Практикалық сабақ 12-13. Мемлекеттік құрылыстың кеңестік үлгісінің іске асырылуы 1. Коммунистік партияның қоғамдық өмірдегі күші мен ықпалының күшеюі. Ф.И. Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы: мәні мен салдары. Қазақ өлкелік партия комитетінің жер мәселесі жөніндегі шешімдері. 2. Қазақ зиялыларына қуғын-сүргіннің басталуы. Қазақстанды индустрияландырудың жолдары мен әдістері туралы пікірталастар. Қазақ қоғам қайраткерлерінің индустрияландыру мәселесіне қатысты
ұстанымдары. Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшеліктері.
2. Қазақ ауылын кеңестендіру саясаты – қазақтың дәстүрлі қоғамының жойылуы. Бай шаруашылықтарының тәркіленуі және оның саяси-экономикалық салдарлары. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруашылықтарын отырықшы өмірге күштеп көшіру. Ұжымдастырудың әдістері мен қарқыны. Ашаршылық салдарлары. 1930 жылдардың екінші жартысындағы Қазақстан ауыл шаруашылығының ауыр жағдайы. Таптық-партиялық принциптің қоғамдық-саяси өмірдегі, мәдениеттегі, білім мен ғылымдағы салдары. 3. Ұлттық мүдде жақтастарының саяси ұстанымы – С.Сәдуақасов, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев. М.Шоқайдың эмиграциядағы саяси қызметі. Кеңестік Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі.
4. Сталиндік қуғын-сүргін, оның ауқымы және ауыр зардаптары. Саяси сенімсіздік пен халықтарды Қазақстанға күштеп депортациялау – ұлттық ар-намысты кемсітудің үлгісі.
Кеңестік білім беру жүйесін құру.
5. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Кеңес мемлекетінің сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағыттары. Қазақстанның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағдайы. Қазақстан аймақтарына халықтарды, өнеркәсіп кәсіпорындары мен мәдениет объектілерін эвакуациялау. Қазақстандықтардың майдан іс-қимылдарына, партизандық қозғалысқа қатысуы.
Қазақстандағы «қайта құру» саясаты 1. Идеологиядағы, экономикалық және саяси өмірдегі ауқымды өзгерістер. М.С. Горбачевтың реформалары. Жариялылық пен демократия жағдайында одақтық республикаларда туындаған ұлттық қақтығыстар.
2.Экономикалық дағдарыс. «Қайта құру» мен «жариялылықтың» ел экономикасына әсері. Одақтық басқару жүйесі тұсында жеке мемлекеттік кәсіпорындардың ұлттық республикаларға қайтарылуы.
Д.А. Қонаевтың қызметі.
3. 1986 жылғы Алматыда және республиканың басқа қалаларында болған Желтоқсан оқиғасы.
4. Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. 1991 жылғы тамыз төңкерісі.
7.КОКП қызметінің тоқтатылуы. КСРО-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы.