Абай атындағы ҚазҰпу-нің хабаршысы, «Əлеуметтік жəне саяси ғылымдар» сериясы, №2 (74) 2021 ж



Pdf көрінісі
бет3/14
Дата10.02.2023
өлшемі493,36 Kb.
#168260
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
240-Текст статьи-1035-1-10-20210905

 
 
SOCIAL PORTRAIT AND PLACE IN THE SOCIETY OF GRADUATES OF THE KAZAKH 
NATIONAL WOMEN'S TEACHER TRAINING UNIVERSITY 
Abstract 
The article analyzes the social portrait of graduates of Kazakh national women's teacher training university, 
the attitude to the work, past and modernity of their country, value guidelines. This, in turn, led to the need to 
analyze information about the place of residence, place of birth, nationality, type of activity of graduates, types of 
professions, as well as career development. The research volume covered 401 respondents from 14 regions of 
Kazakhstan. Questionnaires were distributed among graduates using a quantitative-statistical, random sampling 
method. Social portrait of graduates were carried out using the SPSS.20 program. The study included a descriptive 
analysis. The results of the study allowed us to determine how the career process is carried out in practice, giving 
a demographic characteristic of University graduates, their current places of residence, and, ultimately, to identify 
career strategies that graduates are currently implementing. 
Keywords:
university, graduates, occupation, specialty, career, demographic characteristics, teacher 
education. 
Зерттеулерге талдау жасау негізінде мəселеге кіріспе. 
Университетті тəмамдау жəне еңбек 
нарығына шығу жас маманның өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі болып табылады, сол кезде 
қабылданған шешім болашақ мансапқа жəне бүкіл өмір жолына əсер етуі мүмкін. Студент, alma- mater-
дан (оқыған жері) шыға салысымен, бұрын игерілген жүйеден кетеді жəне дербес мінез-құлық желісін 
дамыту қажеттілігіне тап болады. Оның таңдауы жəне одан əрі əрекеттері, ең алдымен, білім мен 
құзыреттілік жиынтығымен, оқу жылдарында қалыптасқан дүниетанымымен анықталады. Сондықтан 
балаларының сəтті болашағына бағытталған талапкерлердің ата-аналары; білім беру мен дамуды 
жетілдіру жолдарын анықтайтын университеттер; білікті кадрларға қызығушылық танытатын жұмыс 
берушілер; білім беру саясатын реформалау туралы шешім қабылдайтын мемлекет үшін түлектер туралы,
олардың жұмысқа орналасуы, мансаптық өсу мүмкіндіктері жөнінде ақпарат маңызды [1]. 
Түлектердің жұмысқа орналасу мəселелері тек даярлық сапасымен ғана емес, сонымен қатар жұмыс 
берушілердің талаптарына, жас мамандардың үміттерінің сəйкес келуіне, еңбек нарығының өңірлік 
ерекшеліктеріне байланысты. Елордалық қалаларда, Нұр-Сұлтан мен Алматыда өңірлерге қарағанда 
жоғары оқу орындарының түлектері мамандығы бойынша жұмыс істейді.
"Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев Facebook-тегі онлайн-
конференция барысында: «Қазақстандық еңбек нарығында бəсекелестік айтарлықтай жоғары. 
«Атамекен» ҰКП 2019 жылдың соңында – 2020 жылдың басында жүргізген зерттеу деректері бойынша 
жоғары білімі бар мамандарды шығару қажеттіліктен 5,3 есе артық. Біз 600 мың жұмыс берушімен 
сауалнама жүргіздік, бұл өте маңызды үлгі» – деген мəліметтермен бөлісті [2].
ҚазҰҚПУ Қазақстандағы ескі педагогикалық университеттердің бірі. Қазақ мемлекеттік қыздар 
педагогикалық институты 1944 жылы 15 тамызда құрылған. Оның ашылуына Қазақ КСР Халық Комиссар-
лары Кеңесінің "Қазақ əйел жастары арасынан білікті педагог кадрлар даярлау туралы" № 457 қаулысы 
негіз болды. Қыздар институты құрылғаннан бастап 76 жыл ішінде оқу ордасын 60 мыңнан астам түлек 
