-Тоқта, мына ою не деп тұр? Балаң екіге бөлінді, жаны рухта, тәні аруаққа айналды деп тұр ма?
- О,жалған! Менің ұлым шынымен өлгені ме? Өлтірем!!!- деп қылышын суырып Ою ханға төнеді. Ою хан саспастан Жою ханның өз жарлығын есіне салады. Ханның екі айтқаны өлгені деп, жарлық бойынша өз басын алады. Ою ханды ел-жұрты қайта хан көтереді.Әр оюдың тілі бар деген сөз осыдан қалған.Бұл аңыздан ою-өрнектердің барлығын қоршаған ортадан алғанын көреміз.Көне заманнан қазіргі кезге дейін халықтың тұрмыс-дәстүрімен тығыз қайнасып, өмір сүріп келе жатқан өнердің бір түрі –ол қолданбалыөрнекөнері.Қазірде ою-өрнектерді композициялық құрылымына қарай бір жүйеге келтіру үшін ғалымдар ою-өрнекті төрт топқа бөледі:
1. Зооморфты 2.Өсімдік пішіндес 3. Геометриялық 4. Космогониялық.
Әр ою-өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: «қошқар мүйіз» оюы молшылықты меңзейді, «ағаш» оюы ынтымақ бірлікті, «ирек» оюы адамның өмір жолы, судың белгісі, «шеңбер» оюы жарық өмір жолы дегенді білдіреді. «Құс», «түйе табан», «итқұйрық» ою-өрнектері кебеже, жүкаяқ,әбдіре, асадал сынды бұйымдарда, ал өсімдік пішіндес оюлар «гүл», «жапырақ», «қырмызы гүл», т.б. ағаш бұйымдарда шебердің талғамына қарай топтастырып беріліп отырған. Геометриялық өрнектер кілемде, шым шиде, ағаш пен тастан өңделген бұйымдарда сондай-ақ барлық дерлік бұйымдарда композиция құру барысында пайдаланады. Космогониялық өрнектер көбіне кілемде, жүзіктерде кездеседі.
Жоғарыда өрнектердің композициялық құрылымы дегенді айттық. Композиция дегеніміз -өрнекті бұйымның бетіне реттеп орналастыру, жүйелеу.
Композициялық тұйық өрнектер дегеніміз-
шеңберішінде, түрлі бұрыштар ішінде
орналасқан өрнектер. Өрнектерді
орналастыру үшін симметрия сақталу
керек. Симметрия дегеніміз- ою-
өрнектің екі жағының тең болуы. Ою-өрнекте бір элемент қайталанып келсе мұны-ритм дейміз. Бұйымға салынатын ою-өрнектің бояу түрлерінің бір-бірімен үйлесіп, жарасым табуы –колорит деп аталады.Мысалы: көк түс – аспанды, жасару, өмір, өсу деген мағынаны білдіреді, қызыл түс–оттың, күннің белгісі, қара түс–жердің түсі,берекенің белгісі,
сары түс–ақыл, парасат, байлықтың белгісі,
ақ түс–қуаныштың, бақыттың, тазалықтың
белгісі, жасыл түс – жастықтың, көктемнің
белгісін білдіреді.Сонымен қазақтың ою және
өрнек деген қос сөзі біріге келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді. Мағынасы әсемдеу, сәндеу. Ою дегеніміз–бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу, бұйымды шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары. Өрнек дегеніміз– кез келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас байланысты әшекей. Жалпы алғанда ою - өрнек дегеніміз - әдемі ырғаққа арнаулы жүйемен құрылған өрнек бөлшектері.Шеберлер бұйымға салатын ою-өрнектерді жүйелеп, бояуларын да үйлестіребіледі. Артында өшпес із қалдырған қолөнер шеберлері біздің өңірде де баршылық.
Достарыңызбен бөлісу: |