Абай атындағы ҚазҰпу филология институтының



Дата08.12.2023
өлшемі9,27 Kb.
#195983
Байланысты:
Жанерке мінездеме 2



Абай атындағы ҚазҰПУ
Филология институтының
Қазақ тіл білімі теориясы мен оқыту әдістемесі кафедрасының
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімін даярлау мамандығының
4-курс студенті
Нұрлыбай Жанеркеге
Мінездеме
Абай атындағы ҚазҰПУфилология институтының «қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдігі» мамандығының 4-курс студенті Нұрлыбай Жанерке М.Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназиясында 18.09.2023-09.12.2023 жыл аралығында педагогикалық іс-тәжірибиеден өтті.
Педагогикалық іс-тәжірибиеден өту барысында Жанерке өзін жақсы жағынан көрсетті. Өз саласынан бөлек компьютерлік бағдарламаларды да жақсы меңгеріп, өз қабілетінің жоғарылығын көрсеткенін атап айтуға болады. Алғашқы күннен бастап Жанерке өзінің ашық мінезімен, іскерлігімен және жауапкершілігімен ерекшеленді. Берілген тапсырмаларды уақытылы әрі жүйелі орындап, қысқа мерзімді жоспар жасауды және сыныптан тыс сабақ жоспарын құруды меңгерді. Жанерке сынды дұрыс қабылдай алады және дер кезінде қатемен жұмыс жасай біледі. Оқушылармен жылдам тіл табысып, әр оқушыға көңіл бөле алды. Басқа мұғалімдердің де сабақтарына қатысып, өзіне тәжірибие жинады деген ойдамын.
8 «А» сыныбына «Бала агрессиясы» атты тақырыпта тәрбие сағатын өткізіп, түрлі ойындарды, сұрақ-жауап тапсырмаларын дайындап оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын оятты. Сондай-ақ, 8 «А» сыныбына күнделікті сабақ жүргізіп, түрлі қызықты ойындар, рефлексиялық тапсырмалар арқылы оқушылардың сабаққа деген талпыныстарын толық аша білді.
Жанерке қарым-қатынаста тұрақты, белсенді, өз ойын еркін жеткізе алады. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге қабілетті, болашақ маман ретінде ізденімпаз, тәрбие мен білімнің негізін түсіне алады және білікті маман ретінде болашақ жас ұрпақты тәрбиелей алатынына сенімдімін.


Тәлімгер: Б.К.Исхакова



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет