Ұжымшылдық– ұжыммен ынтымақтастық, өзін оның бір мүшесі деп сезіну сезімі, топ және қоғам үшін пайдалы әрекеттерге дайын болуы. Қалыптастыру жолдары: оқуда, еңбекте, қоғамдық жұмыстарда ынтымақтастық пен өзара көмекті ұйымдастыру, мәдени –жаппай және спорттық шараларға бірлесе қатысу; оқушыларға перспективаны анықтату және оларды бірлесе орындалуын қамтамасыз ету, балардың қоғамдық ұйымдарының жұмысын белсендіру.
Ұжым дамуының қозғаушы күші – перспектива болып табылады. Перспективалар жақын, орта, алыс перспетивалар деп бөлінеді:
Жақын перспектива – күнделікті туындайтын тұлғаны әр түрлі іс-әректке ынталандыратын мақсаттар.
Орта перспектива – орта аралық мерзімге (апта, ай)арналған ұжымдық іс-әректтің проектісі.
Алыс перспектива – ұзақ уақыт талап ететін, маңызды және мәнді нәтижеге бағытталған мақсаттар.
7.2 Балалар ұжымын қалыптастарудың кезеңдері, қызметі және заңдары.
Достарыңызбен бөлісу: |