«Еңбек өтілі неше жыл, оның ішінде педагогикалық еңбек өтіліңіз неше жыл?» деген сұрақ
қойылды жəне жалпы еңбек өтілімен қоса жалпы педагогикалық өтілін анықтауды да жөн көрдік. Себебі,
осы зерттеу жұмысында байқағанымыздай алдыңғы сауалнама жауаптарында кездескендей
университет түлектері тек
педагог қызметін ғана атқармайды. Əр адам өзінің жүрек қалауы, мақсат арманы
жетелеген мамандығы бойынша жұмыс жасап, жоспар құрады. Сондықтан да педагогикалық білім алған
əрбір түлек педагог маманы бола алмайтынын ескере отырып, сауалнама барысында мамандық бойынша
қызмет еткен мамандарды да анықтауды ескердік. Осы негізде 50-52 жылдан астам педагогикалық өтілі
бар мамандар саны 1,4% сəйкес келеді, ал 20-25 жыл өтілі бар мамандық бойынша қызмет еткен
мамандар сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігін (9,8%) құрады.
Мамандық ол адамның өмір жолында серігі болатын тұтас бір əлем, онда адам өмір сүреді, білімін
жетілдіреді, осы əлемді ол өзінің бүкіл өмірі бойы біліп, танып өтеді, бұл əлемнің өзінің кəсіби заңдары,
адамгершілік нормалары мен құндылықтары бар. Қандай да бір мамандық адамнан белгілі бір жалпы
жəне арнаулы білімділікті, икемділіктер мен дағдыларды, қасиеттерді талап етеді. Ал
кəсіп - еңбек
жолының бір түрі, ол адамнан арнайы дайындықты талап етеді, жəне өмір сүру көзі ретінде де
пайдаланылады. Кəсіптің атауы еңбектің сипаты мен мазмұны арқылы, қызметтік функцияларымен,
қолданылатын еңбек құралдары мен заттары арқылы анықталады.
Педагогикалық мамандық адамнан еңбекқорлықты талап етеді. Осылайша ерекше сипаттарға ие
мұғалім мамандығының əлеуметтік келбетін анықтау мақсатында жүргізілген бұл жобаның мақсаты
санқырлы мамандық иесі ұстаздарымыздың, оның ішінде республикамыздағы ұстаздар шеберханасына
айналған жетекші оқу орнының түлектерін мамандық бойынша өмір жолында алған тəжірибелерін,
тағылымдарын зерттеу маңызды.
Қазіргі кезде