Ең жаңа және көпшілікке кең тараған Интернет қызметін алады. WWW гипермәтін принципіне негізделеді және мультимедиа ресурстарын (бейне, аудиографика т.б.) мүмкіндігінше пайдалана отырып, ақпарат беруге қабілетті. SLIP, РРР немесе интернетпен тікелей қосылуды, сондай-ақ арнайы бағдарлама Интернет навигаторларымен (Mosaic немесе Netsape типті) қамтамасыз етуді талап етеді.
Ғаламтор деген не?
Ғаламтор (ағылш. World Wide Web, WWW) — компьютердегі мәліметтер мен құжаттарды, мультимедиа элементі бар гипермәтінді жүйелерді байланыстыратын ғаламдық тор.[1]
Интернеттің қызметтерінің бірі World Wide Web (қысқаша WWW) басқаша Бүкіләлемдік өрмек деп аталады.
WWW-тегі ақпарат гиперсілтемелер түрінде ұсынылады.
Басқа құжаттарға сілтемесі бар мәтін гиперсілтеме деп аталады. Гиперсілтемелер бір бірімен байланысқан құжаттарды тез қарап шығуға мүмкіндік береді. Гиперсілтемелермен байланысқан құжаттар жер шарының кез келген жерінде орналасуы мүмкін
Мысал: Жолбарыс (гиперсілтемесі жоқ мәтін)
Жолбарыс (гиперсілтемесі бар мәтін)
Әрбір веб-құжаттың өзінің бірегей мекен – жайы
URL (ағыл. Uniform Resourse Locator) бар, оны желіден осы мекен-жай бойынша тауып алуға болады.
Веб-құжатқа арналған URL-дің мысалы:
http://www.tnt.ru
Үйшік Интернет желісінің ірі бөлігін белгілейді, ол мемлекетті ( . kz – Қазақстан, .ru – Ресей, .ua Украина, .uk –Ұлыбритания, .fr - Франция және т.б.) немесе қызмет саласын (.com – коммерциялық ұйымдар, .org – коммерциялық емес ұйымдар үшін, .edu - білім беру қор көздеріне арналған, т.с.с) білдіреді.