Жүргізуші: Ержігіттің үш асыл мінезі?
2.Ұл бала. 1. Туған елі мен дос-жаранына адал болу.
2. Қара қылды қақ жарған әділетті болу.
3. Қаймықпастан турасын айтар шыншыл болу.
Жүргізуші: Жігіттерге тән алты асыл қасиет:
3.Ұл бала. 1. Зерде-зейіні болсын
2. Өнер өрісі болсын
3. Тапқырлық, талап, ерлігі болсын
4. Жігер-күші болсын
5. Қайрат қаруы болсын
6. Білімі болсын.
Жүргізуші: Бәрекелді, сұңқарлар, ер жүрек азаматтар көп нәрсені біледі екенсіңдер! Қуаныштымыз!
Ал, енді, үш немесе үштен көп орден жинаған ұландарымызды ортаға шақырамыз. Финалға шыққан үш оқушыны таныстырады. Егер ордендер саны бойынша үштен артық оқушы шықса, онда жүргізуші қосымша сұрақтар арқылы артық болған ойыншыларды іріктеп шығарады.
Құрметті төрешілер және ұландар, финалға шыққан жас білгірлерге екінші сатының, яғни финалдың ережесін түсіндірейік.
Финал “Сұңқарлар сайысы” деп аталады. Қазір финалға шыққан әрбір ұлан жинаған ұпайына сәйкес өз қалауы бойынша мына жолдың бірін таңдауға тиіс. Бірінші болып өзіне жолды ең көп орден жинаған ұлан таңдайды. Ал ордендері ең аз болған финалист қалған жолға түседі. Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы әрбір финалист өзінің жолымен бір сатыға алға жылжиды.
Қызыл жол екі сатыдан тұрады. Оны таңдаған оқушыға екі сұрақ қойылады, оларға дұрыс жауап беру арқылы ол келесі сатыға өтеді.
Дұрыс жауап бермесе, ойыннан шығады. Яғни оның қателесуге құқығы жоқ.
Сары жолды таңдаған оқушының жолы үш сатыдан тұрады, оған үш сұрақ қойылады. Ол бір рет қателесіп, екі сұраққа дұрыс жауап берсе жеңіске жетеді. Бірақ екі рет қателессе ойыннан шығады.
Жасыл жол төрт сатыдан тұрады. Оны таңдаған оқушыға төрт сұрақ қойылады. Ол екі рет қателессе де келесі сатыға өтеді. Екі сұраққа дұрыс жауап берсе жеңімпаз аталады, ал үшінші рет қателессе ойынмен және бас жүлдемен қоштасады.
Егер финалға шыққан оқушыға қойылатын сұраққа ол жауап бере алмаса, онда ол сұраққа жауапты тек қана көрермендер береді.
Ал, енді, қырандай қанат қағып қияға ұмтылған ұландар, финалға қош келіпсіздер!
Бірінші болып өзіне жолды ең көп орден жинаған қайратты да, зерделі ұлан таңдайды. Қай жолды таңдайсыз? Бірінші финалист жолды таңдаған соң оған рахмет айтып, келесі ойыншыларға ретімен жол таңдатады.
Финалдық сатымызды бастаймыз да, бірінші сұрағымызды жасыл жолды таңдағанға ұсынамыз. Мұқият тыңдаңыз.
1-сұрақ: Сіз әскери антты қабылдап үлгермеген әскери қызметшісіз делік. Белгілі бір себептермен өрескел теріс іс жасап қойдыңыз. Сізге қандай жаза қолдануға болады және қандай жазаны қолдануға болмайды?
Жауап: Сөгіс, кезекті сейілдемеден айыру, жұмысқа нарядқа тағайындау болады, гаупвахтаға қамауға бомайды.
Жүргізуші бұл оқушының жауабы дұрыс болса құптап-мақтап, дұрыс болмаса жай жұбатып жолының келесі сатысына адымдатады.
Ендігі кезек сары жолға түскен ұланға. Мұқият тыңдаңыз, ұмытпаңыз: сіз бір-ақ рет қателесе аласыз.
2-сұрақ. Сіз ұрыс жағдайында әскери қимыл жүргізіп жатқан бөлімше командирісіз делік. Сізде штабпен, взвод, рота командирімен байланыс мүмкіндігі бар. Қарсылас кенеттен шабуыл жасады, жағдай туралы кімге баяндауға міндеттісіз?
Жауап: Аға командирге, яғни взвод командиріне.
Жүргізуші бұл оқушының жауабы дұрыс болса құптап-мақтап, дұрыс болмаса жай жұбатып жолының келесі сатысына адымдатады.
Ал ендігі сұрақтың кезегі ешбір қателеспей жауап беруге міндетті болған ұланға келіп жетті.
3-сұрақ: Сіз окопта танктерге қарсы ұрыс жүргізіп жатқан сарбазсыз делік. Егер окопқа, не гранат лақтырмақ болып тұрған жерге танк жақындап келе жатса, гранат лақтыру үшін танктің қанша метр қашықтыққа жақындап келуін тосуыңыз қажет. Егер гранатыңыз танкті тоқтатпаса сіздің әрекетіңіз қалай болуы керек?
Жауап: 25-30 метр, окоптың түбіне жата қалу, не бір жағына қарай жалт береді. Танк жүріп өткен соң, тез қарғып тұрып оның осал тұсына гранат лақтырады. Қираған танктің экипажы одан түсуге ұмтылғанда, оны автоматпен атып жояды.
Жауап дұрыс болса, келесі сатыға қошеметтеп өткізеді, бұрыс болса ойын алаңын қалдырып кетуді жұбатып ұсынады.
Осындай ретпен жүргізуші келесі айналымды бастайды. Сөйтіп ойынның жеңімпазы анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |