Абай ауданының 2008 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы
әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы.
Абай ауданы 1928 жылы құрылған, территориясы 20,09 мың шаршы шақырым. Халқы 15,8 мың адам. Аудан орталығы Қарауыл ауылынан облыс орталығы Өскемен қаласының ара қашықтығы – 402 км, Семей қаласымен ара қашықтығы-182 км.
1. ӨНЕРКӘСІП
2008 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында өндіріс орындары қазіргі бағамен 30007 мың тенгенің тауарлық өнімдерін өндірген, бұл былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 84,8 пайызды құрайды. Былтырғы жылы осы мерзімде аудан көлемінде 34841 мың теңгенің тауарлық өнімі өндірілген болатын.
«ВК РЭК» АҚ Семей филиалы 16049 мың теңгенің өнімін өндірген, бұл былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 177,4 пайыз құрайды, былтыр 9006 мың теңгенің өнімі өндірілген.
«Қазақалтын» Тау-Кен-Концерны Жанан кен орнында жұмыстарын тоқтатуына байланысты көрсеткіші күрт төмендеп отыр.
Қосалқы кәсіпорындар жыл бойы 13047 мың теңгенің өнімін өндірген, былтырғы жылмен салыстырғанда өнім көлемі 58,4 пайызға кеміген. Былтырғы жылы 22068 мың теңгенің өнімі өндірілді. Өндірілген өнімнің азайу себебі биыл жұмыс істеп тұрған қосалқы кәсіпорындардың санының азайуы.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Ауданның негізгі саласы ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы. Аудан бойынша 2008 жылдың қорытындысы бойынша ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен 590 шаруа қожалығы және 4034 жеке меншік қосалқы шаруашылық айналысуда. Өндірілген мал өнімдерінің көлемі: ет – 10499,6 тонна (былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 110%), сүт – 18941,2 тонна (былтырғы жылмен 105%), жұмыртқа – 933 мың 969 дана (101%), жүн өндіру – 454,4 тонна (былтырғы жылмен 107,4%) .
Ауылшаруашылық құрылымдарында мал шаруашылығы өнімдерінің өскені байқалады. Мал басының өсуіне байланысты мал өнімдерін өндіру өсті. Қой, ешкі малы 262762 бас болды немесе былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 108,1% өсті, мүйізді ірі қара 37712 бас немесе 104,6%, жылқы 14172 бас немесе 109,6 % өсті.
Ауданда қой малының тұқымын асылдандыру жұмысымен 20 шаруашылық: «Қасқабұлақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Мағжан», «Ұлан», «Дәурен», «Жанабай», «Қарашоқы», «Айтуған» «Қабанбай», «Нұрсұлтан» және биылғы жылдан «Би ата», «Сертек», «Әйгерім», «Жанат», «Серік», «Қашым» шаруа қожалықтары айналысып келеді. Бұлардың иелігінде 30776 бас қазақтың қылшық жүнді асыл тұқымды қой малы өсіріледі. Осы малдардың 14982 басы элита класына, 12408 басы І класқа жатқызылды. Сондай-ақ, 2007 жылы «Ильяс и К» 2008 жылы маусым айында “Би ата” және “Құрмет”, «Айдос» шаруа қожалықтары жылқы малын асылдандыру бағытында ашылды. Осы асыл тұқымды 4 шаруа қожалықтарының иелігінде 661 бас асыл тұқымды қазақтың жабы тұқымды жылқы малы өсіріледі. Осы малдардың 235 басы элита класына, 259 басы І- класқа жаққызылады. Оларға бөлінген субсидия 50550,0 мың теңге. Болашақта МІҚ малдарын асылдандыру жоспарлануда. «Шалипан», «Олжас» шаруа қожалығы 400 бас мал бордақылап сатуда. Бөлінген субсидия 6 млн 824 мың теңге.
Ауылдық округтерде қолдан ұрықтандыру пункттерін ашу мақсатында ауылдардан арнайы ғимараттар бөлініп, күрделі жөндеуден өтті. Бүгінгі таңда 5-ауылдық округтерінде Қарауыл, Саржал, Архат, Медеу, Көкбай ауылдарында мал бордақылау алаңы жұмыс жасайды. Мүйізді ірі қараны қолдан ұрықтандыратын 5 пункт бар. Биылғы жылы қосымша тағы 4 пункт ашылады. Аудан бойынша: «Қасқабұлақ» ЖШС-гі негізінде машина-трактор жөндеу шеберханасы жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта шаруа қожалықтарымен, ауыл тұрғындарымен келісім шартқа отырып, тапсырыс бойынша қызмет көрсетуде. Қарауыл ауылында да машина-трактор жөндеу шеберханасы МТС «Дерикар» ЖШС-гі негізінде ашылып, халыққа қызмет жасауда. Сондай-ақ, ауылдық округтерде жеке кәсіпкерлердің халыққа техникалық қызмет көрсету орындары жұмыс істейді. Олар халыққа аппаратура жөндеу, сваркалық жұмыс, токарлық жұмыс, шөп дайындап тасымалдау жұмыстары, қысқы отынмен қамтамасыз ету, т.б. қызмет түрлерін көрсетуде.
«Қарғалы» шаруа қожалығы негізінде жұмыс істеп отырған қымыз цехы күніне 250 литр жоғары сапалы қымыз өндіріп, аудан көлемінде, Семей қаласының дүкендерінде литрі 120 теңгеден саудалануда.
2006 жылдан бастап «Шыңғыстау несие» серіктестігі 31 шаруа қожалығы негізінде жарғылық қоры 13 337 000 теңге болып құрылып, әділет басқармасына тіркелген. 2006 жылы “Ауыл шаруашылығын қаржылай қорғау” АҚ арқылы ауданның 55 тұрғындарына 6,5 млн. теңге несие берілсе, 2007 жылы несие көлемі көбейіп, 65 адамға 10790,0 мың теңге несие берілді. Ағымдағы жылы жарғылық қоры 20000,0 мың теңгеге үлғайып, қайта тіркеуден өтті. Құрылтайшылар саны – 34, оның ішінде 2 заңды тұлға және 32 шаруа қожалығы кіріп отыр. Қазіргі уақытта 73348,0 мың теңгенің несие желісі ашылды. «Аграрлық несие корпарациясы» АҚ-нан мал өсіру мақсатында қосымша 20000,0 мың теңгенің несиесін алу үшін құжаттар дайындалу үстінде. Несиелік серіктестік 2009 жылы 1 – категорияға өтуді жоспарлап отыр.
Аудан көлемінде ауылшаруашылығы өнімдерін жәрменкелеу мақсатында КазагроМаркетинг А.Қ арқылы 72 шаршы жерді алатын 17 секциялы 1200,0 мың теңгенің павилион палаткалары алынды.
Ауылшаруашылық өнімдерінің бағаларын тұрақты ұстау мақсатында Өскемен қаласындағы Жәрдем базарына ауылшаруашылық өнімдерінің жәрменкесіне, Семей қаласындағы Турист алаңындағы ұйымдастырылған жәрмеңкелерге ауданымыздың шаруа қожалықтары үнемі қатысып отырады. Биыл Семей қаласы әкімімен қала тұрғындарын арзан бағалы етпен қамтамасыз ету үшін Мереке базарына 300 тонна ірі қара етіне, 400 тонна қой етіне келісім-шарттқа отырып , күнделікті етпен қамтамасыз етіп отыр.
Малдың басы
Достарыңызбен бөлісу: |