдай түрлі-түсті өңі бар етіп, сумоншақпенде картина кестелеуге болады. Біздер қазір сізге назарыңызға үйірме сабағында жасаған «Қорқыт» картинасын ұсынып отырмыз.

Жұмысты бастамас бұрын техникалық қауіпсіздік ережесін есте сақтауымыз керек:

1. Инені аузыңа салмау керек.

2. Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды.

3. Инені кез-келген жерге қадауға болмайды.

4. Бисерлер шашылып қалмас үшін оларды кесілген матаның үстіне немесе қорапшада ұстаған жөн.

Қыздар өздерінің үйірме сабағында сумоншақпен жасаған «Қорқыт» картинасының жасалу жолдарын түсіндіріп береді

- Апа, енді Күнікейді жібересіз бе?



Айза(мыстан):Жоқ, жібермеймін. Келесі шартым: Менің қасымда қыздарым отыр осы қыздарымның қолөнер туралы білімдерін тексеріп беріңдер.

Альбина:Жарайды,апа, біздің оларға қоятын сұрақтарымыз да дайын. Мына суретте берілген сөзжұмбақты мақалды дұрыс тауып шешкенде, матадан әр-түрлі әдемі етіп жинақтап тігу арқылы орындалатын бүрменің түрі шығады. Мен мақалды оқимын тастап кеткен сөзді табыңыз.

Айза(мыстанЖоқ, жібермеймін. Келесі шартым: Есеп шығарасыздар.

  • Шығарамыз,апа шығарамыз.

Айза(мыстан):Бірінші есебім «Қырсық жолаушы»Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне 2 шақырым алға жүріп, 1шақырым кейін қайтады. Қырсық екі араны неше күнде өтеді.

Айза(мыстан):Екінші есебім «Бір үйде әкесі баласымен және атасы немересімен отыр. Осы үйде неше жан отыр?»

  • Апа, Күнікейді жіберіңізші.

Айза(мыстан):Жоқ бермеймін. (Айқайлап таяғымен жерді бір қояды, қыздар жиылып бір нәрсеге ақылдасады)

Альбина: Апа, мынау ұялы телефон. Мұнымен әлемнің барлық жерімен сөйлесе аласыз. Кинода көруге болады, ойын да ойнауға болады.

Айза(мыстан):Қане, әкелші,көрейін (телефонды алып,бұрышқа қарай барып, телефонды қарап тұрғанда қыздар Күнікейді алып қашып кетеді)

Айза(мыстан):Әй,әй тоқтаңдар! (Ұялы телефонмен)

Айза(мыстан):Алло, алло, Таусоғар, Желаяқ, Саққұлақ қайдасыңдар, ұстаңдар ананы.

Сіздердің көріп, тамашалағандарыңыз қазақтың «Алтын сақа» ертегісінің желісімен қойылған «Сиқырлы моншақ» үйірмесінің өнері
6-сабақ үлгісі

Дарынды балаларға арналған «Ұшқын» дарынды балалар орталығының ұйымдастыруымен «Қуаныш көрем көзіңннен....» атты көктем балы сценарий

І жүргізуші: Қайырлы кеш, ханымдар мен мырзалар!

А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының көктем балына қош келдіңіздер!



ІІ жүргізуші: бүгін мектебімізде тұңғыш рет «Ұшқын» дарынды балалар орталығының ұйымдастыруымен «Қуаныш көрем көзіңннен....» атты би мерекесі өтпек. Осы сайыс мектеп өмірінде болашақта дәстүрлі мереке ретінде аталып өтпек. Көктем балын ашу үшін сөз кезегі А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназия директоры Батыров Жұмагелді Калимұлына беріледі.

І жүргізуші: Бал биі – би кештерінде (балдарда) жұптасып немесе көп кісі болып билейтін би. Алғаш Италияда 14 ғасырда пайда болды. Кейін Бал биі Францияға тарады да, 16-17ғасырларда Франция бұл бидің шын мәніндегі Отанына айналды. Бал биі әр елде түрлі ұлттық өрнекке ие болып, үздіксіз өзгеріп отырды. Оның көпшілік арасында кең өріс алған бурре, гавот, аллеманда, жига, сарабанда сияқты түрлері пайда болды.

ІІ жүргізуші: 19 ғасырдың ортасында вальс – Бал биінің әйгілі түрі ретінде танылды. Қазақстанда вальс, жай вальс, танго, твист, мазурка, полька, полонез, фокстрот, чарльстон, краковяк т.б.билер кең өріс алған.

І жүргізуші: Мың бұралған арулар билей басып,

Келеді міне ортаға толқып, тасып

Аруларын сыйлаған халқым менің ,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық, - деп ортаға сайыскерлерімізді қошеметпен шақырайық



ІІ жүргізуші:

  • 9-сынып жұптары

  • 10-сынып жұптары

  • Мұғалімдер жұбы

ІІ жүргізуші: сайыста бақ сыналар, бап сыналар,

Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.

Кім өнерлі,кім тапқыр шешу қиын

Қазылар алқасы болмаса, нақ сын айтар,- демекші, кез-келген сайыс бағалануы тиіс. Яғни, сайыстың ара-жігін ажыратып, әділдік айтып, тура шешім қабылдайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

- директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Шайхиева С.Ж;

- директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ихсанов Ә.И;

- директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Қажымұратов Д.Ә

- мектебіміздің хореографы Қазимова Н.М



І жүргізуші: Өзіңмен Арыстың

Бойында таныстым

Жайнаған гүлдей құрбым сен

Жағада тұрдың сен

Жаз еді сол күнде

Қайдасың бұл күнде

Сені іздеп арманым

Сыр бойын шарладым



ІІ жүргізуші: Кетеме осылай

Жолымыз қосылмай

Жайнаған гүлдей құрбым сен

Жағада тұрдың сен, -бұл мыңдаған адамдардың жүрегінен орын алған Шәмші ағанын жыр шумақтарынан үзінді. Бүгінгі би кеші Шәмші аға әндерімен өрнектелмек.

І жүргізуші: Ш.Қалдаяқұлы өзінің қайталанбас қолтаңбасы, халықтың бояуы қанық талантымен Қазақ халқының қазіргі ән өнерін биік белеске көтерді оның ғажап шығармашылығы ұлттық мәдениеттің тамаша көрінісінің бірі.

ІІ жүргізуші: би сайысына қатысушыларды рет номерін суыру үшін ортаға шақырамыз.

І жүргізуші: Сезім сыйлап төбемде күн күледі

Осы көктем өзгертер мүмкін мені

Бой тазартар жаңбырдың жауары анық,

Көңіл бұлты кеудемде күркіреді.

ІІ жүргізуші: Таңғажайып тәтті өмір басталарда

Кез қылмасын тағдырым тас қамалға.

Қоймаса екен бұл көктем мен ұнатқан

Аруларды ғашық қып басқа менен



І жүргізуші: Сонымен би сайысымыз басталды. Сайыстың шарттары:

  • Сайысқа қатысушылардың киім үлгісі

  • Ырғақпен әсем қозғалысы

  • Тәж етуі, жүріс-тұрысы

  • Шаш үлгісі

Әр биден соң 4жұптан озып шыққан 1 жұп келесі бөлімге өтіп отырады.

ІІ жүргізуші:

  • алғашқы өнер көрсеткен 9-сынып жұптары

  • 10-сынып жұптарын ортаға шақырамыз.

  • Мұғалімдер өнер көрсетеді

Сайысты қорытындылау үшін әділ-қазылар алқасына сөз береміз.

І жүргізуші: Білегіне тағатын білезік ең,

Бақыт табар жан бар ма бір өзіңнен

Толған айдай табынтар талай ару

Тоңы жібіп мұз қатқан мінезінен



ІІ жүргізуші: Тағы көнбей ырқыма қыңыр ұл-мұң,

Теңселтті кеп тірегін тұғырымның.

Келер, кетер көктемі жылдарымның,

Қалай өтер көктемі ғұмырымның... деп, осымен би кешін жабық деп жариялаймыз.




Қорытынды

Бүгінгі заман – бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманы, ғылым мен білім заманы. Сәндік-қолданбалы өнер оқушылардың эстетикалық және еңбектегі рухани дамуында ерекше рөл атқарады. Үйірме жұмыстарында оқушылардың шығармашылық белсенділіктері мен дербестіктерін дамытуға жағдай жасалып, оқушылардың бейімділігі мен қабілеттерінің қалыптасуының кепілі бола алады.Осы мақсатта мектебімізде дарынды балаларға арналған «Сиқырлы өнер әлемі» шығармашылық тобы жұмыс істейді. Үйірмеде балаларды халықтық өнерге баулуда, көркемдік шеберліктің тәсілдеріне үйретуде қолданбалы өнер, ісмерлік үйірмесі үлкен еңбек етуде. Үйірмелерде оқушылар өз шеберліктерін іс жүзінде қолдана алады. Мақсаты оқушыларды халқымыздың салт-дәстүріне, қолөнеріне терең үңілдіріп, ою-өрісін дамыту. Өз беттерінше жұмыс жасау шеберліктерін шыңдай отырып, ою-өрнек үлгілерін ойып үйрету.



Мектебімізде дарынды балаларға арналған «Сиқырлы өнер әлемі» шығармашылық тобы жұмыс істейді. Бұл топта арнайы сауалнама жүргізу арқылы анықталған дарынды балалар жұмыстанады. «Сиқырлы өнер әлемі» шығармашылық тобының жұмыс кестесі әр бейсенбіде Күзгі демалыс кезінде,яғни, оқушылар қолөнер үйірмесіне келіп,бисерден гүл шоқтарын жасаумен айналысты. Олардың қолынан шыққан бұйымдарды Облыс директорларының семинарына келген ұстаздарға сыйлық ретінде тарту етті. Оқушылармен Облыстық тарихи өлкетану мұражайына барып қайттық. мұражайға бару арқылы Қазақ елінің ежелгі заманнан қазіргі кезеңге дейінгі тарихымен, мәдениетімен танысты. Мұражайда болу оқушыларды ерекше бір сезімге бөледі. Мұражайдан шыққаннан кейін балалар өздерінің алған әсерлерін өзара бөлісті. Сондай-ақ С.Ғұмаров мұражайына да баруды ұмытпадық.«Сиқырлы өнер әлемі» шығармашылық тобының ұйымдастыруымен алғаш рет «Көктем балы» байқауы өтті. Сайыс вальс королі Шәмшінің әндерін негізге ала отырып өткізілді. Сайысқа қатысушылар бар өнерлерін сала, асқан қызығушылықпен қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша І,ІІ,ІІІорындар және бас жүлде «Көктем ханзадасы» мен «Көктем ханшайымы» анықталды. Бас жүлдені мұғалімдер арасынан шыққан топ жеңіп алса, І орынды 9а –сыныбы, ІІ орынды 10ә-сыныбы, ІІІ орынды 9б-сыныбы иемденді. Мектепте Тәуелсіздік күніне арналған,8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне, Наурыз мейрамына арналған мектептішілік оқушылар арасында көрме өткізілді. Көрмеге бірнеше жұмыстар ұсынылды. Қалалық көрмеге Муратова Айнагүл,Бекешова Назгүл, Ералиева Марина, Қуанышева Аида, Самигуллаева Аяулым, Қажымұрат Фаризаның бірнеше жұмыстары қатысты. Фаризаның жұмыстары қалалық Наурыз мерекесіне арналған оқушылар шығармашылық көрмесінде І орын және облыстық «Нұр себеле, Наурызым!» фестивалінде алғыс хат, облыстық ЭКСПО-2017 оқушылар шығармашылық көрмесінде алғыс хат, Аймақтық «Жас дарын» байқауында алғыс хатқа ие болды. Әр баланың ізденіс еңбегі жетістікке жеткізеді. Сондықтан да үйірме жұмыстарында олардың қызығушылығы мен ізденісі – бірінші орында және технология сабағында осы оқушылар әрқашанда кез келген тақырыпты бірден іліп әкетеді. Шәкірттерімнің әлі талай жетістіктерге жетіп, шығармашылық шыңынан көрінеріне сенімдімін.

Қосымша материалдар
Ою-өрнек элементтері және олардың аталуы

Каталог: uploads -> doc -> 004f
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
004f -> 7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
004f -> Өнеркәсіптік роботтар Мақсаты
004f -> Атырау облысы білім беру басқармасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет