ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ Коммерциялық емес акционерлік қоғам М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ ФАКУЛЬТЕТІ
«бЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ЖӘНЕ ДИЗАЙН» кафедрасы
Кіріспе
Номадизм - [грек, nomades - көшпенді] - өндіріс процестерінің қарқынды интернационализациясы кезеңінде (ұлттық шекаралардың шайылуы, капиталдың жөнсіз "құйылуымен" және диаспоралар белсенділігімен ерекшеленетін) аса танымал болған қоғамтанудағы ұғым.
XX ғ. 70-ші жж. Э.Тоффлердің еңбектерінде көрініп, 1990-шы жж. Ж.Аттали, М. Маффезоли, Р. Брайдотти және т.б. еңбектерінде жетілдірілген. Ерекше пұрсатты халықтың шағын топтарының және ондай ерекшеліктерден жұрдайлардың арасындағы терең айырмашылықтардың жүргізілуі жағдайында "номадизм" ұғымын түсіндіру өндірістік факторлар арқылы жүзеге асырылады ("көшпелі өмір" әлемдік экономиканың қызметін оңтайландыру ретінде), сондай-ақ өмір салты, мәдени стилі және 2000 жылдан кейін тұтыну түрі ретінде көрінеді.
"Мінсіз номад" келесідей негізгі сипаттарға ие:
а) шағындылығы (шекараларды көзге ілмей, өзгенің аумағын басып өту мүмкіндігі);
ә) тәуелсіздігі (өзін элем азаматы деп сезіну, этникалық, ұлттық, азаматтық, нәсіл, таптық белгілерге меңзейтін ішкі шекараларды жою;
б) тиістіктен тыс (үзілді-кесілді биліктен тыс болу, коммуникацияның магистралдық торабынан және билік өндірісінен;
г) іс-әрекет (номад тұлғасы аса белсенді және саясаттандырылған, "номадтың грамматикалық уақыты - мінсіз емес: белсенді және ұзақ" (Е. Брайдотти, "Номадизм жолымен").
«Бай номадтар»
Бірқатар сарапшылар (Ж. Ведел, Г.П. Мартин және X. Шуман және т.б.) "бай номадтардың" мәдени мәнділігіне күмәнмен, сынмен қарайды. Олардың пікірінше, шынайы билікті иемдену (саяси, экономикалық, масс-медиа билігі) космополиттік кәсіпкерлік және интеллектуалдық топтар өкілдерінің қоғамдық мәнді шешімдерді қабылдау- да жоғары моральды-этикалық сапаларымен ақталмаған.
«Бай номад»
Керісінше, бұл страта осыған дейін ұстанып келген қағидаларды тоталитарлық "жабық қоғамдармен" теңдестіреді. А. Негри мен М. Хардтың "Империя" еңбегінде "номадизмге" "аз ғана пұрсатты топтардың ерекше тәжірибесін" ғана емес, сонымен қатар, ең алдымен, әлемдік масштабта өршіп келе жатқан еңбек миграциясын да жатқызады.
«Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі. Ерте заманда еуразиялық және афроазиялық аридтік аймақта жайылымдық мал шаруашылығын жетілдіру негізінде қалыптасты. Еуразиялық ұлы даланың ежелгі көшпелілеріне сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар, т.б. жатса, түркі-моңғолдық кезеңде бұл мәдени тип әлемдік үдерістерге өзінің терең әсерін тигізеді…

Көшпелі мал шаруашылығы жүйесі шыңдалған тұрмыстық ерекшеліктері бар, ретке келтірілген және едәуір дамытылған шаруашылық типін білдірді. Еуразия даласын мекендеген көшпелі халықтардың негізгі өндірістік құралына айналған мал шаруашылығы тамақ өнімдерін беріп қана қоймай, айырбас үшін де пайдаланылды. Көшпелілік көшпелілердің мал жаюдың тәсілдерін жетілдіре отырып, күнделікті тұтынатын тұрмыстық заттар мен құралдардан бастап моральдық-этикалық таным-түсініктеріне дейін шыңдаумен болды