5-диаграмма. Кəсіби тұрғыдан өсуге келтірілген кедергілер
Жаһандану үрдісі мен нарық заманы адамы типінің қалыптасуы үрдісінде өмір сүріп жатқан біздің
қоғамдағы азаматтардың санасында кəсіби мансап мəселесі өзекті. Себебі кəсіби мансабы олардың
отбасындағы, достарының арасындағы, əріптестері арасындағы беделін, орнын анықтап, кей жағдайларда
өмір сүруінің мəніне айналады. Бұл мəселе біздің қоғамымызда бүгінде беделі түсіп бара жатқан ұстаздар
қауымы үшін де өзекті. Осы мақсатта респонденттерімізге:
«Сіз кəсіби мансабыңыздың дамуына
қанағаттанасыз ба?» –
деген сауал қойылды.
Респонденттердің 52,2%
- толығымен қанағаттанады, 26,5% - негізінен қанағаттанады, 5,9% - көбіне
қанағаттанбайды, 6,2% - толығымен қанағаттанбайды, 0,2% - басқасы, 4,2% - жауап беруге қиналды, 4,5%
- сұраққа жауап бермеді. Бұл жерде жасалатын қорытынды сауалнамаға қатысқан респондеттердің басым
көпшілігі толығымен қанағаттанатынын көрсетті
(6-диаграмма).
6-диаграмма. Кəсіби мансаптың дамуына қанағаттанушылық
Қазіргі кезде мамандық таңдау бағыттары əртүрлі, мысалы экономикалық, əлеуметтік, гуманитарлық,
қаржылық, кəсіби-педагогикалық жəне т.б. Бірақ қоғамда бір жетістікке жету оның мамандығын дұрыс
таңдауымен анықталады. Қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтар еңбек нарығында жəне мемлекеттік
тапсырысқа ие мамандықтар болып отыр. Көбіне мамандық таңдауда жастар ата-анасының тəжірибесі
мен ақылына мəн береді. Сондықтан да, түлектерге қойылған сауалнамамыздың келесі сұрағы:
«Өз
балаларыңызға педагог болуға кеңес берер ме едіңіз?».
Респонденттердің жауабынан, түлектердің жартысынан сəл төмен пайызы, яғни
40,6%-ы
балаларына
педагогикалық мамандықты таңдауға кеңес бермейтіндігін айтса, ал педагогикалық мамандықты таңдауға
кеңес беретін респонденттер үлесі 31,2% құрады. Сонымен қатар респонденттердің 20,8%-ы бұл сұраққа
жауап беру қиын деп санаса, ал 7,4%-ы бұл сұраққа мүлдем жауап бермеді.
8,70%
7,40%
12,40%
7,70%
2,20%
9,70%
0,50%
2%
2,50%
0,20%
18,60%
6,40%
0,20%
0,20%
0,20%
3%
18,10%
Кəсіби тəжірибенің болмауы
Жасына байланысты (тым жас)
Ғылыми дəреженің болмауы
Тіл білмеуі
Денсаулық жағдайы
Отбасылық жағдайы
Жұбайы, туысқандары, балалары тарапынан тыйым салулар
Басшылықпен күрделі қатынас
Отбасылық жағдайы
Егде жас
Мансап жасауды қаламаған
Кедергілер болмады
Басқа салада жұмыс жасау
Жұмысқа жақында орналасуы
Балаларына көп уақыт көңіл бөлуі
Басқасы
Жауап жоқ
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Əлеуметтік жəне саяси ғылымдар» сериясы, №2 (74) 2021 ж.
92
Жалпы респонденттердің
педагогикалық мамандықты таңдау деңгейі өте төмен
деп айта аламыз,
өйткені бұл еңбек нарығындағы жұмыс жағдайына байланысты. Бұл жерде мамандықтың сұранысқа ие
болуы, кəсіптің
жоғары беделіне жəне жоғары жалақы деңгейіне
байланысты болуы мүмкін. Бұл
респонденттердің педагогикалық бағыттағы жоғарғы оқу орнының түлектері екендігін ескере отырып,
балаларына педагогикалық мамандықтарды таңдауға кеңес бермеу себебі олардың өз кəсіптеріне
қанағаттанбауымен
байланысты болуы мүмкін.
Материалдық жағдайды (байлықты, жетістікті) субъективті бағалау респонденттің өзін жəне отбасын
қандай əлеуметтік-экономикалық топқа жатқызатынын анықтауға жəне оның "əлеуметтік жағдайын"
түсінуге мүмкіндік береді.
Сауалнама барысында түлектерге: «
Достарыңызбен бөлісу: |