Абай атындағы ҚазҰпу-нің хабаршысы, «Əлеуметтік жəне саяси ғылымдар» сериясы, №2 (74) 2021 ж



Pdf көрінісі
бет5/14
Дата10.02.2023
өлшемі493,36 Kb.
#168260
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
240-Текст статьи-1035-1-10-20210905

Əдіснамасы
Зерттеу аумақтық кездейсоқ іріктеу əдісін пайдалана отырып, эмпирикалық сандық 
зерттеу арқылы жүргізілді.
Сауалнама əлеуетті мақсатты аудитория туралы кең жəне жан-жақты 
мəліметтер жинауға мүмкіндік береді. Деректер Қазақстанның 18 қаласынан (респонденттердің туған 
қаласы), 12 ауданынан (респонденттердің тұрғылықты ауданы) жəне ТМД елдерінің 25 қаласынан (туған 
жері) жиналды. Жобаны жүзеге асыру барысында сауалнама ҚР барлық облыстары мен Алматы 
қаласындағы жоғары оқу орындарының ПОҚ, жалпы білім беретін орта мектептердің мұғалімдері жəне 
балабақша тəрбиешілері арасында жүргізілді. Аймақтардағы түлектермен сауалнама жүргізу, алғашқы 
байланыс орнату «Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру мен мансап» бөліміндегі университет 
түлектерінің базасынан алынды. Сауалнама жүргізу далалық (полевой) жəне қашықтықтан (респондент-
термен телефон арқылы байланысқа шығып, сауалнаманың электронды нұсқасын жіберіп, кері байланыс 
орнатылып отырды) сауалнама алу арқылы жүзеге асырылды. Жалпы алғанда, одан əрі талдау үшін 
жауаптардың жалпы жиілігі 60% болатын 677 таратылған 401 дұрыс толтырылған сауалнама қолда-
нылды. Алынған мəліметтер SPSS.20 аналитикалық бағдарламалық жасақтамасымен талданып, 
сенімділігі тексерілді. Зерттеу барысында сипаттамалық талдау жасалынды. 
Нəтижелер жəне талқылау. 
Университет түлектерінің əлеуметтік келбетін зерттеу (2019-2020 жж.) 
үш кезеңнен тұрды: ҚазҰҚПУ түлектеріне статистикалық талдау жасау (демографиялық көрініс); 
түлектердің мансаптық сипаттамаларын эмпирикалық зерттеу жəне түлектердің кəсіптік сипаттама-
ларына қанағаттануын зерделеу. 
Демографиялық сипаттама бөлімінде біз түрлі үлгідегі мансапқа бағдарланған əйелдердің жеке басы-
ның əлеуметтік-демографиялық сипаттамаларын сипаттауға жəне талдауға тырыстық. Əртүрлі үстем 
мансаптық бағдарлары бар тұлғаның əлеуметтік-демографиялық сипаттамаларын зерделеу кəсіби бағдарлау 
көмегі мен мансаптық тьюторинг бағыттарын əзірлеу үшін маңызды негіз бола алады. Сонымен қатар, 
алынған ақпарат мансаптық бағдар құбылысы туралы қолда бар зерттеулерді толықтырады. 
Демографиялық сипаттама бөлімін зерттеу барысында ҚазҰҚПУ түлектерінің дербес деректері 
қаралады. Мəліметтер тұрғылықты жерлері, туған жерлері, ұлты туралы ақпараттардан тұрады. Зерттеуге 
əртүрлі қалалардан Қазақстанның 14 өңірінен 401 респондент, сонымен қатар көрші республикалардан 
түлектер қатысты.
Тұрғылықты мекен-жайын анықтауға байланысты қала, облыс, аудан, ауылдық жерлерде мекендеген 
түлектерімізді анықтау мақсатында респонденттерге 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет