Ааж құрылымы мен түсінігі, даму тарихы Ақпараттық жүйе туралы ұғым



бет1/2
Дата06.02.2022
өлшемі16,84 Kb.
#80786
  1   2
Байланысты:
ААЖ құрылымы мен түсінігі
ААЖ құрылымы мен түсінігі, ААЖ құрылымы мен түсінігі

ААЖ құрылымы мен түсінігі, даму тарихы
Ақпараттық жүйе туралы ұғым. Ақпараттық (информациялық) технологиялар қоғамының негізгі көрінісі – адамзат өмірі мен қызметінің барлық дерлік саласын компьютерлендірумен сипатталынады. Алғашқы кезеңде есептегіш техника (ЭЕМ, компьютер) ғылыми зерттеулерде, инженерлік-техникалық, қаржы-экономикалық және тағы басқа салаларда кездесетін математикалық есептеулерді орындау үшін қолданылды. Кейінгі жылдары есептегіш техниканы және онымен байланыстыруға болатын құралдарды пайдаланудың ауқымы кеңейді. Осындай жағдайға байланысты есептегіш техникаға қажетті программалық жабдықтар негізінен екі бағытта дамыды:
- есептеулерді орындау;
- информацияны жинақтау мен өңдеу.
Осы екі бағыттың екіншісінің даму қарқыны кейінгі кезде өте жоғары әрі пайдалану облысы барынша кеңеюде. Пайдалану облыстарының ішінде, компьютерлік техника мен ақпараттық технологияларды (IT-информационные технологии) пайдаланудың ең маңызды саласының бірі – басқару ісі. Басқару объектілері ретінде механизмдер мен өндірістік процестер, мекемелер мен кәсіпорындар және т.б. қарастырылады. Әсіресе, нарықтық экономикада жиі кездесетін белгісіздік пен тәуекелділік жағдайында, дұрыс басқару шешімін қабылдау үшін басқарылатын объектінің жұмысына әсерін тигізетін сыртқы және ішкі жағдайлар мен факторлар туралы дәл әрі оперативті информация қажет болады.
Осыған байланысты мекемелер мен кәсіпорындардың жұмыстарының сәтті әрі тиімді болуы үшін оларда ақпараттық жүйелердің болуы аса қажет. Ақпараттық жүйелер пайдалану облысына байланысты әртүрлі болады және олар математикалық есептеулерді орындауға арналған стандартты қолданбалы программалар мен жүйелерден өзгеше. Ақпараттық жүйелер белгілі бір мақсатқа қажетті информацияны жинауға, сақтауға және өңдеуге арналған. Оларды құрастыру кезінде, болашақ пайдаланушылардың көпшілігінің есептегіш техника мен информациялық технологияларды жоғары деңгейде игермегендіктерін ескеру де қажет.
Осы айтылғандардан мынадай тұжырымдар жасауға болады:
- ақпараттық жүйелердің негізі ретінде информация сақтау ортасы мен одан деректерді алу құралдары болуы тиіс; информация сақтау ортасында қажетті деректер мен мәліметтерді олардың типтері мен түрлеріне байланысты белгілі бір тәртіппен орналастырылатын жадының болуы қажет; оны деректер базасы (ДБ) деп атайды;
- деректерді деректер базасынан алу және оларды басқа клиенттерге жеткізу құралдары пайдаланушы үшін ыңғайлы жағдай (интерфейс) жасайтын болуы тиіс.
Сонымен, ақпараттық жүйелерді құрастыру кезінде екі негізгі мәселе шешіледі:
1) информация сақтауға арналған деректер базасын құру;
2) пайдаланушыға арналған ыңғайлы интерфейс жасау.
Басқару мен ондағы ақпараттық жүйелер туралы мәселелерді қарастыру барысында «Ақпараттық жүйе дегеніміз не?» - деген сұрақ міндетті түрде пайда болады.
Ақпараттық жүйе дегеніміз мәтіндік, фактографиялық және т.б. информацияны жинауға, сақтауға, іздеуге, өңдеуге және т.б. амалдарды орындауға арналған қолданбалы программалық жүйе. Ақпараттық жүйе пайдаланушымен диалог арқылы жұмыс істейді.
Ақпараттық жүйелердің пайда болуы мен олардың жылдам дамуының негізгі себептерінің негізгілері ретінде келесі үш факторды қарастыруға болады:
1) кәсіпорындарды басқару әдістемесінің дамуы;
2) компьютерлік жүйелердің мүмкіншіліктері мен өнімділігінің артуы;
3) ақпараттық жүйелердің элементтерінің техникалық және программалық жүзеге асырылуының дамуы.
Жоғарыда айтылғандай, кәсіпорындарды басқару теориясы және оны іс жүзінде жүзеге асыру өте күрделі іс болып есептеледі. Оның себебі – нарықтық экономика жағдайында бәсекелестіктің өсуі компания басшыларына тұрақты түрде жаңа тиімді тәсілдерді іздеуді және оларды тезірек іс жүзінде пайдалануға енгізуді қажет етеді. Осыған байланысты басқару ісінде информацияны дер кезінде алу, оны басқару ісінде пайдалану ақпараттық жүйелердің болуының қажеттілігін туғызады.
Жылдан жылға компьютерлік техниканың және оның программалық жабдығының дамуы, олардың мүмкіншіліктерінің артуы тиімді ақпараттық жүйелерді құрастыруға мүмкіншілік береді. Соңғы жылдары информациялық жүйелердің дамуына үлкен әсер етуші фактор ретінде үш жаңалықты атауға болады:
1) программа құрастырудағы жаңа әдістердің пайда болуы; мысалы, объектіге бағдарланған программалау әдістері объектік модельдерді пайдалануға мүмкіншілік береді;
2) желілік технологиялардың пайда болуы ақпараттық жүйелердің пайдалану мүмкіншіліктерін арттырды;
3) Интернет жүйесінің пайда болуы және кәсіпорындарда интранет технологиясының пайдаланылуы алыста орналасқан объектілермен жұмыс істеуге мүмкіншілік жасады.
Ақпараттық жүйе негізінен екі бөлімнен тұрады:
1. Компьютерлік инфрақұрылым немесе корпоративтік желі - желілік, телекоммуникациялық, программалық, ақпараттық және ұйымдастырушылық инфрақұрылымдардың жиыны.
2. Бір-бірімен байланысқан функционалдық бағынышты жүйелер; олар ұйымдастыру ісі мен қойылған мақсатқа жетудің мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді.
Сонымен, ақпараттық жүйені құрастыру дегеніміз алдымен оның компьютерлік инфрақұрылымын (корпоративтік желісін) құрастырып, содан кейін осының негізінде, функционалдық бағынышты жүйелерді құрастыру.
Корпоративтік желіні құрастыру көлемді қаржы жұмсауды қажет етеді. Сондықтан оны құрастыру ұзақ мерзімге жоспарлануы тиіс әрі оны ауыстыру немесе жаңарту іс жүзінде сирек болады. Ал функционалдық жүйелер жұмыс барысындағы өзгерістерге байланысты жиі жаңартылып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет