Пьесада Ақанның кішкентайынан бастап өнер жолына шығуы,тыныс-тіршілігі түгелімен көрініс табады. Ақан жас кезінде көбінесе махаббатты, сұлулықты жырласа, есейе келе сүйіспеншілік тақырыбына ел мәселесі де қосылады. Ол бай-болыстардың қараңғы халыққа көрсеткен озбырлығын, қастандығын ашық түрде айтады. Қазақ елінің Ресей қосылу тарихының маңызын тереңнен түсіне алмады және осы жайлар кейбір қайшылықтарға да әкеліп соқтырды.Өмірде Ақан серінің өз басының қайғы-қасіреті де көп болған адам. Оның сүйіп қосылған жарының өмірі қысқа болып, жалғыз ұлы мылқау болады. Ақтоқтыдай сұлу қызға ғашық болып, үйленбек мұратына жете алмайды. Сөйтіп ол Ұрқия деген қызға үйленіп, үш айдан кейін шешек ауруынан ол да қайтыс болады. Бір басына осы жылы қайғы тым ауыр тиеді. Оның қыран құсы Қараторғай өледі. Қасқырға салған уды жеп тазысы да өледі. Құлагердей пырағы опасыз байлардың қолынан мерт болады. Ақан патшаның отаршыларынан да опасыздық, зорлық көріп, туған жерінен айырылып, жалғыз мылқау ұлын қасына алып, мұңлы жүрегіне домбырасы жұбаныш болып, елден безіп, көл жағасында қайғырып күн кешеді. Оған елдің «Ақан сері перінің қызымен көңіл қосыпты» деген сөздері жаралы жүрегіне бата түседі. Ақан Қорамсаұлы өмірден осындай ауыр қайғы-қасірет пен азап көреді. Ол қартайып, ұзақ уақыт науқастанып 1913 жылы жездесінің қолында қайтыс болады