бітіріп, республикамыздың түкпір-түкпірінде ұстаздық жəне қоғамдық жұмыстарда, өнер мен мəдениет 
салаларында жемісті еңбек етуде. Қыздар университеті қазақ аруларының шамшырағына айналған, қазақ 
халқы сеніп тапсырған мыңдаған жандардың үкілі үміті. Университеттің студенттері жақсы оқумен қатар, 
əндері жəне билерімен үлкен сахналарды əуелетіп, спорттық жетістіктерімен əлемді таңғалдыруда. Білікті 
маман, мықты педагог, ұлт тəрбиелеуші жастар осы парасат мектебінен түлеп ұшады. 
Институт түлектері арасында елімізге танымал тұлғалар Социалистік Еңбек ерлері: Р.Б. Нұртазина, 
Р.Махатова, "Даңқ белгісі" орденінің кавалері, "Қажырлы еңбегі үшін" медалінің иегері, институттың 
үшінші ректоры А.Ыбыраева, Жоғарғы Кеңестің депутаты Ж.Күленова, қоғам қайраткерлері – Халықты 
əлеуметтік қорғау министрі болған, Парламент Мəжілісінің үш шақырылымының депутаты З.Қадырова, 
"Мемлекеттік тілге құрмет" бірлестігінің төрайымы, филология ғылымдарының кандидаты А.Османова, 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Əлеуметтік жəне саяси ғылымдар» сериясы, №2 (74) 2021 ж. 
86 
белгілі қоғам қайраткерлері Ж.Əмірханова, О.Асангазиева, ғалымдар Ү.Сұбханбердина, С.Ұзақбаева, 
З.Жəкішева, көрнекті ақындар Ə.Беркенова, А.Бақтыгереева, белгілі əдебиет сыншысы Ə.Бөпежанова, 
əншілер М.Ералиева, Ұ.Айнақұлова, Д.Хамзина жəне Г.Белғозиева жəне т.б. 
Қазіргі таңда ҚР Білім жəне ғылым министрлігі жанындағы Ұлттық аккредиттеу орталығы жүзеге 
асыратын рейтинг нəтижелері бойынша университет 2006 жылдан бастап педагогикалық оқу орындары 
арасында құрметті екінші орынды иеленді. Бүгінде университетте 700-ден астам жоғары білікті 
профессор-оқытушылар құрамы жұмыс істейді. 
Қазақстанда педагог кадрларды даярлау проблемасының өзектілігі жан-жақты ғылыми талдау мен 
зерттеудің мəні болып табылады. Қоғамның үдемелі дамуында педагогтың рөлі жастарды тəрбиелеп, 
үлкендердің ісін жалғастыратын, бірақ қоғам дамуының неғұрлым жоғары деңгейінде ұрпақ 
қалыптастырғандықтан маңызды. Сондықтан, белгілі бір дəрежеде педагог қоғамның болашағын, оның 
ғылымы мен мəдениетінің болашағын қалыптастырады деп айта аламыз.
Бұл жұмыс Алматы қаласындағы ҚазҰҚПУ түлектерін зерттеу негізінде еңбек нарығына шығуға 
байланысты түлектердің мінез-құлық ерекшеліктерін қарастырады. Университет жанындағы «Əлеуметтік 
жəне гендерлік зерттеулер» ҒЗИ қызметкерлері əртүрлі жылдар мен оқу нысандарының түлектеріне 
бірқатар сауалнамалар жүргізді, олардың нəтижелері бойынша еңбек қызметінің басталуымен 
байланысты негізгі мансаптық стратегияларды анықтауға əрекет жасалды. 
Мансап стратегиясы əртүрлі деңгейдегі жəне мағыналардағы көптеген факторлардың əсерімен 
қалыптасады. Ықтимал стратегиялардың жиынтығы белгілі бір қоғам мен аймақтың нақты əлеуметтік-
экономикалық жағдайымен, адамның тікелей əлеуметтік ортасымен жəне оның жеке қасиеттері мен 
артықшылықтарымен анықталады. ҚазҰҚПУ-нің мысалында түлектердің мансаптық өсуіне əсер ететін 
факторларды анықтау үшін біз олардың географиялық орналасқан жерлерін анықтап алуды жөн көрдік. 
Зерттеу барысында университет түлектерінің мансаптық стратегияларына талдау жүргізілді.
Зерттеудің мақсаты университет түлектерінің жұмысқа орналасуы, мансап бойынша мəртебеге 
көтерілуі, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруы жайлы мəліметтер арқылы əлеуметтік келбетті анықтау, 
бітірушілердің қоғамға қосқан үлесін айқындау, аталған оқу орны туралы жалпы көзқарастары мен 
ұсыныстарын білу. Негізгі мақсатты топ ҚазҰҚПУ-нің түлектері [3, 5 б.]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет