Қабылдаған: Еспенбетова А. М. Топ: гт-305



Дата07.02.2022
өлшемі16,63 Kb.
#93115
Байланысты:
ТОА СрСП
СРСП тақырыптары, id тарих фак паролдарымен (1), Ж.з. СРСП, Ресурстар, Ресурстар, halқy-zhәne-halyқtyң-tyғyzdyғy, ТЖБ 11-4.0, 7 сынып БЖБ, 7 сынып БЖБ, Презентация Microsoft PowerPoint

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

СРСП 6-8
СРС 6-8

Орындаған: Байбосынова Асылай
Қабылдаған: Еспенбетова А.М.
Топ: ГТ-305

АҚТӨБЕ 2020СРСП №10.Қазіргі тарих сабағына жаңа көзқарас пен талаптар: мазмұны мен сипаты
Қазіргі заманда Қазақстан мектептерінде тарих пәні қалай оқытылуда? Бұл мәселе қатардағы қарапайым адамнан бастап, Елбасыға дейінгі бүкіл еліміздің азаматтарын мазалайды. Өйткені ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда, отаншылдық сияқты қасиеттерді жас ұрпақ бойына сіңіруде, тарих пәні шешуші рөл атқарады. Соңғы кезеңде елімізде ұлттық тарих мәселелері жоғарғы мемлекеттік биліктің назарында. Мемлекеттік хатшы М.Тәжиннің баяндамасы Отан тарихын зерттеуге жаңа серпіліс әкелді. Талай игі істер атқарыла басталды. Солардың бірегейі үш тілде ақпарат беретін e-history.kz «Қазақстан тарихы» халықаралық ғылыми-көпшілік электронды журналының ашылуы.Дегенмен әлі де Отан тарихын оқытудың түйткілді мәселелері жетерлік. Сондықтан әлемдік озық тәжірибеден үлгі етер істер көп. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымының 2020 жылға дейінгі даму стратегиясында осы мектептердің стратегиялық мақсаты: «Үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибе мен практиканы ықпалдастыратын инновациялық білім беру моделін құру және енгізу» деп белгіленген Елбасы Н.Назарбаев халыққа Жолдауында «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр... Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс», — деп атап өтті .Назарбаев Зияткерлік мектептерінде тарих пәнін оқытудың қандай ерекшеліктері бар?Қазақстан және Дүниежүзі тарихы пәндерінің бағдарламаларын құрастыру ең алдымен әрбір сыныпта қамтылатын білім мазмұны материалдарына сәйкес мақсаттарды нақтылаудан басталады. Оқу мақсаттары стратегиялық мақсаттар мен құндылықтарға негізделеді. Бағдарламаға білім ғана емес оқушылардың құзыреттіліктерін (дағдыларын) қалыптастыру мақсаттары енгізілген. Осы пәндерді оқу барысында оқушыларда тарихи деректерді интерпретациялау, уақыт пен кеңістікте бағдарлану, түсіндіру және талдау сияқты дағдылар қалыптасады.Тарихи материал әр сыныпта кезеңдер бойынша ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін хронологиялық ретте берілген, ал спиральдық принцип тарихи ойлау дағдыларын дамытуда айқындалған. Мұғалімдер сабақ тапсырмалары мен оқушылардың зерттеу іс-әрекетін жоспарлаған кезде тарихи ойлау дағдыларының бірте-бірте дамуына жәрдемдесулері керек. Оқыту келесі түсініктердің аясында құрылады: өзгеріс (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қоғам қаншалықты өзгеріске ұшырады), себеп (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қандай маңызды факторлар саяси үдерістерге әсер етті), дәйек (белгілі тарихи кезеңнің өнері бізге құндылықтар, наным-сенімдер мен технологиялар туралы қандай мәлімет бере алады). .

Сондай-ақ оқыту әдістемесі де жаңаша зерделенеді. Сабақ мақсаттары айқындалған соң соған сай технологиялар, әдіс-тәсілдер таңдалады. Білім мен дағдыны қатар игерту, қалыптастырушы бағалаудың түрлері және бағалау мен оқу мақсаттарының түйіскен жерлері, ерекшеліктерін көрсетуге көңіл бөлінеді.Мұғалімнің сабаққа арнайы дайындайтын тапсырмалары келесі критерийлерге сай болуы тиіс:


• тапсырманың, оның мақсаты мен орындалуының қолжетімділігі;
• дифференциацияны ( әркімнің сұранысы, қабілетіне қарай) көздеу;
• сын тұрғысынан ойлауды дамытуға мүмкіндік туғызу;
• проблемалық оқытуға негізделуі;
• бағалау мүмкіндіктерінің бар болуы. .
Оқу бағдарламаларын Кембридж университетінің Халықаралық Емтихан Кеңесінің мамандары, Білім беру Бағдарламалығы Орталығы және тәжірибелі мектеп мұғалімдер тобы бірігіп дайындайды. Әрі мектептегі апробациядан кейін, мұғалімдердің ой пікірлері ескеріліп, келесі оқу жылында бағдарламаға өзгерістер енгізіліп отырады.Тағы бір ерекшелігі сабақ тақырыптары ұзақ мерзімді жоспарда сұрақ түрінде құрастырылады. Тақырыптың өзі оқушыларды ойландырып, бар зейінін жаңа білімге аударуды мақсат тұтады. Бұл сұрақтар оқушыларды болжам жасауға, сұрақтар қоюға, тақырып бойынша мақсаттарды өздері құрастыруға, сыни тұрғыдан талдау жасауға жетелейді.Оқушыға дайын білім берілмейді. Әртүрлі әдіс-тәсіл, технологиялар арқылы ол өзі тақырыпты зерттеу, мәтіндерді талдау арқылы бір қорытынды байламға келеді. Мұғалім оқушыны өздігімен оқу, ізденуге бағыттап, қажет болған жағдайларда ғана көмектеседі. Білім алудың тиімді жолдарын, әдістерін үйретеді.
11.Нәтижеге бағытталған тарихи білім.Тарихты оқыту барысында оқушылардың білімін бағалау жүйесі
12.Оқушыларды топтық жұмысқа дайындау.Мұғалім мен оқушылардың өзара қатынастары
13.Тарихи құбылыстардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау
14.Тарих сабақтарында дереккөздер мен құжаттарды қолдану
15.Оқушылардың білім , тәрбиесі мен дамуын қалыптастыруда тарих пәнінің оқытушысының жұмысының негізгі бағыттары
5.Интербелсенді оқытуда қолданылатын педагогикалық технологиялар
6.Тарих пәнін оқыту барысында электронды оқулықтармен жұмыс істеу әдістемесі
7.Тарих пәнін оқытуда қашықтан білім беру технологиясы
8.Тарихты оқытуда модульдік оқыту технологиясы
9.5-10 сыныптарға арналған тарих сабағы жоспары

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет