Пікір алмасу.
“Педагогикалық этика деген не, сіз оны қалай түсінесіз?” (Педагог жауабы)
Этика - әдеп мәдениетін теориялық тұрғыдан сараптайтын философиялық ұғым.Этика (грек. Ethos – дағды, әдет, ғұрып) деген мағынаны білдірсе керек. Педагогикалық этика - педагогтың әріптестерімен, ата-аналарымен және тәрбиеленушілерімен қарым-қатынас жасауда жалпы әдептік нормаларды басшылыққа алуы.Педагогикалық бірінші принцип: дұрыс амандасу. Сәлем сөздің анасы деп бекер айтылмаса керек, кім болсада ең алдымен амандасу, ол адамның көрегенділігін, білімділігін, мәдениеттілігін көрсетеді.
Қандайда бір мамандықтың да айрықша белгісі болады. Ол адамның үйреншікті әдетінен, сөйлеген сөзінен тіпті киім киісінен де байқалуы мүмкін. Әнші үшін үн, музыкант үшін музыканы ұғу маңызды болса, мұғалім үшін педагогтық әдеп сондай қажет. Педагогтық әдеп адаммен бірге туатын нәрсе емес, ол жүре бара пайда болады. Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр – сырын меңгермейінше, педагог ұстаздық шеберлікке қолы жетпейді.
Достарыңызбен бөлісу: |