Абай атындағы ҚазҰпу-нің хабаршысы, «Əлеуметтік жəне саяси ғылымдар» сериясы, №2 (74) 2021 ж



Pdf көрінісі
бет12/14
Дата10.02.2023
өлшемі493,36 Kb.
#168260
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
240-Текст статьи-1035-1-10-20210905

 
 
 
 
7-диаграмма. Түлектердің қаржылық жағдайы
Осы көрсеткіштерге қарап отырып, түлектерде қоғамдағы 
материалдық-əлеуметтік қиындықтар-
дың бар екенін аңғартады
. Соңғы жылдары əлеуметтік салаға көп көңіл бөлінуде. Əйтсе де, түлектердің 
көп пайызы мұғалімдер болғандықтан, ұстаздардың материалдық жағдайын бұдан гөрі де жақсарта 
түсуге бағытталған нақтылы шаралар іске асырылуы қажет.
Отбасындағы материалдық жағдайды бағалауға көбіне қоғамда қабылданған əл-ауқат нормалары 
əсер етеді, ал субъективті бағалау негізі – белгілі бір ортаға тəн өмір салтын жүргізуге мүмкіндік беретін 
табыс көздеріне байланысты.
Қорытынды. 
Жалпы, біздің зерттеуіміздің нəтижелері жəне оларды отандық жəне шетелдік 
деректермен салыстыру университет түлектерінің əлеуметтік келбетіне қатысты мынадай қорытындылар 
жасауға мүмкіндік береді.
Адамның жетістікке жетуі мен шығармашылық табысы мамандықты анықтау жəне таңдаумен 
байланысты. Бүгінгі таңда өзекті мамандықтарға еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие жəне 
мемлекеттік тапсырысқа сай мамандықтар жатады.
10,90%
32,40%
43,60%
8,40%
4,70%
Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанады
Қанағаттанбайды
жауап жоқ


ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Социологические и политические науки», №2 (74), 2021 г. 
93 
Университет түлектері кейінгі көші-қон қозғалысында əлеуметтік (рөлдік) жəне экономикалық 
(инвестициялық) жоспардың жетістіктеріне бағдарланады. 
Түлектер жүзеге асыратын мансаптық стратегиялар еңбек мəртебесі мен еңбек нəтижелеріне 
қанағаттану тұрғысынан өте тиімді деп қорытынды жасауға болады.
Сонымен қатар түлектердің мансаптарын қалыптастыру мен іске асыруға көптеген психологиялық 
жəне педагогикалық факторлар əсер етеді. Біріншіден, адамға тікелей байланысты факторлар. Бұл 
адамның қабілеттері мен мүдделері, мотивация, рөлдер мен мəртебелердің өзгеруі туралы шешім 
қабылдау, əлеуметтену ерекшеліктері жəне т.б. Мансаптық жетістікке жетуге кедергі келтіретін жеке 
факторлар: қажетті кəсіби маңызды қасиеттердің болмауы, мотивацияның төмендігі, батылсыздық, 
алаңдаушылықтың тым жоғары болуы, сəтсіздіктерден аулақ болуға бағдарлау, утилитарлық мотивтер 
болуы мүмкін. Екіншіден, адамның айналасындағы адамдармен өзара əрекеттесуіне байланысты 
факторлар. Бұл бөгде адамдардың екінші адамның кəсіби мансабына əсері (ата-аналар, достар, əріптестер, 
менеджерлер), сондай-ақ ұйымдық құрылымның ерекшелігі, ұйымның миссиясы мен мақсаттары, 
ұйымның түрі, байланыс жүйесі. 
Мансапты жоспарлау мен іске асырудың басты міндеті - кəсіби жəне ұйымішілік мансаптардың өзара 
əрекеттесуін қамтамасыз ету. Мансапты жоспарлау болашақ маманның кəсіби даму мақсаттарын жəне 
оларға қол жеткізуге əкелетін, университетте кəсіби дайындық процесінде жүзеге асырылуы мүмкін 
жолдарды анықтаудан тұрады. Мансапты дамыту адамның кəсіби жоспарын жүзеге асыру үшін жасайтын 
əрекеттеріне байланысты. Осы тұрғыда жас адамға өзінің кəсіби жоспарларын түсінуге, өз қабілеттерін 
қандай да бір қызметті жүзеге асыру үшін қажетті кəсіби қасиеттермен сəйкестендіруге көмек қажет.
Пайдаланылған əдебиеттер тізім: 
1. Еремина А.В., Зороастрова И.В. Выпускники вузов: стратегии карьерного старта // Экономика 
труда (60) УЭкС, 12/2013. 
2.https://baigenews.kz/news/chislo_vypusknikov_vuzov_prevyshaet_kadrovye_potrebnosti_rabotodateley_ka
zakhstana/
3. П 84Профессия и призвание педагога: социальный портрет выпускниц КазНацЖенПУ. 
Электронный учебник / Издательство «Қазақ университеті»./– Алматы: КазНацЖенПУ, 2020. – 86 с. 
4. Капезина Т.Т. Вторичная занятость студентов (на материалах вузов г. Пензы). Автореф. Дисс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет