Әлеуметтену және бірегейлік теориялары (Т.Парсонс, Г.Х.Мид).
Әлеуметтену кезеңдері.
Бірінші реттік әлеуметтену.
Екінші реттік әлеуметтену.
Әлеуметтенудің ересектік шақтағы кезеңі.
Гендерлік әлеуметтену.
Гендерлік тәртіп.
Бірегейлік және тұлға.
Әлеуметтік және жеке бірегейлік.
Рөлдер және мәртебелер.
АДАМ ИНДИВИД ТҰЛҒА
«Адам» деген – адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.
«Индивид» адам тегінің нақты өкілі, жеке адам.
Индивидуалдық – бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы.
«тұлға» дегеніміз, адамның тек табиғи-биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні.
Әлеуметтену – мәдениетке және қоғамға араласу үшін қажетті ережелерді, тәжірибелерді және құндылықтарды үйрену процесі.
Әлеуметтенудің басты сипаты әлеуметтік рөлдерді үйрену болып табылады. Рөлдерге белгілі бір әлеуметтік жағдайдағы кез келген адамнан күтілетін мінез-құлық пен ойлау тәсілдері жатады
Әрбір ұстаным тиісті қимылдарға, айтатын нәрселерге және басқа да адамдармен өзара әрекетке түсу жолдарына қатысты белгілі бір сенімдерден тұрады.(мысал:маймыл,)
Баламен серуендеу, сөйлесу, оған мейірлену, күлімсіреудің барлығы да тұрақты әрі тығыз қарым-қатынас орнату арқылы оны әлеуметтендіру болып табылады.
Индивидті тұлғаға айналдыру процесі әлеуметтену деп аталады.
“Әлеуметтену” ұғымы жалпылама түрде индивидтің әлеуметтік топ пен жалпы қоғамға тән мәдениет ұғымына кіретін және индивидке қоғамдық қарым-қатынастардың белсенді субъектісі ретінде қызмет атқаруына мүмкіндік беретін белгілі бір білім, норма, құндылық, ұстаным, мінез үлгілері жүйелерін меңгеру процесін сипаттайды.
Әлеуметтендіру дегеніміз –бұл топтық тәжірибені игеру үрдісі.
ӘЛЕУМЕТТЕНУ ПРОЦЕСІ
Әлеуметтену процесі негізгі өмір тізбектері деп аталатын сатылардан өтеді. Бұл
Ескі құндылықтарды, нормаларды, рөлдер мен мінез-құлық ережелерін ұмыту әлеуметсіздену деп аталады.
Ескі құндылықтарды, нормаларды, рөлдер мен мінез-құлық ережелерін ұмыту әлеуметсіздену деп аталады.
Содан кейінгі ескі құндылықтардың орнына жаңа құндылықтарға, нормаларға, рөлдер мен мінез-құлық ережелеріне үйрену қайта әлеуметтену деп аталады.
Рөлдік тұжырымдама
Американың әлеуметтік психологиясында ХХ ғасырдың 30-шы жылдары пайда болды.
Оның ірі өкілдері Кули Чарльз Хортон (1864-1929ж.ж.), Мид Джордж Герберт (1863-1931ж.ж.)
Ч. Кули тұлғаның қалыптасуы айналасындағы адамдармен алуан түрлі қарым-қатынастар мен байланыстар негізінде болады деп тұжырымдады. Осылардың негізінде адам өзінің «айналадағы мен» деген имджін жасайды. Ол үш элементтен құрылады:
а) жұрт мені қалай қабылдайды;
ә) жұрт менің сыртқы түріме қалай әсер етеді;
б) мен жұрттың тигізген ықпалына қалай жауап беремін.
Бұл теория біздің қоғамдық пікірді қалай қабылдап, оған қалай жауап беру керектігін түсіндіреді.
Мид: адамның тұлғаға айналу процесі үш түрлі сатыдан тұрады
Бірінші иммитация.
Екінші, ойын сатысы
Үшінші саты – ұжымдық ойын
3. Фрейдтің айтуынша тұлға бойында үш элемент бар: Ид– ішкі «мен» қанағаттануға деген ұмтылыс қоздыратын қуат көзі. Эго– «мен» нақтылық негізінде тұлғаны бақылауды іске асырудың элементі. Супер эго– жоғарғы «мен» басқаша айтқанда тұлғаны үлгі-өнегелік жағынан бағалайтын элемент.