А вторлық бағдарлама жаңартылған жаттығулар жинағЫ



бет2/4
Дата07.06.2024
өлшемі1,99 Mb.
#203258
1   2   3   4
Байланысты:
1.Жаңартылған жаттығулар жинағы-Оқушы компоненті

ТҮСІНІК ХАТ
«Жаңартылған жаттығулар жинағы» атты таңдау курс бағдарламасы, тілдік қатынасты орнатуға көмек ретінде мектеп оқушыларына арналған. Бұл курсты оқу оқушыларға жоғары талап деңгейінде жұмыс тәжірибесін алуға, білім алу жағынан өз мүмкіндігін бағалауға, оқушылардың оқу уәжін дамытуға көмек тигізуде көкейкестігі көзделеді. Курс аясында алған білімдері шет тілін білуді талап ететін кез келген салада ағылшын тілін әріқарай меңгеруге пайдалы болады.
Ағылшын тілі – қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Еліміздің шет елдермен қарым-қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі заманда оқушылардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру басты міндет. Демек, оқушыларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы. Шетел тілі қазіргі кезде заман талабына сай көптеген мектептерде тереңдетіп оқытылуда. Бұл оқушы бойында ерте кезеңнен бастап ұлтаралық, мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына тікелей ықпал етеді. 
Әлемдік өркениетке ілесуі біздің мемлекетіміздің халықаралық деңгейде әр салада түбегейлі өзгерістер енгізуі, достық, ынтымақтастық қатынастар орнатуы шет тілінің маңыздылығын арттырып отыр. Шетел тілін үйрене отырып оқушы өз білімін шыңдайды. Шетел тілін оқытудың артықшылығы әрбір балаға психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтуын, білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретіндігінде.  Қолданыстағы тілді үйрену оқушыларға сол тілдің қолдануының маңыздылығын, қосымша саяси, мәдени, тарихи бағытта қолданылатын сөз тіркестерімен таныстыру. Әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгерту ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі.

«Жаңартылған жаттығулар жинағы» курсының мақсаты:
Ағылшын тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасауға үйрету.


«Жаңартылған жаттығулар жинағы» курсының міндеттері:

  • Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру

  • Оқушыларды өз көзқарасын, тұжырымдамасын айқын білдіруге баулу.

  • Ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуде лексикалық және грамматикалық құрылымдарды меңгерту.

  • Ағылшын тілінде диалогқа түсуге дағдыландыру.

  • Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, шығармашылығын дамыту.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет