Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Əлеуметтік жəне саяси ғылымдар» сериясы, №2 (74) 2021 ж.
84
МҒТАР 04.51.53
https://doi.org/10.51889/2021-2.1728-8940.13
Н.Н. Хибина
1
* , М.М. Дабылтаева
2
1
«Əлеуметтік жəне гендерлік зерттеулер» ҒЗИ-ның аға ғылыми қызметкері
2
Қоғамдық-гуманитарлық пəндер кафедрасының оқытушысы, əлеуметтік ғылымдар магистр
1,2
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Алматы қ., Қазақстан
ҚазҰҚПУ ТҮЛЕКТЕРІНІҢ ƏЛЕУМЕТТІК КЕЛБЕТІ ЖƏНЕ ҚОҒАМДАҒЫ ОРНЫ
Аңдатпа
Мақалада ҚазҰҚПУ түлектерінің əлеуметтік келбеті, жұмысқа, өз елінің өткеніне жəне бүгініне деген
көзқарасы, құндылық бағдарлары талданады. Бұл өз кезегінде түлектердің тұрғылықты жері, туған жері,
ұлты, қызмет түрі
туралы ақпараттар, жасап жатқан кəсіптерінің түрлері,
сонымен қатар мансаптық
дамуына талдау қажеттілігін туғызды. Зерттеу ауқымы Қазақстанның 14 өңірінен 401 респондентті
қамтыды. Сауалнамалар
сандық-статистикалық, кездейсоқ іріктеу əдісі арқылы түлектер
арасында
таратылды. Түлектердің əлеуметтік келбеті SPSS.20 бағдарламасын қолдана отырып жүргізілді. Зерттеу
барысында сипаттамалық талдау жасалынды. Зерттеу нəтижелері университет түлектеріне,
олардың
қазіргі тұрғылықты жерлеріне демографиялық сипаттама бере отырып, мансаптық процесінің іс жүзінде
қалай жүзеге асырылатындығын анықтауға жəне
сайып келгенде, түлектердің қазіргі уақытта жүзеге
асыратын мансаптық стратегияларын бөлуге мүмкіндік берді.
Түйін сөздер:
университет, түлектер, кəсіп түрі,
мамандық, мансап,
демографиялық сипаттама,
педагогикалық білім.